Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қорғас және Алашанькоу шекаралық тораптарын жаңғырту бойынша келісімдер жасалды

Қорғас және Алашанькоу шекаралық тораптарын жаңғырту бойынша келісімдер жасалды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Кездесу барысында ШҰАА Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастарда маңызды рөл атқаратыны айтылды. Бұл өңір екі ел арасындағы негізгі құрлықтық көпір саналады және өзара сауданың айтарлықтай бөлігін қамтамасыз етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы шамамен 18,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Қытай тарапынан ШҰАА-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі қарқыны туралы ақпарат беріліп, өңірдің тұрақты өсуі, сыртқы экономикалық байланыстарының кеңеюі және инфрақұрылымның жаңартылуы атап өтілді. Сонымен қатар, ШҰАА Қазақстанмен шекаралық ынтымақтастық пен транзиттік торап ретіндегі рөлін күшейтіп келе жатқаны айтылды.

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Басқосуда көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Тараптар өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру, теміржол бағыттарын жаңғырту және инфрақұрылымдық жобаларды үйлестіру бойынша шараларды талқылады. «Достық–Мойынты» өткізу пунктін кеңейту, «Аягөз–Тачэн» теміржол өткелін салу, сондай-ақ «Қорғас» және «Алашанькоу» шекаралық тораптарын дамыту жобаларының маңыздылығы атап өтілді. Өткізу қабілетін арттыру және инфрақұрылымдық шектеулерді жою қажеттігі де ерекше көрсетілді.

Сонымен қатар «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын дамытуға, оның инфрақұрылымын жаңғыртуға және сауда мен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуге назар аударылды. Логистика, энергетика, туризм және шекара маңы саудасын дамыту басым бағыттар ретінде белгіленді.

Тараптар Қазақстанның «Қытай–Еуразия» халықаралық ЭКСПО көрмесіне белсенді қатысуы туралы келісімге келді. Қазақстан бұл көрмеге құрметті қонақ ретінде қатысады. Іс-шара 2025 жылдың 25–29 маусым аралығында өтеді және өңірдегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, экспортты ілгерілетуге және Еуразия елдері арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған негізгі халықаралық алаңдардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ Қазақстан шекара маңы өңірлерінің делегацияларының Үлкен Алтайдың екінші халықаралық конференциясына қатысуға қызығушылық танытты.

Министрдің айтуынша, Шыңжаң өңірі шекаралық және транзиттік өзара іс-қимыл жүйесіндегі негізгі буын саналады. Өңір арқылы тауар ағындарының басым бөлігі өтеді, бұл оны сауда, логистика және өнеркәсіптік кооперацияны дамытудағы Қазақстанның маңызды әріптесіне айналдырады.

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Арман Шаққалиев Қытай тарапын Қазақстанда биылғы жылы өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумы мен Шекара маңы өңірлерінің достық диалогына қатысуға шақырды.

Кездесуде сауданы әртараптандыру, оның ішінде жоғары қосылған құны бар өнімдердің үлесін арттыру, агроөнеркәсіптік экспортты дамыту және бірлескен өндірістерді іске қосу мәселелері де талқыланды. Тараптар ынтымақтастықты инфрақұрылымдық, инвестициялық және өнеркәсіптік жобаларды қоса алғанда, одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растады.

Министр ШҰАА-мен өзара іс-қимылды дамыту Қазақстанның тұрақты сауда бағыттарын қалыптастыру және елдің Қытай, Орталық Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайту стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

Бұдан бұрын қытайлық блогер Тао Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталғанын хабарладық. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Сәуір 2026 18:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары