Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Үндістан мен ЕО арасындағы тарихи келісім

Үндістан мен ЕО арасындағы тарихи келісім

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Үнді еліндегі эпидемилогиялық ахуалға қарамастан. Еуроодақ пен Үндістан көптен күткен еркін сауда туралы келісімге келді.

Бұл сәтті тараптар ұзақ күтті. Келіссөздер 20 жылға жуық уақытқа жалғасты. Қазір Үндістанда Еуроодақ-Үндістан саммиті өтіп жатыр. Маңызды құжатқа осы басқосуда қол қойылмақ. Урсула фон дер Ляйен мен Үндістанның сауда министрі Пиюш Гоял бұл құжатты «ең маңызды тарихи келісім» деп атады. Сонымен кәрі құрлық пен үнді халқын қандай өзгерістер күтіп тұр? Еркін сауда келісімі нені қамтиды?

Жаһандық геосаяси жағдай шиеленіскен сайын мемлекеттер тығырықтан шығар жол, экономиканы тұрақтандыру үшін сенімді серіктес іздейді. Үндістан мен Еуроодақ та дәл солай.

Бүгін Еуропалық комиссия мен Еуропалық кеңес төрағалары Үндістанның Республика күніне арналған салтанатты шаралардың басты қонақтары болады. Салтанатты рәсімдерден бөлек, екі көшбасшының күн тәртібінде әлдеқайда маңызды мәселе бар. Ол - Азиядағы төртінші ірі экономикамен еркін сауданы ілгерілету. Бұл Еуропа үшін геосаяси тұрғыдан аса қиын кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Ресми Нью-Дели де әлем елдерімен стратегиялық және сауда байланыстарын нығайтуға мүдделі. Өйткені былтыр АҚШ-тың Үндістанға қарсы енгізген 50 пайыздық тарифтері алып елдің экономикасына едәуір салмақ салды. 

Сумедха Дасгупта, Economist Intelligence Unit ұйымының аға сарапшысы:

- Бүгінде екі тарап та сенімді сауда серіктестерін іздеп жатыр. Өйткені геосаяси қауіп-қатер сауда үшін тұрақсыз орта қалыптастырды. Үндістан АҚШ тарифтерінен туындаған мәселелерді өтегісі келеді, ал Еуроодақ Қытайға деген тәуелділікті азайтуды көздейді. Себебі оны сенімсіз серіктес деп санайды. Бұл келісім сондай-ақ Үндістанның протекционизмнен арылуына бағытталған маңызды қадамдардың жалғасы болмақ.

Иә, Үндістан бұрыннан-ақ ішкі нарықты шетелдік бәсекелестерден қорғап келді. Өзге елдерге баж салығын күрт төмендету жергілікті өндірушілерге кері әсер етеді деп қауіптенді. Ал Еуроодақтың талаптары тым жоғары болды.

Тарифтерден бөлек, кәрі құрлық үшін зияткерлік меншік құқығын қатаң қорғау, экология мен еңбек стандарттары, деректердің қауіпсіздік мәселелері маңызды болды. Тараптардың мүдделері бір арнаға тоғыспауы 2007 жылы басталған келіссөздердің ұзаққа созылуына әкелді. Енді күшіне енгелі отырған сауда келісімі 2 миллиард тұтынушыны қамтып, әлемдік ЖІӨ-нің төрттен бір бөлігін құрайды. Биыл Үндістанның ЖІӨ-і 4 трлн доллардан асып, Жапонияны басып озуға жақын.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еуропалық комиссия төрағасы:

- Еуропа геосаяcи  дүрбелеңдерді мүмкіндік ретінде пайдалануы тиіс. Меніңше, қазіргі кезде бастан кешіп жатқан өзгерістер еуропалық тәуелсіздіктің жаңа формасын құруға итермелейді. Біз энергетика, шикізат, қорғаныс немесе цифрлық технологиялар болсын, кез келген салада жылдам әрекет етеміз. Дәл қазір Еуропаның мәңгілікке өзгеріп, жаңа тәуелсіз Еуропа құратын уақыты келді.

Нью-Дели үшін Еуроодақ - қазірдің өзінде ірі сауда серіктестерінің бірі. Үндістан сауда айналымының 12-13 пайызы Еуроодаққа тиесілі. Жаңа келісім дамушы елден келетін тауарларға Еуропалық Одақ нарығында импорттық баждарды алып тастайтын жалпыландырылған преференциялар жүйесін қалпына келтіреді. «Еркін сауда келісімі киім-кешек, фармацевтика, болат, мұнай өнімдері және машина жасау салаларындағы негізгі тауарларға тарифтерді төмендетеді», - дейді сарапшылар.

Бұдан өзге Үндістан ауыл шаруашылығы мен сүт өнеркәсібі сияқты саяси тұрғыдан сезімтал секторларды қорғауды көздейді. Ал автомобиль, шарап пен алкогольді сусындар саласында баж салығы кезең-кезеңімен төмендетілуі мүмкін. Бұл тұрғыда Үндістан Ұлыбританиямен жасасқан келісімдегі тәсілді ұстанбақ.

Дегенмен келіссөздер процесінде әлі де шешілмеген түйткілдер бар. Солардың бірі – Еуропа биылдан бастап енгізіп жатқан жаңа көміртек салығы. Сарапшылар мұны іс жүзінде үнді экспортына бағытталған баж алымымен теңестіріп отыр. Бұл әсіресе кіші және орта бизнеске ауыр тию мүмкін. Үндістандағы көміртек шығарындыларының жоғары деңгейі Еуропа тарапынан бұл келісімге қарсылық туғызған. Алайда былтыр жыл соңында Үндістанның Ресейден мұнай сатып алуды қысқартуы Еуропарламенттің келісімді мақұлдауын жеңілдетуі мүмкін. Үнді сарапшыларын алаңдатып отырған тағы бір мәселе - келісімнің елдің автокөлік нарығына кері әсер етеді деген қауіп.

Абхиджит Дас, Үндістан Сыртқы сауда институтының профессоры:

- Еуропалық одақ автомобиль секторындағы маңызды ойыншы. Қазір біртіндеп электромобильдерге ауысып жатыр. Егер біз осы салаға нарықты ашатын болсақ, Үндістанда бәсекеге қабілетті электромобильдер секторын құру ықтималдығы азаяды.

Десе де ұзақ мерзімді перспективада сарапшылар келісімді екі тарап үшін де тиімді болады деп санайды. Биыл АҚШ пен Еуропа арасында туындаған Гренландия төңірегіндегі текетірес Еуроодақ көшбасшыларының бұл сауда келісіміне деген көңілін әлдеқайда жібітсе керек. Аталған шарт Үндістан үшін кейінгі төрт жылдағы тоғызыншы еркін сауда келісімі болмақ.

Бұған дейін Үндістан Ұлыбритания, Оман, Жаңа Зеландия және бірқатар елмен осындай келісімдер жасасқан. Ал Брюссель жақында ғана МЕРКОСУР елдерімен еркін сауда келісіміне қол қойды. Бұл құжат үшін келіссөздер 25 жылға созылды. Ол шамамен 700 млн халықты қамтитын Еркін сауда аймағын құруға жол ашады. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қаңтар 2026 07:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары