Құрылтай сайлауы қазақстандықтарға мерекелік көңіл күй сыйлады
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бір жерде тұсаукесер рәсімі өтіп жатса, енді бір жерде 90-жылдардың көрінісі қайта жаңғырды. Ал дауыс беру кабинасының жанынан Чарли Чаплинді, «Канье Уэстті», ежелгі грек патшасын немесе тіпті «кофе-адамды» кездестіруге болады.
Ақтөбеде Люлиндер отбасы дауыс бергеннен кейін №49 сайлау учаскесінде кішкентай Максимнің тұсауын кесті. Домбыраның үнімен, шашу шашылып, ақ тілектер айтылған сәтте бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Ал алдына бірнеше сыйлық қойылып, таңдау ұсынылғанда Максим «Абайдың қара сөздері» кітабына қол созды. Осылайша отбасылық дәстүр мен елдік маңызы бар оқиға бір сәтте тоғысқан ерекше көрініс пайда болды.
Батыс Қазақстан облысының Янайкин ауылында сайлау жастық шаққа саяхатқа ұласты. 1990 жылғы түлектер сайлау учаскесіне сол дәуірдің стилінде киініп, сол кезеңге тән көліктермен келді. Дауыс берер алдында олар би билеп, өткен күндердің атмосферасын қайта жаңғыртты. Ретро көңіл күйді Семейде де жалғастырды: қаланың екі тұрғыны дауыс беруге ерекше стильде киініп келді. Олар мұны шаһардың тарихи сипатын тағы бір еске салуға деген ниетімен түсіндірді.
Ал одан әрі сайлау учаскелеріндегі образдардың географиясы тіпті кеңейе түсті. Теміртауда грек этномәдени бірлестігінің өкілдерімен бірге Одиссей, Пенелопа және Телемах бой көрсетті. Астанада «Агамемнон» роликпен келсе, Ақсуда «Чарли Чаплин» де сайлау учаскесіне дәл осылай жетті.
Алматыда қала тұрғындарына жақсы таныс кейіпкерге айналып үлгерген жергілікті «Канье Уэст» тағы да жұрт назарына ілікті. Ал сайлаушылардың бірі тіпті кофе стақанының костюмін киіп келген.
Шығыс Қазақстанда арнайы образ ойлап табудың қажеті де болмады. Сүңгуір маман су астындағы жұмысынан кейін гидрокостюмін шешпестен бірден дауыс беруге аттанды. Ал Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Замир Казиев нағыз «сайлау марафонын» жасады. Таңертең даладағы жұмысынан кейін ол сайлау учаскесіне алдымен атпен, одан кейін трактормен, автокөлікпен және велосипедпен жетті. Дауыс берген соң осы жолдың бәрін кері бағытта тағы жүріп өтуі керек.
Ақтөбелік аналар да танымал интернет-трендті сайлау күніне бейімдеді. Олар үйдегі күнделікті тірліктен бірден дауыс беруге шыққандай, сайлау учаскесіне үй киімімен келді.
Осы қызу офлайн өмірмен қатар 16 сағаттық телемарафон да жалғасып жатыр. Тікелей қосылымдар, интерактивтер мен эфирлер Астана, Алматы, Шымкент қалаларын және АҚШ-тан Қытайға дейінгі шетелдік сайлау учаскелерін бір ақпараттық кеңістікке тоғыстырды.
Түскі уақыт жақындаған тұста да сайлау учаскелеріндегі адам легі толастар емес. Кей жерлерде кезек қалыптасып, сайлау жәшіктері бюллетеньдерге тола бастағаны байқалады.
Бүгін кезек бәріне ортақ. Дауыс беру үшін өз кезегін Алматы қаласының әкімі де, Түркістан облысының әкімі де күтуге тура келді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:38
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Тамыз 2026 12:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















