Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Апат 16 маусым күні күндіз болған. Полицейлердің қызметтік көлігі таксимен соқтығысып, бүйірімен аударылып қалған. Полиция департаментінің мәліметінше, автозакта тергеу изоляторында отырған бес адам болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Баймағамбетов көшесімен келе жатқан Jac маркалы қызметтік көлік жарқылдауық шамдарын қосып, қиылыстан өту кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен, Гоголь көшесімен бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Тараздағы даулы видео: полиция басшысы қызметінен кетуі мүмкін
Жол апатынан кейін бес адам тексеру үшін қалалық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді. Зардап шеккен екі полиция қызметкері әлі де дәрігерлердің бақылауында.
Ал «Яндекс Такси» жүргізушісі жол апатынан зардап шеккен жоқ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Маусым 2026 19:59 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















