Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстандық әйел аяғын сындырып алғаннан кейін әкімдіктен жарты миллион теңге өндіріп алды

Қазақстандық әйел аяғын сындырып алғаннан кейін әкімдіктен жарты миллион теңге өндіріп алды

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Петропавлда көшедегі терең шұңқырға түсіп кетіп, аяғын сындырып алған әйел қалалық әкімдіктен жарты миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Петропавлда көшедегі терең шұңқырға түсіп кетіп, аяғын сындырып алған әйел қалалық әкімдіктен жарты миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қала орталығындағы қауіп

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі істің мән-жайын айтып берді. Былтыр тамызда Петропавл тұрғыны кішкентай қызымен бірге қаланың орталық көшелерінің бірінде келе жатқан. Бір сәтте ол тротуардан шығып кетіп, денесінің оң жақ бөлігімен ақпа суға толған шұңқырға құлаған.
Оқиға Интернациональная көшесіндегі ескі ғимараттың жанында болған.


Шұңқыр қалың шөптің арасында көрінбей қалған, сонымен қатар оқиға орнында ешқандай ескерту белгілері немесе қоршаулар болмаған.

Зардап шегуші ауруханаға жүгінген, дәрігерлер табан сүйегінің ығысусыз сынуын, сондай-ақ сол жақ иық буынының капсула-байлам аппаратының созылуын анықтаған. Кейінірек сарапшылар денсаулыққа келтірілген зиянды орташа ауырлық деңгейінде деп бағалаған.

Әйел полицияға арыз жазған, бірақ қылмыс құрамы мен қылмыстық теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты материал тіркелмеген. Зардап шегуші Петропавл әкімдігінің ТҮКШ бөліміне қала орталығында мұндай қауіпті шұңқырдың пайда болуына кінәлілерді анықтауды, сондай-ақ жағдай қайталанбауы үшін учаскені қоршауды жазбаша түрде талап еткен.

Айта кетейік, оқиғадан бір ай өткен соң бөлім қызметкерлері оқиға орнына барып, шұңқырды тауып, коммуналдық қызметтер оны көмген.

Зардап шеккен әйел екі айдан астам уақыт жұмыс істей алмай, аяғы гипсте болған. 2025 жылы қазанда ол қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөліміне сотқа дейінгі шағым түсіріп, үш миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтеуін талап етті. Алайда әкімдік бұл шұңқыр үшін ешқандай жауапкершілік көтермейтінін айтып, шағымды мойындамаған.

Содан кейін әйел қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөліміне қарсы сотқа талап арыз берді.

"Талап қоюшы алған жарақатының салдарынан жұмысқа бара алмағанын, бұл оның мүліктік жағдайына әсер еткенін көрсетті. Ал оқиға кезінде қасында қызы болған, ол да терең шұңқырға түсіп кетуі мүмкін еді, осындай ойлардан талап қоюшы қатты күйзеліске түскен. Ол жарақатты жауапкердің кінәсінен алдым деп санайды, өйткені ашық шұңқыры бар жер учаскесі тротуардың жанында, қала орталығында орналасқан және жауапкер бұл жерлерге бақылау жасауы тиіс. Талап арызды толық көлемде қанағаттандыруды, 3 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіруді және іс бойынша жұмсалған барлық сот шығындарын өтеуді сұрайды", - делінген Петропавл қалалық № 2 сотының шешімінде.

Қалалық әкімдік өздерінің тиісті жауапкер емес екенін алға тартып, талап арыздан бас тартуды сұрады. ТҮКШ бөлімі шұңқыр қалалық кәсіпорындардың біріне тиесілі темірбетон тіректерді сапасыз демонтаждаудан кейін пайда болған деп сендірді. Алайда сот әйел құлаған жердің демонтаж жұмыстарына қатысы жоқ екенін және оның сипаты басқаша екенін анықтады. Нәтижесінде жауапкер мұны мойындауға мәжбүр болды.

Фото Tengrinews.kz

Қалалық әкімдік өкілдері тиісті жауапкерлер жақын маңдағы ғимараттардың иелері болуы тиіс деп дәлелдеуге тырысты, өйткені олар іргелес аумақты қадағалауы керек екен. Үшінші тұлға ретінде іске жақын маңдағы 1920 жылы салынған бес пәтерлі үйдің иелері де тартылды. Алайда олар ғимараттың апатты жағдайда екенін, көптен бері бос тұрғанын және электр желісінен ажыратылғанын түсіндірді.
Сот тіпті маман - жерге орналастырушы техниктің қатысуымен көшпелі отырыс өткізді. Ол шұңқырдың қала жерінде орналасқанын растап, дауға нүкте қойды.

Өтемақы төлеуге тура келеді!

"Сот келтірілген зиянға ТҮКШ бөлімі жауапты деген қорытындыға келді, өйткені шұңқыр (ақау) қала жерінің аумағында, тротуардың жанында орналасқан. Бұл қала орталығы, күн сайын көптеген азамат өтетін аялдаманың маңы. Жауапкер қала жерлерін қауіпсіз күйде ұстауға, абаттандыруға, тротуарларға, жаяу жүргіншілер аймақтарына және тротуарға іргелес аумақтарға жауап беруге міндетті. Сот жауапкердің ортақ пайдаланылатын жерлерді тиісінше күтіп-ұстамауынан көрінген әрекетсіздігін анықтады", - делінген сот шешімінде.

Сот қала тұрғынының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қойған талап арызын ішінара қанағаттандырып, 500 мың теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын, сондай-ақ сот шығындарын өндіру туралы шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енді. Апелляциялық инстанция оны өзгеріссіз қалдырды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Мамыр 2026 12:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары