Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді

Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында депутаттар Перу Республикасымен бірқатар келісімді мақұлдады. Атап айтқанда, Қазақстан мен Перу арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек пен халықаралық шарттарға орай, енді сотталған адамдар экстрадицияланып, жазаларын азаматтығы бар елде өтей алады.

Перуде сотталған отандастарымыз елге қайтарылмақ

Сенаторлар «Қазақстан Рес­пуб­ликасы мен Перу Респуб­ликасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы», сондай-ақ оған ілеспе «Қазақстан Республи­касы мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ра­ти­­фикациялау туралы» заң­дар­ды қарап, мақұлдады. Де­путаттардың айтуынша, бұл шарт­тар қылмыстық істерді тергеу кезінде кешенді тиімді құ­қық­тық көмек көрсетіп, екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығын нығайтады.

«Қаралған шарттар Қазақстан мен Перу арасындағы екіжақ­ты ынтымақтастықты дамыту­ды көздейді. Олар екі елдің арасында өзара құқықтық көмек көрсетіп, сотталған адамдарды экстрадициялаудың тәртібін реттейді. Сондай-ақ екі ел аума­ғында жүрген күдікті адамдарды ұстап берудің рәсімдерін ай­қын­дайды. Алдағы уақытта бұл заңдар екі елдің қылмысқа қарсы күрес жолындағы іс-шаралар­дың тиімділігін арттырады деп сенеміз», деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар құжаттар тұтқындалған немесе бас бос­тандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан адамдарды олардың құқықтарының сақталуына кепілдік бере отырып, уақытша беру тәртібін белгілейді. Бұған қоса заңдар шақыру қағаздарын беру, тінту мен тәркілеу, мүлікті алу секілді ұлттық заңнамада рұқсат етілген құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сенатор Нұрлан Бек­на­заровтың айтуынша, егер аталған рәсімдер ұлттық қауіпсіздік пен егемендікке қауіп төндіретін болса, сотталғандарды беруден бас тартылуы мүмкін. Себептердің қатарында екі елдің заңдарын­дағы жазалау шараларының сәйкес келмеуі және беруші тарап­тың аумағында сотталған адамға қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылуы да бар.

«Сотталғандарды беру секілді келісімді әр елдің құзыретті органдары өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүргізеді. Елімізде бұл Қылмыстық-про­цестік кодекс шеңберінде жүзеге асырылады. Ал егер сұрау салуды орындау егемендікке, қауіп­сіздікке немесе қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірсе, ұлттық заңнамаға немесе халықаралық міндеттемелерге қайшы келсе, адамға қатысты оның ұлтына немесе саяси сеніміне байланысты қылмыстық қудалау мақсатында жолданса, сұрау салынатын тарапта тергеліп жатқан қылмысқа қатысты болса, екі тарап та құқықтық көмек көрсетуден толық немесе ішінара бас тартуға құқылы», деді депутат.  

Айта кетсек, бүгінге дейін еліміз осындай келісімді Қытай, Ұлыбритания, Франция, АҚШ секілді 33 мемлекетпен жасаған.  

Браконьерлерге тосқауыл болмай тұр

Бұдан соң сенаторлар Үкі­метке депутаттық сауалдарын жолдады. Алдымен Андрей Лукин су шаруашылығы саласындағы күрделі мәселені сынға алды. Оның мәлімдеуінше, балық шаруашылығына бөлінген бюджет қаржысы тиімсіз жұм­салып жатыр. Өйткені су айдын­дарының едәуір бөлігі әлі де иесін таппаған, бірқатар өңірде су нысандарының тізімі жоқ, оның үстіне уәкілетті органдар мұндай нысандарды бақылаудан тыс қалған. Салдарынан браконьерлік белең алып, ресми статистика мен тексеру мәліметтері сәйкес кел­мейді, сондай-ақ кәсіптік балық түр­лерінің қоры азайып барады.

Бұдан бөлек, депутат өнім белгіленген квотадан тыс экспортталып, заңсыз ауланған балықты акваөсіру өнімі ретінде заңдастырылып жатқанын, құжаттар қолдан жасалып, оны қайталап пайдалану жағдайы көбейіп бара жатқанын айтты.

«Комитеттің 2022–2025 жыл­дардағы ресми деректеріне сәй­кес 84 мың тонна балық заң­сыз айналымнан тәркіленді. Ғылыми зерттеулердің нәтиже­лері өндірістік балық түрлері қорларының тұрақты түрде төмен­деп бара жатқанын көр­сетеді. Мысалы, Жайсан көлінде көксерке көлемі 9,3-тен 4 мың тоннаға дейін қысқарды, тұқы тіпті жоғалып кетті. 2022–2024 жыл­дары 16 мың тоннаға белгі­ленген квота кезінде 54,8 млрд теңгеден аса сомаға шамамен 32 мың тонна көксерке экспортталды, бұл рұқсат етілген аулау көлемінен екі есе көп. Бірқатар аймақта браконьерлік әрекеттен келген залал айтарлықтай өскен. Сондай-ақ артемия кистасын өндіру рұқсат етілген көлемінен асып кеткен», деді сенатор.

Мәселені тізбектеген сенатор су айдындарын толықтай жауап­ты тұлғаларға бекітіп беру­ді, бақылауды күшейтіп, цифр­лық мониторинг енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, «E-Fish» жүйесін толыққанды іске қосып, браконьер­лік пен құжаттарды қолдан жасағандарға жауапкер­шілікті қатаңдатуды сұрады. 

Ғылыми зерттеулер іс жүзінде қолданылмайды

Айнұр Арғынбекова елімізде ғылыми жаңалықтар іс жүзінде жүзеге аспай жатқанын айтты. Сенатордың айтуынша, ғылымды дамытып, оның нәтижелерін өндіріске енгізу қажет. Ол халық­аралық тәжірибеде өнеркәсіп пен әлеуметтік салаға ғылыми нәтижелерді енгізу жүйесін жасаудың арқасында экономикасы дамыған елдерде ғылым, технология және инновацияның ІЖӨ өсуіне қосқан үлесі 60–80 пайызға жететінін атап өтті.

Сенатор ядролық медицина саласын мысалға келтіріп, онда жасалған іргелі зерттеулерді клиникалық тәжірибеге қол­дануға болатынын атап өтті. Сондай-ақ ол ғылым мен технологияны интеграциялау орталы­ғы ретінде құрылған «Alatau City» базалық алаң ретінде қарастырылғанын еске салды.

Бұған қоса депутат маман мәселесін де атап өтті. Мәселен, елімізде әйелдер ғылыми қызметкерлердің жартысынан көбін құраса да, олар жоғары технологиялық салаларға қатыс­пай, тыс қалып жатыр.

«Ғылыми зерттеулер, өндіріс пен практиканы қолдана отырып трансляциялық ғылымды дамытуға жүйелі тәсіл қажет. Жо­ғары технологиялық шешім­дерді енгізуге бағдарланған «Alatau City» базасында ғылыми-өндіріс­тік экожүйелерді құрып, дамыту керек. Әйел ғалымдардың жо­ғары технологиялық бағыттар­ға қатысуын кеңейту жөнінде шаралар қарастырылсын», деді сенатор.

Ал Амангелді Нұғманов Үкі­метке зейнетақыны еңбек өтілі бо­йынша есептеу әдісін енгізуді ұсынды. «Өңір» депутаттық тобының мүшелері бейресми жұмыспен қамту мәселесін зерделей келе, осындай байлам жасап отыр. Сенатор бұл реформаны объективті түрде пысықтау үшін мемлекеттік органдардың, кәсіподақтар мен сарапшылардың қатысуымен ведомствоаралық топ құру керектігін айтты.

«Бұл реформа іске асқан жағдайда жұмыссыздық деңгейі төмендеп, азаматтардың масыл­­дық, енжарлық секілді қасиет­терден арылып, аза­мат­тардың еңбекке жауап­кер­шілікпен қарауын қалыптас­тырмақ. Сон­дай-ақ мемлекеттік бюджет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ауыртпалықты азайту есебінен зейнетақы жүйесінде ауқымды қаржы теңгерімді­лігі қамтамасыз етіледі», деді А.Нұғманов.

Сенатор зейнетақы заңна­ма­сындағы мүгедектік белгі­ленбей, денсаулық жағдайы бойынша мерзімінен бұрын зейнетке шығу тетігінің болмауын да атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі жүйе үстірт түрде мүгедектікті тануға бағыт­­талған және созылмалы, кәсіптік, өршіп бара жатқан ауруы бар азаматтарды қамтымайды, ал бұл олардың еңбекке қабілеттілігін іс жүзінде шектейді.

Осыған байланысты депутат Әлеуметтік кодексте денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізбесі негізінде медициналық айғақтар бойынша зейнетақы тағайындау құқығын бекітуді ұсынды.

Марат Қожаев айыппұлдар жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатындарға тосқауыл болмай тұрғанын айтып, алаңдаушылық білдірді. Сенатор бұл мәселе аталған жүргіз­ушілерге көлікті ережесіз жүргізгені үшін төлейтін ақыға айналып бара жатқанын да атап өтті. Депутаттың айтуынша, жүр­гізушілер жылдамдықты камералар алдында ғана төмен­детеді. Сондықтан елді мекендерде орташа жылдамдықты бақылауды енгізіп, ЖҚЕ жүйелі бұзушылықтарға жауапкершілік өсе беретін, сондай-ақ санкцияны қатаңдату арқылы әрекет ету жүйесін жасауды ұсынды.

«Жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсатты бағалауға түбегейлі жаңа, қатерге бағдарланған тәсіл енгізу қажет», деді ол.

Сенатордың пікірінше, жол қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясат жекелеген эпизодтарды тіркеумен шектелмей, тәртіп бұзушылықтың жүйелілігін ескеруге тиіс. Әйтпесе, оның құны адам өмірі­мен өлшене бермек.

Соңғы жаңалықтар

Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елорда • Кеше

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады

Экономика • Кеше

Қазақстанда ауа райы 5 градусқа дейін суытады

Ауа райы • Кеше

Жоғарғы Сот төрағасы: Конституциядағы жаңа норма жылжымайтын мүлік иелерінің құқықтарын қорғауға бағытталған

Ата заң • Кеше

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді

«Таза Қазақстан» • Кеше

Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

Елорда • Кеше

Қазақстанда еріктілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру ұсынылды

Қоғам • Кеше

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Испаниядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады

Спорт • Кеше

Әлеуметтік желідегі жасырын қауіп: Деструктивті топтардың құрығына түспеудің жолы қандай?

Қоғам • Кеше

Нысана көздеуден Әлем кубогі: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Спорт • Кеше

Алматыда самокат мінгендерге бақылау күшейді

Заң • Кеше

Астанада мұғалім оқушыны ұрып жіберген: Білім басқармасы жауап берді

Мектеп • Кеше

Ақылы жолдарда жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алу үшін лазерлер қойылады

Инфрақұрылым • Кеше

Жасқа емес, еңбек өтіліне қарау керек: Зейнетке шығу тәртібін өзгерту ұсынылды

Қоғам • Кеше

SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 07:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see129

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see121

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see118

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see116

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see114

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see113

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see110

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see110

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see110

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

17 Тамыз 2026 11:33see108

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see108

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

17 Тамыз 2026 11:35see107

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

17 Тамыз 2026 11:34see107

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

17 Тамыз 2026 14:08see107

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

17 Тамыз 2026 12:08see106

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

17 Тамыз 2026 14:53see105

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

17 Тамыз 2026 11:42see104

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

17 Тамыз 2026 15:56see104

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see104

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

15 Тамыз 2026 19:16see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары