Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Құрылтай депутаттары Президент Жолдауындағы энергетиканы дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру жолдарын талқылады

Құрылтай депутаттары Президент Жолдауындағы энергетиканы дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру жолдарын талқылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген энергетиканы дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру жолдары Құрылтайдың Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің жетекшісі Наталья Годунованың төрағалығымен өткен отырыста талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құрылтай Төрағасының орынбасары Дания Еспаева Мемлекет басшысы жаңа тарихи кезеңдегі ел дамуының негізгі бағыттарының бірі энергетика саласына айрықша мән бергенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Жолдауда қазіргі жағдайда энергетикалық ресурстармен жеткілікті қамтамасыз етілу елдің бәсекеге қабілеттілігін, тіпті экономикалық дербестігін айқындайтын шешуші факторға айналғанын ерекше атап өтті. Бүгінде энергетика тұтас экономиканың дамуына тікелей ықпал етеді. Жаңа зауыттарды іске қосу, ауыл шаруашылығын дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект жүйелері мен деректерді өңдеу орталықтарының жұмыс істеуі үшін электр энергиясы жеткілікті көлемде болуы қажет, – деді вице-спикер.

Дания Еспаева Жолдауда энергетика саласының дамуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты міндеттер қойылғанын еске салды. Олардың қатарында 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру қуаттарының тұрақты профицитін қамтамасыз ету, Балқаш және Мойынқұм атом электр станцияларын салу жобаларын жеделдету, отандық мамандарды даярлау, технологиялар трансферті және басқа да міндеттер бар.

Сонымен қатар, салалық комитет төрағасы Наталья Годунова атап өткендей, Президент жаңа электр станцияларын салу, қолданыстағыларды және электр беру желілерін жаңғырту, электр энергиясын өндірудің әр түрін дамыту жөнінде тапсырма берді. Бұл шаралар жасанды интеллект негізіндегі цифрлық экономиканы қалыптастыру жөніндегі ауқымды міндетті іске асыру жағдайында ерекше маңызға ие. Мұндай инфрақұрылымды дамыту үшін электр энергиясының едәуір көлемі қажет, ал оған деген сұраныс үнемі арта береді. Оның айтуынша, алдағы бес, он және жиырма жылда Қазақстан экономикасының қандай болатыны бүгін қабылданатын энергетикалық шешімдерге байланысты.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің мәліметінше, бүгінде Қазақстанның энергетикалық жүйесінде 254 энергия көзі бар, оның ішінде 172-сі – жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандары. Олардың жалпы белгіленген қуаты 27,1 ГВт-ты құрайды. 2029 жылдың соңына дейін тағы 13,3 ГВт жаңа қуатты іске қосу жоспарланып отыр. Бұл тұрғындар мен экономиканың болжамды қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, генерациялайтын қуаттардың 20 пайыздық профицитін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында отандық атом электр станциялары мен ядролық отын циклі саласындағы перспективалы өндірістерді шикізатпен қамтамасыз ететін уранның мемлекеттік стратегиялық резервін құру көзделіп отырғанын айтты. «Балқаш» АЭС жобасы бойынша инженерлік-іздестіру жұмыстары аяқталуға жақын, барлық қажетті халықаралық келісімдерге қол қойылған. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылы бастау жоспарланып отыр. «Мойынқұм» АЭС салу ауданы айқындалып, жобаға қатысты тиісті үкіметаралық құжаттарды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Отырыс барысында энергетика секторындағы ірі компанияларының басшылары да сөз сөйледі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Қазақстанның атом энергетикасының ұзақ мерзімді қажеттіліктерін ескере отырып, уран өнеркәсібі мен ядролық отын циклін дамыту мәселелері туралы баяндады. «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Ернат Бердіғұлов атом электр станцияларын салу жобаларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берді. «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Ансар Айдаров жаңа генерациялайтын қуаттарды іске қосу жөніндегі мәліметтерді бөліссе, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесін дамыту мәселелеріне тоқталды.

Өз кезегінде Құрылтай депутаты Бекжан Әлімқұлов Президент Жолдауында айқындалған энергетикалық басымдықтарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда Құрылтайдың қарауында энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруға, сондай-ақ баламалы энергия көздерін дамытуға бағытталған екі заң жобасы бар. Депутаттың пікірінше, бұл екі бағыт бірін-бірі толықтырады. Энергия үнемдеу ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталса, баламалы энергетиканы дамыту энергиямен жабдықтау мүмкіндіктерін кеңейтіп, энергетикалық жүйенің икемділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Талқылау барысында депутаттар энергетика саласын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселені көтерді. Атап айтқанда, энергетикалық жүйені теңгерімдеу тетіктері, атом энергетикасын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларында шағын модульдік реакторларды қолдану перспективалары, сондай-ақ электр энергиясын жинақтау жүйелерін енгізу форматтары жөнінде сұрақтар қойылды. Бұдан бөлек, шағын өнеркәсіптік қалаларда, оның ішінде Шахтинск қаласында жылу электр орталықтарын кеңейту мәселелері де сөз болды.

Отырысты қорытындылаған Наталья Годунова басты міндет – жоспарланған шаралардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Әрбір жоба бойынша нақты мерзімдер белгіленіп, қаржыландыру көздері айқындалып және дербес жауапкершілік жүктелуі қажет. Бұл ретте бақылау нысандардың нақты дайындығына, ықтимал кідірістерді уақытылы анықтауға және олардың себептерін жоюға негізделуге тиіс.

– Сонымен қатар заңнамалық кедергілерді жою, заң аясындағы актілердің қабылдануын және жаңа нормалардың нақты қолданылуын қамтамасыз ету қажет. Қолданыстағы өкілеттіктер аясында шешілуге тиіс мәселелер кідіріссіз пысықталуы керек. Комитет осы міндеттердің орындалуын бақылауда ұстайды. Түпкілікті нәтиже айқын, ол – сенімді энергиямен жабдықтау, жаңа өндіріс орындары мен жұмыс орындары, – деп түйіндеді комитет төрағасы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:67
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 13:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары