Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

QOSTANAI TECH фестивалі: болашаққа нық қадам

QOSTANAI TECH фестивалі: болашаққа нық қадам

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фестивальды Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ашты. Салтанатты рәсім барысында облыс әкімі цифрландыру мен жасанды интеллект барлық саланың дамуының негізіне айналып жатқанын атап өтті.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өң­деуші өнеркәсіпте автоматтандыру мен роботтандыру белсенді енгізілуде, ал IT шешімдерді қолданатын кәсіпорындар саны артып келеді. Аграрлық секторда цифрлық технологиялар шығындарды азайтып, өнімділікті арттырады, ал меди­цинада диагноз қою дәлдігін жақсартады.

– Өңірдегі кәсіпорындарда 145 өнер­кәсіптік робот жұмыс істейді. Бүгінде егіс­тік жерлердің 100%-ы, жайылымдардың 90%-ы және шабындықтардың 95%-ы цифрландырылған. Бұл тұқым, тыңайтқыш және өсімдіктерді қорғау құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік берді. Біздің міндеті­міз – технологиялық өзгерістерге бейімделген жаңа буын мамандарын даяр­лау. Мұны мектептен бастау керек, – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ әкім былтыр өңірдегі барлық 440 мектепке жоғары жылдамдықты ин­тернет қосылғанын атап өтті.

Фестиваль аясында TED форматындағы баяндамалар өтті. Спикерлер қатарында KIA QAZAQSTAN бас директоры Де Ки Ким, Freedom Cloud CEO-сы Темірлан Зина­ла­бдин және БҰҰ Бас хатшысының климат өзгерісі жөніндегі кеңесшісі, 2007 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Раеквон Чанг болды. Қатысушылар жасанды интеллект, цифрлық экономика және білім саласындағы жаңа сын-қатерлерді талқылады.

Қонақтар үшін өндіріс орындарына экскурсиялар ұйымдастырылды. Мысалы, Allur автомобиль зауытында дәнекерлеу аймағы, құрастыру желісі, пластик бояу цехы және оқу аймағы көрсетілді. Бұл жерде бірнеше жылдан бері жаңа қызмет­керлер мен студенттерді оқытуға көмекте­сетін робот қолданылып келеді.

– Бұл өндірістік үдерістерге тез бейім­делуге және кадр даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деді Allur ком­пания­сының инженері Жасұлан Акимкереев.

Фестиваль тек ғимарат ішінде ғана емес, сыртта да жалғасты. Облыстық фил­армония алдында таланттар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жас музыканттар өнер көрсетіп, суретшілер келушілерге аквагрим жасап, техникалық шығармашылық мектептерінің оқушылары өз жобаларын таныстырды. Қонақтарға ғылыми шоулар, сұйық азотпен тәжірибелер және Тесла эффектілерінің көрсетілімдері ұсынылды. Фестиваль аясында өңірдің жетекші өндірушілерінің техника көрмесін және жаңа буындағы ауыл шаруашылығы дронын тамашалауға мүмкіндік болды. Сонымен қатар қызығушыларды жаңа технол­гиялармен сала мамандары таныстырып, олардың ерекшелігі туралы әңгімелеп берді. 

AgroEmpire компаниясының сервистік инженері Данил Митенов қазір мұндай құрылғылар өңірдің аграрлық саласында тиімді қолданыла бастағанын айтты. Оның айтуынша, агросалада адам еңбегін көп қажет етпейтін дрондардың артықшылығы көп.

– Бұл – ұшатын бүріккіш. 100 литрлік багы және 15 метрге дейін қамту мүмкіндігі бар заманауи модель. Бір ауысымда жүздеген гектар жерді өңдей алады, егістікке зиян келтірмейді және адам еңбегін аз қажет етеді, – деді маман.

Оның айтуынша, дронмен жұмыс істеу үшін бір оператор мен көмекші жеткілікті, ал болашақта оны бір адам да басқара алады. Мұндай технологиялар әлемнің басқа елдерінде кеңінен қолданылып, Қазақстанда да енгізіліп жатыр.

Ал «Жастар сарайының» ішінде атмос­фера тіптен бөлек десек болады. Сарай іші интерьер футуристік стильде безендірілген. Қабырғалар микросхемаларға ұқсайды, ал LED-экрандар тек қабырғаларда ғана емес, еденде де орналасып, кеңістікті интерактивті цифрлық ортаға айналдырған. Мұнда жергілікті кәсіпорындармен қатар Астана мен Алматыдан келген компания­лардың ондаған стенді қойылыпты және әрқайсысы өздерінің болашаққа деген айрықша көз­қара­сын ұсыныпты.

Ең танымал экспонаттардың қатарында Жорик роботы мен Гоша робот-иті болды. Алматыдағы XBOT компаниясының өкілі Андрей Макс мұндай әзірлемелер тек көңіл көтеру үшін ғана емес екенін айтты.

– Негізінде бұл – қолы мен аяғы бар компьютер. Оның мүмкіндігі тек қиялмен шектеледі. Бүгін ол промоутер немесе гид бола алады, ал ертең қауіпсіздікке немесе балаларға күтім жасауға көмектесуі мүмкін, – деді маман.

Ерекше қызығушылық тудырған бағыт­тардың бірі – дрон-сокер. Бұл Қа­зақстанда енді дамып келе жатқан жаңа спорт түрі. Астанадан келген қауымдастық өкілі Роман Ивановтың айтуынша, елде қазірдің өзінде мұндай шамамен 50 команда бар.

– Бұл – командалық ойын. Бес адам дрондарды басқарады, мақсат – қарсыластан көп гол соғу. Таймдар қысқа, бірақ өте қар­қынды, – деді ол.

Роман Иванов небәрі 17 жаста, бірақ бұл спортпен 4 жылдан бері айналысып жүр. Қазір ол командасымен бірге 1 маусымда Астанада өтетін халықаралық Drone Soccer жарысына дайындалуда. Оған 10 елден спортшылар қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар Qostanai Hub алаңында студенттер нақты уақыт режимінде цифрлық жобалар әзірледі. Бірнеше сағат ішінде олар жасанды интеллект элементтері бар қосымшалардың прототиптерін жасады.

Командалардың бірі талапкерлерге арналған цифрлық көмекші идеясын ұсынды – ол ЖОО, іс-шаралар мен жаңалық­тар туралы ақпаратты талдап, білім беру ортасында бағдар беретін мобильді қосымша.

– Бізде макет жасауға бірнеше сағат қана бар, бірақ оның қалай жұмыс істейтінін қазірдің өзінде көруге болады, – деді қатысушылар.

QOSTANAI TECH фестивалі келу­шілерге цифрлық технологияларды жақын­нан танып-білуге, ал мамандарға тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Ұйымдастыру­шылар жастарды IT мен инженерлік сала­ларға қызықтыруды және ғылымға деген ынтасын арттыруды мақсат еткенін айтты. Сонымен қатар фес­тиваль цифрлық бола­шақ – қиял емес, Қостанай өңірі мен бүкіл Қазақстан өмір сүріп жатқан шынайы­лық екенін көрсетті.

Фестиваль аясында қонақтар түрлі лекция тыңдап, шеберлік сабақтарына қатысты, көрмелер мен концерттік бағдар­ламаларды тамашалады. Фестиваль қазақ­стандық әнші Баянсұлудың өнерімен түйінделді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 06:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары