Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

Жасанды интеллект және болашаққа қадам

Жасанды интеллект және болашаққа қадам

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

«Impact-driven universities: Education, Leadership and Societal Change» тақырыбында өткен IAUP Central Asia Regional Conference конференциясын Almaty Management University (AlmaU) Ха­лықаралық университеттер пре­зиденттері қауымдастығымен (IAUP) бірлесіп ұйымдастырды. Конференция Ғылым және жоғары білім министрлігінің, The Phoenix Philanthropy Group, British Council, QS Quacquarelli Symonds, Principles for Responsible Management Education (PRME) ұйымының Еуразиялық бөлімшесі және Алматы қаласының Туризм бюросының қолдауымен өтті.

Алқалы жиында IAUP прези­ден­ті әрі Sias University негі­зін қа­лаушы Шон Чен сөз сөйлеп, «Ор­талық Азия – әлемде жастардың ең көп шоғырланған өңірі. Сондықтан осындай халықаралық конференциялардың аймақ үшін маңызы ерекше. Мұндай алаңдар тек пікір алмасу немесе өзекті мәсе­лелерді талқылау үшін ғана ұйым­дастырылмайды. Ең бастысы – ха­лықаралық ынтымақтастықты ны­ғайтуға, жаһандық сын-қатер­лерге бірлесіп шешім табуға және болашақ ұрпақ үшін жаңа мүм­кіндіктер қалыптастыруға жол ашады», деп атап өтті.

Конференцияға онлайн ре­жім­­де қатысқан Ғылым және жо­ға­ры білім министрі Саясат Нұр­бек еліміздің жоғары білім сала­­сындағы халықаралық ынты­мақ­тастық жүйелі түрде дамып келе жатқанын айтты. «Соңғы жыл­дары маңызды заңнамалық бас­тамалар қабылданып, универ­си­теттерді қолдаудың жаңа те­ті­гі енгізілді. Оның ішінде эн­даумент-қорларды дамытуға және жеке­мен­шік жоғары оқу орын­да­ры­ның қызметін жетілдіруге бағыт­­талған жұмыстар атқары­лып отыр. Конференция акаде­миялық ұтқырлықты кеңей­туге, түлектердің еңбек нары­ғын­дағы мүмкіндіктерін арт­ты­руға, ғылыми серіктестікті да­мытуға және болашақ мамандарын даярлауға жаңа серпін бе­реді. Бұл үдерістерде жасанды интеллектінің рөлі ерекше, себе­бі ол білім беру жүйесінің транс­формациясын жеделдететін не­гіз­гі факторлардың біріне айналып отыр. AlmaU университеті жекеменшік жоғары оқу орын­дарының ірі халықаралық бас­тамаларды жүзеге асырып, елі­міз­дің білім беру экожүйесінің дамуы-на елеулі үлес қоса алатынын көрсетіп келеді», деді министр.

Бүгінде Орталық Азия универ­ситеттері енді жаһандық үрдіс­тер­ді жай ғана бақылап, соңынан еретін кезеңнен өтті. Ендігі кезекте осы үрдістерді қалыптастыруға үлес қосу аса маңызды. АlmaU негізін қалаушысы әрі президенті Асылбек Кожахметов тұрақты даму, жасанды интеллект, эко­но­микалық және әлеуметтік әсер, сондай-ақ инклюзивті даму ба­ғыттарындағы халықаралық зерттеу­лерге белсенді қатысудың маңы­зына тоқталды. Оның айтуын­ша, еліміздің төзімділікке, бейім­делгіштікке және қауымдас­тық құн­дылықтарына негізделген көшпелілер философиясынан бастау алатын білім беру тәжі­ри­бесі әлемдік академиялық қауым­дастық үшін қызықты әрі пайдалы болмақ.

«Біз өңір жастарының әлем университеттерінде еркін білім ­алуын, ал әлемнің түкпір-түк­пі­ріндегі студенттердің Орта­лық Азияға келіп оқуын қалай­мыз. Бүгінде университет­тер­дің сапасы көбіне рейтингтер мен аккредитация­лар арқылы баға­ла­нады. Мен са­­паға ұмтылу­ды қолдаймын, бірақ оны тек Гарвард­пен салыс­ты­ру арқылы өлшеуге болмайды. Үш жыл бұрын Орталық Азия ректор­­лар одағын құрып, «Tolyq Adam»бағдарламасын әзір­ледік. Бүгін­­де осы жұмыстың алғаш­қы нә­ти­жесін көріп отырмыз – The Awards Asia 2026 сый­лығы тағайын­далды. Бұл Орта­лық Азия университеттерінің өз­дерінің табысты бастамаларын­ қалып­тас­ты­ра алатынын көрсетеді. IAUP Central Asia 2026 конференциясы еліміздің халықаралық беделін нығайтуға, академиялық байланыстарды дамытуға, білім беру саласына жаңа серіктестіктер мен инвестициялар тартуға, сондай-ақ Қазақстанның ғылым, білім және инновациялардың өңір­лік орталығы ретіндегі тар­тымдылығын арттыруға ықпал етеді», деді А.Қожахметов.

Конференцияда геосаясат және геоэкономика саласының стратегы, John von Neumann University Қамқоршылық кеңесінің төраға­сы Норберт Чизмадиа универ­си­теттердің зияткерлік капитал­ды қалыптастырудағы және халық­ара­лық ынтымақтастықты да­мытудағы рөлінің артып­ келе жат­­қанын жеткізді. Оның пікі­рін­­ше, университеттер – қалалар мен мем­лекеттер дамуының басты қозғаушы күші.

British Council-мен серіктес­тік­те ұйымдастырылған «Халық­­аралық стандарттар және нәти­жеге бағдарланған университет­тердің болашағы» пленарлық сес­сия­сын IAUP басқарма төра­ғасы әрі CETYS University (Мексика) президенті Фернандо Леон-Гарсия жүргізді. Сессияда Ғылым және жоғары білім министр­лігі Жоғары білімді да­мы­ту­дың ұлттық орта­лығының дирек­торы Әлібек Мәді­беков жаһандық стандарттар барлық елде бірдей тиімді бола бер­мей­тініне тоқталды. Сарапшының пікірінше, оларды ұлттық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып бейімдеу маңызды. Контексті ескеру стандарттардың өзектілігі мен тиімділігін арттырып, мемлекеттер мен өңірлердің бірлесіп дамуына және тұрақты өсіміне мүмкіндік береді. Ал Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры Самғат Ермекбаевтың пікірінше, елімізде білім алуға ниет білдіретін шетелдік студенттердің саны айтарлықтай артып келеді, алайда қолда бар ресурстар бұл сұранысты толық қамтамасыз ету­ге әрдайым жеткілікті бола бермейді. Өтініштердің көбеюі­не халықаралық білім беру бағ­дарламалары мен қос диплом жо­баларының дамуы ықпал етті. Сонымен қатар дарынды жас­тардың өз елінде сапалы білім алып, кәсіби әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау маңызды міндеттің бірі. Бұл үшін білім беру инфрақұрылымын кеңейтіп, уни­верситеттердің академиялық әлеуетін нығайту қажет.

Ұлыбритания Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігінің (QAA) жөніндегі атқарушы ди­ректоры Роб Страудтың пікірін­ше, ең жоғары импактке қол жеткізу үшін стандарттарды үне­мі жетілдіріп, жаңартып отыру қажет. Контекстуализация аса ма­ңызды, себебі әр елдің өз ерек­шелігі, құндылықтары және қоғамдық сұраныстары бар.

Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дауленов «Қоғамдық импактіні өлшеу өте күрделі, себебі оның әсері уақыт өте келе көрініс береді» дейді. Өйткені ол жарияланымдар саны мен формалды көрсеткіштер арқылы өлшенбейді. Ықпалдың басты көрсеткіші тек сандық метри­­калар емес, қоғам мен әлем­ге нақты пайда әкелетін түлектер. Десе де рейтинг пен көрсеткішке ғана назар аударып, қоғамға тигі­зетін нақты әсерін екінші орынға қоятын университеттер де бар.

Кәсіпкерлік білім беру сала­сын­дағы жетекші университет – Babson College деканы Амир Реза «Студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын шектемей, оларға болашақты қалыптастыруға қа­жет­ті дағдылар мен құралдарды беруге ұмтыламыз. Басты мақсат – стартап құруды үйрету емес, жастардың жаңа мүмкіндіктер жасап, әлемді өзгерте алатын ойлау қабілетін дамыту», деп атап өтті. Ал Kusto Group компаниясының негізін қалаушы Еркін Тәтішевтің пікірінше, бүгінде Орталық Азиядағы көптеген студент ересек өмірдің нақты талабы мен сын-қатеріне толық дайын емес.

QS Quacquarelli Symonds ұйымымен серіктестікте өткен «Жоғары білім және орнықты даму: әлемге қажетті университеттер» сессиясында QS Impact жобаларының жетекшісі Зоя Зайцева Қазақстан студенттерді жасанды интеллект технология­ларымен жұмыс істеуге даярлау деңгейі бойынша жоғары көрсеткіштерге ие екендігін атап өтсе, Global Education Futures негізін қалаушы әрі директоры Павел Лукшаның пікірінше, университеттің басты миссиясы – студентке әлемнің тұтас бейнесін көруге, құбылыстардың өзара байланысын түсінуге және өз орнын табуға көмектесу.

Іс-шарада ҰКП «Атамекен» басқарма төрағасының орынбасары Жеңіс Тайшытаев, Team University бас директоры Хикмат Абдурахманов, Future Readiness Forum және Xponential Group ұйымдарының президенті әрі бас атқарушы директоры Тарик Курейши, Sunway University президенті әрі вице-канцлері Сибрандес Поппема, Алматыдағы ЮНЕСКО өңірлік кеңсесінің білім беру жөніндегі ұлттық маманы Мейіргүл Алпысбаева, Ор­талық Азия университетінің ха­лықаралық қатынастар кафе­драсының меңгерушісі Сарвар­бек Рахматиллаев және т.б. сарапшылар өз пікірлерін бөлісті.

АЛМАТЫ 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:46
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 08:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

07 Шілде 2026 16:09see117

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

07 Шілде 2026 12:41see117

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

07 Шілде 2026 10:12see116

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

07 Шілде 2026 17:20see115

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

07 Шілде 2026 16:00see115

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

07 Шілде 2026 20:02see115

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

08 Шілде 2026 11:49see115

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

07 Шілде 2026 14:41see114

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

07 Шілде 2026 09:55see114

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

07 Шілде 2026 16:02see114

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

08 Шілде 2026 12:23see114

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

07 Шілде 2026 12:56see114

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

07 Шілде 2026 14:45see113

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

07 Шілде 2026 15:05see113

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

07 Шілде 2026 12:49see113

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

08 Шілде 2026 07:50see113

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

07 Шілде 2026 14:24see112

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

07 Шілде 2026 18:22see112

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

08 Шілде 2026 15:30see111

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

08 Шілде 2026 14:37see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары