Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Құқықтық көмек: Сенат Қазақстан мен Перу арасындағы үш құжатты мақұлдады

Құқықтық көмек: Сенат Қазақстан мен Перу арасындағы үш құжатты мақұлдады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Біріншісі - «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы.

Аталған шартқа 2024 жылғы қазан айында Астана қаласында қол қойылды.

Заңның мақсаты - уағдаласушы мемлекеттердің қылмыстардың алдын алуды, тергеп-тексеруді, қылмыстық қудалауды және сот төрелігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуде ынтымақтастық пен құқықтық көмек көрсету.

Шартта екі елдің құзыретті органдарының өзара іс-қимыл мәселелері реттеледі. Атап айтқанда:

– құқықтық көмек көрсетудің қолданылу аясы;

– сұрау салудың нысаны мен мазмұны, оны орындау тәртібі;

– азаматтардың құқықтарының сақталуына кепілдіктер;

– қамаққа алынған және сотталған адамдарды уақытша беру;

– тәркілеу рәсімдеріне көмек көрсету;

– қаржылық ақпараттарды, банк шоттарын анықтау және тоқтатып қою;

– шығындарды өтеу мен келіспеушіліктерді реттеу жолдары және өзге де ұйымдастырушылық мәселелер бойынша ережелер нақтыланған.

- Шартқа сәйкес, тараптар өзінің ұлттық заңнамасы аясында қылмыстық істер бойынша бір-біріне кең ауқымды құқықтық көмек көрсетуге міндеттеледі. Бұл іс-қимылдарды әрбір тараптың құзыретті органдары өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүргізеді. Қазақстанда – Қылмыстық-процестік кодекс аясында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, құжатта құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды орындаудан бас тартудың нақты негіздері белгіленген, - деді сенатор Нұрлан Бекназаров.

Бүгінге дейін Қазақстан осындай келісімді 33 мемлекетпен жасаған (Қытай, Ұлыбритания, Франция, АҚШ және т.б.). Енді осы серіктестік қатары Перу Республикасымен толықпақ. Шартты ратификациялау екі ел арасындағы өзара құқықтық көмек көрсету мәселелеріне байланысты қарым-қатынасты реттейді және қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Сотталғандарды беру тәртібі жеңілдейді

Екінші қабылданғаны - «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Шартқа 2024 жылғы 23 қазанда Астана қаласында қол қойылды.

Заңның негізгі мақсаты - бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды олардың әлеуметтік реинтеграциясына жәрдемдесу мақсатында өздерінің азаматтығы бойынша тиесілі мемлекетте жазасын одан әрі өтеу үшін беруге құқықтық негіз құру.

- Шартқа сәйкес тараптар белгіленген жазаны екінші тараптың аумағында өтеу үшін сотталған адамдарды беру саласында ынтымақтастықты жүзеге асыруға міндеттенеді. Сондай-ақ, сотталғандарды беру үшін талаптар, беруден бас тарту негіздері айқындалған, - деді сенатор Жанна Асанова.

Сотталған адам мынадай шарттар сақталған жағдайда берілуі мүмкін:

- егер ол қабылдаушы Тараптың азаматы болса;

- үкім түпкілікті болып, орындалуға жататын болса;

- беру туралы сұрау салуды алған кезде қалған жаза мерзімі кемінде алты айды құрауы тиіс;

- сотталған адам ауыстыру туралы өтінішхатпен жүгінген кезде;

- әрекет немесе әрекетсіздік екі Тараптың да ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыс болып саналса;

- екі Тарап та сотталған адамды беруге келісуі қажет;

- төлем қабілетсіздігін растайтын жағдайларды қоспағанда, сотталған адам айыппұл төлесе немесе залалды өтесе.

Шартта беруден бас тартудың негіздері нақты айқындалады. Егер беруші тарап егемендікке, қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке залал келтіруі мүмкін немесе оның ұлттық заңнамасына қайшы келеді деп санаса, беруден бас тартылуы мүмкін.

Шартты іске асыруға жауапты орталық органдар: Қазақстан Республикасы тарапынан – Бас прокуратура, ал Перу Республикасынан – Мемлекеттік Прокурордың офисі.

Перу мемлекеті іздеуде жүргендерді ұстап береді

Сонымен қабылданған үшінші құжат - «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы.

Ратификациялауға ұсынылған шарт іздестіріліп жүрген адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау үшін оларды ұстап беру мәселелерін реттейді.

- Сонымен қатар, шарт ұстап беруден бас тартудың міндетті негіздерін айқындайды. Оның ішінде: егер қудалау адамның ұлтына, азаматтығына немесе саяси көзқарасына байланысты болғанда, егер адамның қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынасқа ұшырауы мүмкін деп пайымдауға негіздер болса, өлім жазасы немесе азаптау қаупі бар кезде. Шартқа сәйкес мемлекет өз азаматтарын ұстап беруге міндетті болмайды. Өз азаматын ұстап беруден бас тартқан жағдайда, сұрау салушы тараптың өтініші бойынша сұрау салынған тарап бұл адамды өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыстық қудалауға тартуға немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындауға тиіс, - деді сенатор Марат Қожаев.

Шартты іске асыру ұстап беру туралы жазбаша сұрау салу негізінде жүзеге асырылады. Осы құжат аясында өзара іс-қимыл жасайтын орталық органдар ретінде Қазақстан Республикасы үшін – Бас прокуратура, Перу Республикасы үшін – Мемлекеттік Прокурордың офисі белгіленеді.

- Қазіргі уақытта Перу және Қазақстан аумақтарында сот төрелігінен жасырынып және уәкілетті органдармен іздестіріліп жүрген адамдар жоқ. Заңды қабылдау қылмыстылыққа қарсы күресте ынтымақтастықтың құқықтық негізін нығайтуға және екі ел арасындағы құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, - деді депутат.

Еске салсақ, былтыр күзде Қазақстан мен Қатар сотталғандарды беру жөнінде келісімге келді.

https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-men-katar-sottalgandardi-beru-zhonnde-kelsmge-keld-abb3ab/

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 12:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары