Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Энергетиканы дамыту міндеттерін талқылады

Энергетиканы дамыту міндеттерін талқылады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Құрылтай Төрағасының орынбасары Дания Еспаева Мемлекет басшысы жаңа тари­хи кезеңдегі ел дамуының негізгі ба­ғыт­тарының бірі энергетика саласына ай­рықша мән бергенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Жолдауда қазіргі жағ­дайда энергетикалық ресурстармен жет­кілікті қамтамасыз етілу елдің бәсекеге қа­білеттілігін, тіпті экономикалық дербес­ті­гін айқындайтын шешуші факторға ай­налғанын ерекше атап өтті. Бүгінде энер­гетика тұтас экономиканың дамуына ті­ке­лей ықпал етеді. Жаңа зауыттарды іске қо­су, ауыл шаруашылығын дамыту, сон­дай-ақ жасанды интеллект жүйелері мен деректерді өңдеу орталықтарының жұмыс істеуі үшін электр энергиясы жеткілікті кө­лемде болуы қажет, – деді вице-спикер.

Дания Еспаева Жолдауда энергетика са­ласының дамуын қамтамасыз етуге ба­ғытталған нақты міндеттер қойылғанын ес­ке салды. Олардың қатарында 2029 жыл­ға қарай электр энергиясын өндіру қуат­тары­ның тұрақты профицитін қамтамасыз ету, Балқаш және Мойынқұм атом электр стан­цияларын салу жобаларын жеделдету, отан­дық мамандарды даярлау, техно­ло­гиялар трансферті және басқа да міндеттер бар.

Сонымен қатар салалық комитет тө­рағасы Наталья Годунова атап өткендей, Пре­зидент жаңа электр станцияларын салу, қолданыстағыларды және электр беру желілерін жаңғырту, электр энер­гия­сын өндірудің әр түрін дамыту жөнінде тап­сырма берді. Бұл шаралар жасанды ин­теллект негізіндегі цифрлық эконо­ми­ка­ны қалыптастыру жөніндегі ауқымды мін­детті іске асыру жағдайында ерекше маңызға ие. Мұндай инфрақұрылымды да­мыту үшін электр энергиясының едәуір кө­лемі қажет, ал оған деген сұраныс үнемі ар­та береді. Оның айтуынша, алдағы бес, он және жиырма жылда Қазақстан эко­но­микасының қандай болатыны бүгін қа­был­данатын энергетикалық шешімдерге бай­ланысты.

Энергетика министрі Ерлан Ақкен­же­нов­тің мәліметінше, бүгінде Қазақстанның энер­гетикалық жүйесінде 254 энергия көзі бар, оның ішінде 172-сі – жаңартылатын энер­гия көздері (ЖЭК) нысандары. Олар­дың жалпы белгіленген қуаты 27,1 ГВт-ты құ­райды. 2029 жылдың соңына дейін тағы 13,3 ГВт жаңа қуатты іске қосу жоспар­ла­нып отыр. Бұл тұрғындар мен эконо­ми­ка­ның болжамды қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, генерациялайтын қуат­тардың 20 пайыздық профицитін қалып­тастыруға мүмкіндік береді.

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің тө­рағасы Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында отандық атом электр станциялары мен ядролық отын циклі саласындағы перс­пективалы өндірістерді шикізатпен қам­тамасыз ететін уранның мемлекеттік стра­тегиялық резервін құру көзделіп отыр­ғанын айтты. «Балқаш» АЭС жобасы бойын­­­­ш­а инженерлік-іздестіру жұмыс­та­ры аяқталуға жақын, барлық қажетті ха­лықаралық келісімге қол қойылған. Құры­лыс жұмыстарын 2027 жылы бастау жос­парланып отыр. «Мойынқұм» АЭС салу ауданы айқындалып, жобаға қатысты тиіс­­ті үкіметаралық құжаттарды әзірлеу жұ­мыстары жүргізілуде.

Отырыс барысында энергетика сек­то­рын­­дағы ірі компаниялардың бас­шы­ла­ры да сөз сөйледі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»­ АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсу­пов Қазақстанның атом энерг­ети­ка­сының ұзақ­мерзімді қажеттіліктерін ес­ке­ре оты­рып, уран өнеркәсібі мен ядролық отын циклін дамыту мәселелері туралы баян­­­да­ды. «Қазақстан атом электр стан­ция­­лары» ЖШС бас директоры Ернат Бер­­­діғұлов атом электр станцияларын салу жо­­ба­лары­ның іске асырылу барысы тура­лы ақпарат бер­ді. «Самұрық-Энерго» АҚ Бас­­қарма төра­ғасы Ансар Айдаров жаңа ге­не­рациялайтын қуаттарды іске қосу жө­нін­­д­егі мәліметтерді бөліссе, KEGOC АҚ Бас­­қарма төрағасы Нәби Айтжанов Қа­зақ­станның бірыңғай электр энер­гети­ка­лық жүйесін дамыту мәселелеріне тоқ­тал­ды.

Өз кезегінде Құрылтай депутаты Бек­жан Әлімқұлов Президент Жолдауында ай­қындалған энергетикалық басым­дық­тарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Оның айтуын­ша, қазіргі таңда Құрылтайдың қарауында энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арт­тыруға, сондай-ақ баламалы энергия көз­дерін дамытуға бағытталған екі заң жо­басы бар. Депутаттың пікірінше, бұл екі ба­ғыт бірін-бірі толықтырады. Энергия үнем­деу ресурстарды ұтымды пайдалануға ба­ғытталса, баламалы энергетиканы да­мы­ту энергиямен жабдықтау мүмкін­дік­терін кеңейтіп, энергетикалық жүйенің икем­ділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Талқылау барысында депутаттар энер­гетика саласын одан әрі дамытуға қатысты бір­қ­атар өзекті мәселені көтерді. Атап айт­­қанда, энергетикалық жүйені тең­герім­деу тетіктері, атом энергетикасын да­мы­тудың ұзақмерзімді жоспарларында шағын мо­дульдік реакторларды қолдану перс­пек­тивалары, сондай-ақ электр энергиясын жи­нақтау жүйелерін енгізу форматтары жө­нінде сұрақтар қойылды. Бұдан бөлек, ша­ғын өнеркәсіптік қалаларда, оның ішін­де Шахтинск қаласында жылу электр ор­талықтарын кеңейту мәселелері де сөз бол­ды.

Отырысты қорытындылаған Наталья Годунова басты міндет – жоспарланған ша­ралардың іс жүзінде орындалуын қам­та­масыз ету екенін атап өтті. Әрбір жоба бойын­ша нақты мерзімдер белгіленіп, қар­жыландыру көздері айқындалып және дер­бес жауапкершілік жүктелуі қажет. Бұл рет­те бақылау нысандардың нақты дайын­ды­ғына, ықтимал кідірістерді уақытылы анық­тауға және олардың себептерін жою­ға негізделуге тиіс.

– Сонымен қатар заңнамалық кедер­гі­­­лерді жою, заң аясындағы актілердің қа­былдануын және жаңа нормалардың нақ­ты қолданылуын қамтамасыз ету қа­жет. Қолданыстағы өкілеттіктер аясында ше­шілуге тиіс мәселелер кідіріссіз пы­сық­талуы керек. Комитет осы міндеттердің орын­далуын бақылауда ұстайды. Түпкі­лік­ті нәтиже айқын, ол – сенімді энергиямен жаб­дықтау, жаңа өндіріс орындары мен жұ­мыс орындары, – деп түйіндеді комитет тө­ра­ғасы.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 03:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары