Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Құқықтық мемлекеттің мұраты мен мүмкіндігі

Құқықтық мемлекеттің мұраты мен мүмкіндігі

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Дөңгелек үстелді жүргізген университет жанынан құрылған Конституционализм және цифр­лық құқық ғылыми-зерттеу институты директорының міндетін атқарушы Ермек Әбдірасылов «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: ХХІ ғасыр­дың сын қатерлері және ел да­муының жаңа кезеңінің іргетасы» тақырыбында баяндама жасап, конституциялық реформалардың жаңа кезеңінде мемлекеттік институттардың тиімділігі, саяси партиялардың жауапкершілігі, азаматтардың саяси белсен­ділігі айрықша маңызға ие болатынын жеткізді.

«Ата заң XXI ғасырдың негізгі жаһандық сын-қатерлеріне нақты жауап береді. Оның мазмұнына «жасыл» экономиканың бағыт­тары, цифрлық дәуірдің құқықтық негіздері, цифрлық құқықтар мен инклюзияны қорғау шаралары органикалық түрде енгізілген. Бұл ретте реформаның басты игілігі – адам капиталы. Жаңартылған мемлекеттік құрылымның бүкіл логикасы дәл осы адам капиталын дамыту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сот төрелігінің тәуелсіздігін нығайту төңірегінде құрылған», деді ол.

Жиында университет ректоры Ерлан Сыдықов құттықтау сөз сөйлеп, жаңа Конституцияның елдің ұзақмерзімді дамуының стратегиялық бағдары екенін айтты. Оның пікірінше, Ата заңда білім, ғылым, инновация және адам капиталын дамытуға ерекше басымдық берілуі – еліміздің болашағына салынған маңызды инвестиция. Сондай-ақ азаматтардың сапалы әрі қолжетімді білім алу құқығының конституциялық тұрғыдан нығайтылғанын, мемле­кеттік білім беру стандарттары мен академиялық еркіндіктің маңызын ерекше атап өтті.

«Университет жанынан құрыл­ған Конституционализм және цифрлық құқық ғылыми-зерттеу институты – құқықтық реформаларды ғылыми қолдауға, жасанды интеллект технологияларын құқықтық бейімдеуге, қоғамда жоғары конституциялық мәде­ниетті қалыптастыруға бағытталған еліміздің жетекші қолданбалы талдау орталығына айналады. Институт ғалымдары жасанды интеллектіні реттеу, алгоритмдердің ашықтығы, жеке деректерді қорғау және алго­ритмдік кемсітушіліктің алдын алу салаларында пәнаралық зерттеулер жүргізеді», деді ректор.

Сондай-ақ Германияның Оснабрюк университетінің профессоры Георг Михаэль Геск, Қырғызстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Чолпанкул Арабаев, саясаттанушы Әлішер Сатыбалдиев, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Жанар Жігітекова, Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибра­гимов, ЕҰУ Саясаттану кафедра­сының меңгерушісі Дәурен Пірім­бетов баяндама жасап, жаңа Конституцияның тарихи және стратегиялық маңызы, мемлекеттік басқару жүйесінің трансформация­сы, ұлттық қауіпсіздік, құқықтық басымдықтар және қоғамдық-саяси жаңғыру мәселелерін талқылады.

Басқарма мүшесі – сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректор Индира Рыстина жаңа Конституцияның күшіне енуі еліміздің саяси-құқықтық дамуының жаңа кезеңін айқындайтынын атап өтті.

«1 шілде – еліміздің жаңа саяси даму кезеңінің басталған күні ретінде тарихта қалатыны анық. Осы сәттен бастап еліміз жаңа конституциялық модель жағдайында өмір сүре бастайды. Конституция күні енді 15 наурызда аталып өтеді. Кейінгі алты жылда елімізде саяси жүйені кезең-кезеңімен жаңғыртуға бағытталған ауқымды заңнамалық өзгерістер жүзеге асырылды. Азаматтық қоғам институттары нығайтылды. Бейбіт жиналыстар, қоғамдық бақылау, петициялар институты, сайлау жүйесі және саяси партиялар туралы заңнама жаңартылды. Партияларды тіркеуге қойылатын талаптардың жеңілдетілуі жаңа сая­си күштердің қалыптасуына жол ашты. Бүгінде осы өзге­рістердің барлығы жаңа Конс­титуция аясында біртұтас саяси модельге біріктіріліп отыр», деді проректор.

Сарапшылардың пікірінше, Конституцияда бекітілген қағи­даттар демократиялық институттарды дамытуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, құ­қықтық мемлекеттің берік негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жиында Құрылтай институтының рөлі, цифрлық құқықтардың конституциялық кепілдіктері және өзге де мәселелер кеңінен талқыланды.

Халықаралық дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар құқықтық мемлекетті дамыту, конституциялық құндылық­тарды дәріптеу мен ғылыми ынты­мақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.

Нұрай МҰХАНОВА,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің 2-курс студенті

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Шілде 2026 21:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары