Құрманғазы ауданында 282 шақырымдық жол жаңғыртылуда
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Аудан аумағындағы ұзындығы 282 шақырымды құрайтын «7-разъезд – Асан – Азғыр – Балқұдық – Сүйіндік» автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Балқұдық ауылында 7 шақырым, Сүйіндік ауылында 9 шақырым ауылішілік жол салу жоспарланып отыр. Мердігер анықталғаннан кейін құрылыс басталады.
Қазіргі таңда «7-разъезд» жолының алғашқы 0–36 шақырымдық бөлігінде жұмыс жүріп жатыр. Ал 36–98 шақырым аралығына жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған.
Бұл учаскеге мердігерді анықтау үшін конкурс жарияланды. 98–180 шақырымдық бөлік бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар ауданның бірнеше ауылында ауылішілік жолдарды салу және жаңғырту жоспарланған. Дәшін мен Орлы ауылдарында 10 шақырымнан, Жыландыда шамамен 7 шақырым, Жұмекенде 11 шақырым, Дәулеткерейде 7 шақырым, Ақкөлде 14 шақырымға жуық жол құрылысы іске асырылуда.
Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұржау Маратовтың айтуынша, барлық жобалар толық аяқталған соң Құрманғазы ауданындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 57 пайызға жетеді.
Бүгін, 19:47
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:68
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Мамыр 2026 19:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















