Қоқыс шығару кезінде көлік бүлінді: иесіне 1 млн теңгеге жуық өтемақы төленеді
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Батыс Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, қатты тұрмыстық қалдықтарды тиеу кезінде контейнерден аққан ластаушы зат талапкердің көлігіне төгілген. Соның салдарынан автокөліктің лак-бояу жабыны бүлінген.
Сараптама қорытындысы бойынша көлікті жөндеуге 951 371 теңге қажет болған.
Алғашында Орал қаласының №2 соты талап арызды ішінара қанағаттандырып, залалдың толық сомасын қоқыс шығарған "Орал Таза Сервис" ЖШС-нен өндірген. Ал контейнер иесіне қатысты талапты қанағаттандырудан бас тартқан.
Сонымен қатар өкілдер мен мамандардың қызметіне, сондай-ақ сот сараптамасын жүргізуге жұмсалған шығындар да өндірілген.
Алайда серіктестік өкілі бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы залал мөлшерін өзгеріссіз қалдырғанымен, оны өтеуге міндетті тұлғалар дұрыс анықталмаған деген қорытындыға келді.
Апелляциялық сот залал екі тараптың әрекетінен келтірілгенін анықтады. Контейнер иесі қалдықтарды сақтау кезінде заңнама мен шарт талаптарын сақтамаған. Ал қоқыс шығарған компания жұмысты қауіпсіз жүргізбей, басқа адамдардың мүлкіне зиян келтірмеу үшін тиісті шаралар қабылдамаған.
Нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, 951 371 теңге көлеміндегі залалды "Орал Таза Сервис" ЖШС мен контейнер иесінен ортақ жауапкершілік тәртібімен өндіру туралы шешім шығарылды.
Бұдан бөлек, жауапкерлерден өкілдің қызметіне жұмсалған 95 137 теңге және 9 514 теңге мемлекеттік баж өндірілді. Сот шешімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.
Бұған дейін Қостанай тұрғыны ерніне жасалған сәтсіз пластикалық рәсімге байланысты сотқа жүгінген еді. Істі қарау барысында косметологтың тиісті бейіндік білімі мен медициналық қызмет көрсетуге арналған лицензиясы болмағаны анықталды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:59
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Тамыз 2026 10:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















