Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Құрылтай сайлауы: дауыс беруші нені білуі керек?

Құрылтай сайлауы: дауыс беруші нені білуі керек?

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Келесі айда қазақстандықтар бір палаталы парламент – Құрылтай депутаттарын сайлайды. Осы жолы бір мандатты округтен өзін-өзі ұсынған кандидаттар болмайды. Сайлаушылар партияларға дауыс береді. Бүгінде әрбір саяси ұйым өз үміткерлерінің тізімін таныстыруға кірісті. Бірақ олардың ішінен барлығы бірдей Құрылтайға өте алмайды. Себебі депутаттық мандаттар сайлау нәтижесіне қарай үлестіріледі. Sputnik Қазақстан алдағы сайлауға қатысты маңызды ақпаратты ұсынады.

Сайлауға неше партия қатысады

Орталық сайлау комиссиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға жеті партияға рұқсат берді. Олар:

1.

Ақ жол;

2.

Ауыл;

3.

Әділет;

4.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;

5.

"Байтақ" жасылдар партиясы;

6.

Қазақстан Халық партиясы;

7.

Respublica.

Бүгінде бірнеше партия өз кандидаттарын таныстырып үлгерді. Мәселен, "Ақ жолдың" тізіміне 63 адам енді. Олардың ішінде бұрынғы депутаттар, партияның экс-басшысы Азат Перуашев та бар. "Ауыл" партиясы 69 адамды ұсынса, Respublica 76 кандидатты бекітті. ЖСДП – 33, Қазақстан Халық партиясы 72 үміткерін таныстырып үлгерді.

Сайлауға қатысатын партиялар туралы қызықты деректерді мына жерден оқуға болады.

Құрылтайға әрбір партиядан қанша адам өтеді

Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Осы орындардың барлығы сайлау нәтижесіне қарай партиялар арасында үлестіріледі. Бірақ алдымен сайлаушылардың кем дегенде 5 процент дауысын жинау керек. Сонда ғана партия Құрылтайға өтеді.

Мәселен, 2023 жылғы парламент сайлауында AMANAT 53,90 процент дауыспен мәжілістен 40 депутаттық мандат алған. Ал екінші орында жайғасқан "Ауыл" партиясы (10,90 процент) 8 депутатын өткізді. Ол кезде мәжілісте 98 орын болған.

Демек, осы жолы 10 процент дауыспен Құрылтайдан 12-13 мандат алуға мүмкіндік болады. Депутаттың өкілеттілік мерзімі – 5 жыл.

Айта кетері, AMANAT алдағы сайлауға қатыспайды. Ол жаңадан құрылған ӘDILET партиясына қосылып кетті.

Дауыс қалай беріледі?

Қазақстанның 18 жасқа толған кез келген азаматы, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге құқылы. Ал iс-әрекетке қабілетсiз деп танылған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар дауыс бере алмайды.

Сайлаушылар үшін дауыс беру таңғы сағат 7.00-де басталады.

Бюллетень алған адам өз таңдауын арнайы кабиналарда жасайды. Ол үшін партия атауының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгi қою қажет. Бюллетеньді толтыру кезiнде кабинаға басқа адамның кіруіне тыйым салынады. Алайда өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға құқылы.

Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгiзуге болмайды.

Үйден дауыс беруге болады

Сайлау заңнамасына сәйкес, кейбір азаматтар өз дауысын үйден бере алады. Олар:

денсаулығына байланысты шыға алмайтындар;

отбасындағы сырқат жанға күтім жасайтындар;

сайлау учаскесі құрылмаған елді мекен тұрғындары;

шалғайдағы және қатынау қиын аудан тұрғындары.

Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он екiден кешiктiрмей, әрбір адамның жазбаша өтініші негізінде үйге барып, дауыс берудi ұйымдастыруға міндетті.

Сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс берудi ұйымдастырғанда тасымалданатын жәшiктердi сайлау комиссиясының екі мүшесi алып жүредi. Бақылаушылар мен сенім білдірілген адамдар сайлау комиссиясының мүшелерiмен iлесiп жүруге құқылы.

Сайлау күні басқа жерге баратындар не істейді?

Егер азамат басқа өңірде жүріп, дауыс беретін күні сайлаушы ретінде тіркелген қаласына бара алмайтынын білсе, онда өзі жүрген қаланың әкімдігіне жүгінуге құқылы. Жазбаша өтiнiшті сайлаудан кемінде отыз күн бұрын беру керек.

Әкімдік сол өтiнiштің негізінде оны тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығарып, сол қаладағы дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзеді.

Сайлау учаскесінде фото-видео түсіруге бола ма?

Сайлау учаскесінде бақылаушы немесе БАҚ өкілі ғана фото-видео түсіре алады. Бұл - конституциялық заңның талабы.

Дегенмен комиссия мүшелері естелік фото жасауға қарсы болмайды. Оны бұған дейінгі сайлау науқандарынан анық байқауға болады.

Дауыс қалай саналады?

Дауыстарды санау жергiлiктi уақытпен сағат 20.00-де басталады. Жәшiктердi ашардың алдында сайлау комиссиясы пайдаланылмаған барлық бюллетеньдi санайды және жояды.

Бюллетеньдерді санау кезiнде комиссия төрағасы немесе комиссияның белгiлi бiр мүшесi қатысушыларға сайлау бюллетенiн көрсетедi және сайлаушының ерiк бiлдiруiн жариялайды. Бұл ретте бюллетеньдер партиялық тiзiмiн ұсынған әрбір партия бойынша және жарамсыз бюллетеньдер бойынша жеке-жеке қатталып жиналады.

Дауыстарды санау нәтижелерiн учаскелiк сайлау комиссиясы қарап, хаттамаларға түсiредi, оларға сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Хаттамаларды қарындашпен және әр түстi сиялармен толтыруға, сондай-ақ оларға қандай да бiр түзету енгiзуге болмайды.

Хаттаманың көшiрмесi сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға дереу iлiнедi және сол жерде екi күн бойы тұрады. Ал Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесін бір-екі күннің ішінде жариялайды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Шілде 2026 15:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see145

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see142

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see141

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see140

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see140

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see138

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see133

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see132

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see130

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see129

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see129

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see127

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see127

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see126

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see125

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see121

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see121

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары