Оралда Ұлттық ұланның әскери оркестрі тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады
Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің әскери оркестрі қала тұрғындары мен қонақтарына арнап музыкалық бағдарлама ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әскери музыканттар қоғамдық орындарда танымал эстрадалық әндермен қатар, әскери-патриоттық шығармалар мен халық әндерін орындады. Көпшілікке таныс әуендер қала тұрғындарының көңілінен шығып, көрермендер әншілерге қосылып ән шырқап, әскери музыканттарға зор қошемет көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, демалыс күндері әскери оркестрдің шығармашылық ұжымы Орал қаласының саябақтары мен сауда орталықтарында өнер көрсетіп, тұрғындарға музыкалық тарту жасауда. Бағдарламаға заманауи танымал шығармалармен бірге ұлттық музыка үлгілері де енгізілген.
Музыкалық кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады. Әскери оркестрдің өнері қала тұрғындары үшін мәдени демалыстың бір бөлігіне айналып, Ұлттық ұланның қоғаммен байланысын нығайтуға өз үлесін қосуда.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:93
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















