Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қостанайлық ашық люк үшін әкімдіктен 300 мың теңгеге жуық өндіріп алды

Қостанайлық ашық люк үшін әкімдіктен 300 мың теңгеге жуық өндіріп алды

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қостанай тұрғыны ашық жатқан люкке түсіп, көлігін зақымдап алды. Ол "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінен" шығынды өндіріп алды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Не болды?

Қостанай қалалық сотының мәліметінше, былтыр қазанда азамат Ш. Chevrolet маркалы автокөлігімен келе жатып, жол үстіндегі ашық тұрған тексеру құдығына түсіп кеткен. Салдарынан көлік механикалық зақым алған.

Осы оқиғадан кейін ол "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі үстінен жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы талап арыз түсірген.

Сот қандай шешім шығарды?

Сот істі қарап, жауапкердің бұған дейін де осындай заңбұзушылық үшін жауапқа тартылғанын анықтады.

"Жауапкер көлік құралының зақымдануына әкеп соққан жол-көлік оқиғасына себеп болған тексеру құдықтарды күтіп-ұстау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - деп атап өтті сот өкілдері.

Жауапкер өкілі талап арызбен келіспей, нысанда құрылыс жұмыстары әлі аяқталмағанын алға тартты. Сондықтан жұмыс қауіпсіздігіне мердігер мекеме жауапты болуы тиіс деп мәлімдеді.

"Сот тексеру құдықтың жауапкердің жауапты пайдалануында болғанын анықтап, оның кінәсін жоққа шығаратын дәлелдер ұсынылмағанын ескерді", - деп хабарлады сот.

Сот Chevrolet жүргізушісінің пайдасына шешім шығарды. Жауапкерден 205 400 теңге материалдық шығын және 85 000 теңге бағалау шығыны өндірілді.

Бұған дейін Астанада да осындай жағдай болып, жолдағы люк қақпағы көлікті зақымдаған болатын.

Адвокат Абзал Қасымжанов мұндай жағдайда жүргізушілер не істеуі керек және жолдағы люкке кім жауапты екенін қалай анықтауға болатыны туралы нұсқаулық берді.

Люк иесін қалай табуға болады?

Алдымен нақты люк пен инженерлік желі кімге тиесілі екенін анықтау қажет. Ол міндетті түрде әкімдік немесе жолды күтіп ұстауға жауапты ұйым болмауы мүмкін.

Люк су құбырына, кәрізге, жылу жүйесіне, байланыс желілеріне немесе басқа да нысандарға жатуы мүмкін.

"Бірден әкімдікке немесе жолды жөндеумен айналысатын мекемеге талап арыз бермеу керек. Нақты құдық және инженерлік желі кімнің теңгерімінде екенін анықтап алу қажет", – дейді Абзал Қасымжанов.

Иені әкімдікке, қалалық инфрақұрылым басқармасына, жол мекемесіне және инженерлік желілерге қызмет көрсететін компанияларға жазбаша сауал жолдау арқылы анықтауға болады.

Егер дау сотқа жетсе, қажетті құжаттарды сот талқылауы аясында да сұратуға мүмкіндік бар.

Қандай дәлелдемелер жинау керек?

Мұндай істерде дәлелдемелер шешуші рөл атқарады. Жүргізушіде полиция материалдары мен ЖКО сызбасы болғаны жөн:

оқиға орнынан түсірілген фото және видео; бейнетіркегіш жазбасы (егер болса); куәгерлердің байланыс деректері мен түсініктемелері; люктің өзі және оның оқиғадан кейінгі күйі түсірілген суреттер; егер эвакуатор қажет болса, көлікті тасымалдау туралы құжаттар; зақымдану сипаты туралы ТҚС құжаттары; қалпына келтіру жұмыстары құнын тәуелсіз бағалау.

Сондай-ақ зақымдалған көлікті, люкті және айналаны бір кадрға сыйдырып видеоға түсіру қажет. Бұл зақымның нақты осы жерде болғанын дәлелдеуге көмектеседі.

Егер маңайда дүкендер, тұрғын үй кешендері, кеңселер немесе қалалық бейнебақылау камералары болса, жазбаларды сақтап алу үшін дереу өтініш білдірген жөн. Себебі олар белгілі бір уақыттан кейін өшірілуі мүмкін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:74
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 18:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары