Қостанай облысында бөгеттер нығайтылады
24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қостанай облысында 17 гидротехникалық құрылыс алаңдатарлық күйде.
Инженерлік зерттеу жүргізген арнайы комиссия осындай қорытынды жасады. Талапқа сай келмейтін бөгеттердің басым бөлігі Науырзым мен Қарасу ауданында орналасқан. Сонымен бірге ұзақ жыл бойы жөндеу көрмеген Жоғарғы Тобыл, Сергеев және Амангелді су қоймаларының жай-күйі мәз емес. Былтырғы тасқыннан кейін өңірдегі 24 гидротехникалық нысан жарамсыз деп танылған. Соның 7-уі жөнделіп, қалпына келтірілді. Одан бөлек сыр беруі мүмкін деген 12 бөгет нығыздалып дұрысталды.
Бағлан Сабыров, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:
- Облыстық гидротехникалық қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларға 1 млрд теңгедей қаржы бөлінді. Жангелдин ауданындағы Тентексай, Саға, Тәуіш, Көлқамыс және Шеген ауылындағы жағалау нығайту жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 153,3 млн тенге бөлінді. Шеген ауылынан басқа барлық ауылдарда жұмыс аяқталды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:66
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 14:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















