Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Жасанды интеллект, әдебиет және біз...

Жасанды интеллект, әдебиет және біз...

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Адамзат баласы жаралғалы бері өмір де, сол өмірдің өзін ақ қағазға кестелеуі тиіс сөз өнері де бір орында іркіліп, бірер сәтке де дамылдаған емес. Әдебиет арқырап аққан өзен сынды замана туғызған танымды өз иіріміне тартып, тың көзқарас пен жаңа түсініктер туғызып, көлденең кедергіні бұзып-жарып жөңкіліп келеді. Бұл ағынды жасанды интеллект бөгемей ме?

Қазір ғаламның білігі мен білімі ЖИ-ға қотарылып, сезім­нің орнын ақыл басты. Сауатты жазылған мәтін мен жаны бар жазбаның арасында шекара пайда болып, адамның миы мен жасанды жадының ұлы күресі басталды. Мұның сыр­тында қаламгерлер айлап ойла­нып, жылдап толғанып жүріп ақ қағазға қашай алмай­тын көркем әңгімені, яки өлеңді айналдырған он секундта қыздың жиған жүгіндей жазып бере қоятын «ЖИ» атты құдіретпен бәсекеге түсетін заман келді. Әңгіме мен өлеңді қойшы, әлемде поэма мен романды ЖИ-мен жазатын қаламгерлердің де төбесі қылаң беріп қалғанын естіп жатырмыз. Көзқарастардың айнасы құбылып, бұқараның адами болмыс бітімі өзгеріп жат­қанда, қаламгер жарата алма­ған көркемдікті жасанды зерде жаны бар етіп жасап, тамырына қан жүгіртсе (келешекте бұл да мүмкін ғой), оны қалың оқыр­ман жаппай тұтынар болса, көшкен керуеннің артынан үрген иттей болудың қажеті жоқ шығар. Бұл жайтқа асанқайғылық көзбен қарап, «ЖИ әдебиетті тығырыққа тірейді» деп жалаң ұран көтеруден аулақпыз. Керісінше, біздің көкейде «ЖИ тұтынатын жаңа адамдардың бөлекше тұрпатты болмысын, мың сан қатпарлы психологиясын біздің әдебиет қалай жазуы тиіс?» деген сауал тұруға тиіс.

Интернет қарқынды дамып, қоғамның барлық саласына ЖИ тұмсығын тығып үлгерген дәуірде кейіпкерлердің образы да күрделене түсуі заңды құбылыс. Уақыт өткен сайын ЖИ адамның қуанышы мен қайғысын баяғы қалыптан айырады. Оны Жақсыбек Ешімқұлов атты жас қаламгердің «Өлім. Код. Өмір» атты әңгімесін оқығанда анық сезіндік. Жас қаламгердің жазу мәнеріндегі жаңашылдығын шетке ысырып қойып, тіке сюжетіне назар аударыңызшы.

Жалғызілікті ананың Әмір атты баласы шетінеп, адамы көп қалада бір өзі қалады. Өмірдегі үміт жібін жалғыз ұлдың келеше­гіне байлаған Толқын атты келін­шек күйзелістің теңізіне батып, депрессияға түседі. Шетінеп кеткен перзентінің суреттері мен видеоларын қарай-қарай көзі талып, құрбысының кеңесімен жасанды интеллект арқылы сағым бала жасайды. ЖИ перзентінің суреттері мен бейнежазбаларына жан бітіріп, онысы адамша сөйлеп, виртуалды әлемде дербес өмір сүреді. Жарым көңіл сорлы ана күнделікті компьютердің алдында отырып алып, сол виртуалды Әмірге мұңын шағады, сырын ақтарады.

Рас, кез келген адамның өмі­рінде түрлі қайғылы қаза болады ғой. Жақынымыз дүние салса, оның суреттері мен бейнежазба­ларын әлсін-әлсін қарап, іштегі шер мен күйікті басқымыз келетіні өтірік пе? Осыдан-ақ, замана жаратқан игіліктер бірте-бірте адамның қайғыру сезімінің өзін өзгеріске түсіре бастағанын байқауға болмай ма?

Ең азаптысы сол, жалғызілікті келіншек, ЖИ-дағы сағым ба­ласының іші пысқан соң, оған серік болар виртуалды қыз да жасайды. Сағым Әмір сол қызбен көңіл көтеріп, шынайы өмірдегі анасын ұмытады. Жасанды зердемен өшкен үміттің шырағын жақпақ болған шерлі Толқын ЖИ ішіндегі виртуалды перзентін қызғанып, ақырында Әмірдің сағым ғашығының көзін жойды.

Шағын ғана әңгімедегі келін­шектің аянышты халі кімнің болмасын жанын түршіктіреді. Виртуалды әлемге қуанышы мен қайғысын «жасырған» жалғы­зілікті адамы көп қоғамда өмір сүріп жатқандықтан да болар бүгінгі нақты заманды суреттеген, қазіргі адамдардың ішіндегі мұң-зарды бейнелеген, оны жас­тардың ойлау қабілетіне үйлес­тіре жазылған шығарма­ға ерекше ықыласымыз ауып отыр.

Бұл шығарма қазақ әдебие­тінде әлі де қозғала қоймаған та­қы­рыпты қаузауымен де құнды кө­рінді. Әңгіме тақырыбының сәт­сіз қойылғаны, виртуалды әлем­­ логикасының ашыла қой­­мағаны, басты кейіпкер Толқын­ның күйзелісінің тереңі­рек суреттелмегені, шығармадағы стильдік және граматикалық қате­лік­тердің аз еместігі секілді кемші­лік­терді есепке алмасақ, жұба­ныш пен қасіреттің, үміт пен өкі­ніш­­тің пішінінің өзгергенін ұқтыр­­ғаны үшін авторға ризамыз. Осылай ЖИ дамыған заман­дағы ана мен баланың арасын­дағы ерік­сіз вир­туалды байланыс жанымыз­ды жабырқатып қана қоймай, адам­дардың қай­ғы­мен күресуі де бұрын­ғыға ұқсамайтынын мойындатты.

Әңгімені оқығаннан кейін бірнеше күн ауыр ойдың жете­гінде жүрдік. Заман технология­сы өзгерген сайын бұрынғы қал­пымызды сақтап тұра алмай­ды екенбіз. Жаңа заман жаңа адамдарды дүниеге әкеліп, уақыт өткен сайын олардың психологиясы да цифрлы технологиялар сынды күрделене түседі-міс. Осыдан бірнеше жыл бұрын жазушы-жур­налист Сәкен Сыбанбайдың «Ғалам­тордағы махаббат» атты әңгі­месін оқығанда интернетпен сөйлесіп жүріп, адам секілді әңгіме­лесуден қалған Z ұрпақтың қасіретін жазбай танып едік. Сол кезде де әдебиеттің басты міндеті адамның ішіне үңіліп, шынайы өмірді жазу екенін іштей түйсінгенбіз. Біз сөз етіп отырған Жақсыбек Ешімқұловтың «Өлім. Код. Өмір» атты әңгімесі болашақта дүниеге келетін көркем туындылардың қалыбының да бас­қаша боларын һәм ақын-жазушы да ЖИ тұтынатын оқырманның талғамына сай түлеуге тиістігін аңғартты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 10:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see143

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see140

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see138

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see137

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see134

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see132

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see131

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see131

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see125

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see124

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see120

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see120

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see119

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see119

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see116

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see114

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see110

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары