Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Құла түздегі жалғыздық

Құла түздегі жалғыздық

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Белгілі қаламгер Дәурен Қуаттың «Мысық пен Маруся» атты шағын әңгімесі бар. Бала-шағасы қарамай тастап кеткен орыс кемпірдің аянышты тағдырын өзек еткен осы бір туынды бір кездері туған жерінен тамырын үзіп, жат өлкеге «ту тіккендердің» ішкі шерін толғайды.

«Мысық пен Марусяны» оқығанда есімізге бірден ақын Әлібек Шегебайдың «Қорада емес, қабатты үйде тұратын, Алматыда иттер неткен ба­қытты» дейтін өлеңі түсті. Итті қайдам, зәулім-зәулім хан сарайларда тұратын кей мысықтардың жағдайы үйсіз-күйсіз қаңғырып жүрген қарашадан жақсы екенін қайыра сезініп жүрек құрғыр шым ете түсті.

Дәурен Қуаттың әңгімесіне сырт көзбен қарағанда әлдебір Маруся атты қарт әжейдің мы­сығы хақындағы қарапайым хикаядай көрінеді. Алайда мәтін  астарындағы ой толқыны тулап, тау өзеніндегі дәу тастарды домалатып, жаныңызды жаншып өткенде әрі-сәрі күйге түсесіз. Әңгіменің соңғы нүктесіне деміге жетіп, суға кетіп тал қармаған жандай жағада жаурап тұрғаныңызды сезесіз. Өйткені автор жеке адамның тағдырынан сыр шерте отырып, дәл өмірдегідей етіп тұтас бір дәуірдегі қоғамдық ахуал­дың картинасын қашап шыққан.

Басты кейіпкер Маруся Агафьев­на полковник күйеуі үлде мен бүлдеге орап, бұл өмір­­де көлденең қиындық бар деп ойлатпаған, басқаны былай қойып, көрші-қолаңды да менсіне қой­маған тәкаппар – кердең әйел. Бірақ уақыт ұршығы шыр айналып, жан жары о дүниеге аттанған соң, дүние астан-кестен болып, әкесінің байлығына таласқан бала-шағасы шешені керек етпей Маруся тірі жетімге айналады.

Иә, ағайын-туыс, көрші-қолаңға сыйы жоқ жандар жал­ғыздықтың құла түзінде қалып, үй жануарын бағатыны, бұл дәс­түр қазір Батыс елдерінде қалыпты жағдайға айналғаны баршаға мәлім. Сондай-ақ отбасына да, Отанға да қажетсіз болып қалған жалғызілікті жан­дардың қоғамдық белсенділігі артып, өзінің «әлдекім» екенін дәлелдеу мақсатында  айналасын мазалап, дау-жанжал туғызу­мен күнелтетіні бар. Автор осы мінезді дәл басып, тар құрсағын кеңіткен ұл-қызына қажет болмай қалған жетім кем­пірдің мысығы жоғалғанда қоғамдық дүрбелең туғызғанын сарказммен әдемі әңгімелеген. Адамның құны жоқ қоғамда орыс кемпір­дің мысығын тауып бермекке тыраштанған шенділердің қы­лығына қарап не күлеріңді, не күрсінеріңді білмейсің. Кейінгі отыз жылдықтағы ыққа жы­ғыл­ғыш, ыңғайға көнгіш өз бей­немізді, құлдық психологиямызды айнадан қарап тұрғандай күй сый­лаған осы бір сарказмның соңы қатаң реализмге ұласқанда тұла бойың шымырлап, жаның түршігеді. Оған мысал ретінде бағзыда бай-бағлан өмір сүріп, кейін мысықпен ғана қалған Маруся кемпірдің пәтершілерін полицияға ұстатып жіберетін тұсын келтіруге болады. 

– «Біз – Маруся апайдың дачасында тұратын пәтершілерміз. Баратын жеріміз тым алыста бол­ған соң осында түнеп қалып едік.

«Е-е, әлгі екеуі екен ғой». Маруся ойын жиғанша, алдына серейген ұзын бойлы, ат жақты подполковник шеніндегі офицер тіктеліп тұра қалды:

– Рахмет, сізге, Маруся Агафьев­на. Көптен бері ізін жа­сы­рып жүрген аса қанқұйлы қарақшыларды ұстауға көмектес­ті­ңіз. Сол үшін сізге бөлімше атынан алғыс айтамын. Сергектігіңізді, батылдығыңызды ертең газетке де жазып, өзге қарттарға үлгі етеміз.

Сібірлеп атқан таңның ақ тозаңы алакеуімдеген ауладан пәтерші еркектің шырылдаған дауысы естілді:

– Ішке теппеңізші, ағай, ішке теппеңіз, әйелім ғой, жүкті еді. Ішке теппеңіз!».

Пәтер жағалаған жүкті келін­шек­тің Маруся Агафьевнаның жоғалған мысығы құрлы құны жоқтығын айтқан ауызға оңай ғой. Бұл жайында тарқата әңгі­мелер болсақ, сөз ұзарады. Сон­дықтан осы тұстан шалт бұры­лып, ой дүрбісін басты кейіп­кер­дің қатыгездігі тарапына бұрып жібергенді жөн санай­мыз. Өйткені қаламгердің шеберлігі сол оқырман қанша жерден кер­дең кемпір аяр болса да, оны жек көрмейді. Керісінше, ана ретінде аяп, бүгінгі қоғамда дәл осындай типтегі жандардың көптігіне иланасың. Жазушы осы бейне арқылы бүгінгі өмірдегі екіжүзді жанашырлық пен жасанды ұраншылдықты астарлай тарқатып, адам тағдырына сел­қос қарайтын, дабыраға дайын қа­тыгез қоғамның бейнесін соқырға таяқ ұстатқандай бейнелеп бергенін түйсінесің. Бойындағы бар аналық мейірімі мен жан жылуын аямай, туған перзенті секілді әлпештеп өсірген сол мысық туып, көп мысық болып,  өлген кемпірдің мәйітін талап жейтін тұсына келгенде ауыр соққы алған жандай есеңгіреп қаласыз.

Ол есеңгіреу әлі де ұзақ уақыт­қа созыларына сөз беремін!

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары