Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыдағы такси сапары боевик сюжетіне айналды

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

​КамАЗ дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

Жүк көліктеріне қала ішінде жүруге тыйым салына ма?

Депутат мектеп бітіруші түлектерге арналған алып гүл шоқтарының жарысын сынға алды

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

Алматы тауларындағы мегакурорт: оны кім салып, қашан іске қосатыны белгілі болды

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

Қазақстанда 400 ден астам кипрлік компания жұмыс істейді

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

Еңбек өтілі 30 жыл, бірақ зейнетақы аз Парламентте қазақстандықтарға төленетін төлемдер мәселесі көтерілді

Ғалымдар жойқын магниттік дауыл туралы ескертті

Сәтбаевтағы стадионда жас вандалдар ойран салды іс қозғалды

Баласы бар сотталған азаматтарға жеңілдіктер беріледі заңға түзету енгізілді

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Пакетке салып, қоқысқа тастады : Атырауда мысық пен безектердің тағдырына байланысты дау туды

​Экспаттар қазақстандықтармен қалай тәжірибе бөліседі: Еңбекмин жаңа ереже енгізді

Қазақстанда полиция мен армияның қатысуымен ауқымды операция басталды

Құрылыс саласын ауқымды өзгеріс күтіп тұр

Құрылыс саласын ауқымды өзгеріс күтіп тұр

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Халықаралық жиын аясында құрылыс сала­сындағы заманауи инновациялық технологиялар, цифрлық жүйеге негізделген жобалар және құрылыс жүргізудің жаңа әдістері таныстырылды. Форум барысында құрылыс жұмысын жүргізетін, құрылыс материалдарын өндіретін және жеткізетін компаниялар арасында B2B форматындағы кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Smart City Central Asia» халықаралық жобасы таныстырылып, заманауи маркетингті жүргізудің тиімді тәсілдері туралы кеңінен айтылды. Ірі құрылыс компаниялары тендерлерге қатысудың жолдары мен тетіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Форумға қатысқан Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің айтуынша, Құ­ры­лыс кодексі күшіне енгеннен кейін саладағы бақылау айтарлықтай күшейеді. Жаңа заңның негізгі талап­тарының бірі – құрылыс нысан­дарын салу кезінде сапалы мате­риалдарды ғана пайдалану. Осы бағыттағы бақылау мен тексеру жұмысы қатаң жүргізіледі. Бұдан бөлек, құрылыс сапасына берілетін кепілдік мерзімі жаңа заңға сәйкес 2 жылдан 10 жылға дейін ұзартылады. Депутаттың пікі­рінше, бұл талаптар құрылыс сала­сының сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

«Бұрын құрылыс компания­лары техникалық бақылау, сарап­та­ма жүргізу, сапаны тек­серу сияқты бірқатар функциялар­ды өздері атқаратын. Олар мұны еркін нарық қалыптастыру және бәсе­ке­лестік арқылы бағаны төмен­дету қажеттілігімен түсіндіріп келді. Алайда іс жүзінде жағдай мүлде басқаша болды. Мемлекеттік бақы­лаудың жеткіліксіздігін пайда­лан­ған кейбір компания­лар өз білгенінше әрекет етті. Оның салдары сапасыз салынған құрылыс нысан­дарынан анық байқалды. Мұндай жағдайда ең алдымен халық пен қарапайым тұтынушылар зардап шегеді.

Осы олқылықтарды жою мақсатында жаңа Құрылыс кодексі қабыл­да­нды. Енді мемлекет пен жер­гілікті атқарушы органдар құ­ры­­лыс нысандарына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді. Бұл құрылыс сапасының төмендеуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Кейінгі жылдары түрлі келеңсіз оқиғалардың куәсі болдық. Олардың басым бөлі­гі сапасыз салынған нысандар мен олардың тұрғындардың өмірі мен денсаулығына төндірген қауіп-қатеріне байланысты еді. Бұдан былай құрылыс сапасына қойы­латын талаптар күшейтіліп, құрылыс материалдарын өндіруге де қатаң стандарттар енгізіледі.

Форумның Шымкентте өтуі де кездейсоқ емес. Өйткені респуб­ли­калық маңызы бар үшінші мегаполис әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жағынан көптеген өңірге үлгі болып отыр. Нақты деректерге сүйенсек, кейінгі жылдары қалаға 2,3 трлн теңге инвес­ти­ция тартылған. Оның шамамен 75 па­йызы – жеке инвестициялар. Елуден астам ірі жоба жүзеге асыры­лып жатыр. Олардың жалпы құны 175 млрд теңгені құрайды. Нәтижесінде, бес жүзге жуық жаңа тұрақты жұмыс орны ашылған.

Кейінгі бір-екі жылда іске қосыл­ған кәсіпорындардың қатарын­да керамикалық тақтайша өндіретін зауыт пен автоклавты газды бетон шығаратын өндіріс орны бар. Бұдан бөлек, қалада инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Бірнеше жолайрық салын­ды, мыңдаған шақырым көше мен жол жөнделіп, асфальттал­ды, көше­лерге жарықтандыру жүйе­лері орнатылды.

Инфрақұрылым мәселесі ше­шіл­ген өңірге инвесторлардың қызы­ғу­шылық танытуы – заңды құбылыс. Ең бастысы, Шымкентте құрылыс индуст­риясы қарқынды дамып келеді. Құрылыс көлемі арт­қан сайын нарықтағы бәсеке­лес­тік те күшейе түседі. Мені бұл өңірде жыл сайын жаңа құры­лыс материалдарының өндірісі жолға қойылып, инновациялық техноло­гия­лардың қарқынды енгізіліп жат­қаны ерекше қызықтырады», деді Мәжіліс депутаты.

Депутаттың айтуынша, құры­лыс индус­триясының муль­тип­ли­­ка­­тивтік әсері жоғары. Яғни бір са­ла­ның дамуы басқа салалардың да өркен­деуіне ықпал етіп, жалпы экономикалық өсімге серпін береді. Мәселен, кез келген құрылыс нысанын салу үшін құрылыс материалдары өндірілуі керек, оған білікті мамандар мен жұмыс күшінің қа­тысуы қажет. Осы­лайша, бір сала эко­но­миканың көп­теген бағытының дамуына ық­пал етіп, тұтас ел эконо­ми­ка­сы­ның өркендеуіне жол ашады.

Сонымен қатар жаңа кодекске сәйкес қосалқы мердігерлер де құрылыс сапасына тікелей жа­уап береді. Бұрын олар жауап­кер­шілікті негізгі мердігерге жүк­теп, өз міндетінен жалтарып кете­тін жағдайлар кездесетін. Енді құрылысты кім жүргізсе, сол орын­дал­ған жұмысқа толық жа­уап береді.

Сондай-ақ жаңа талаптарға сәй­кес мердігер компаниялар бар­лық жұмысты толықтай қосал­қы мердігерлерге бере алмайды. Құрылыс жұмыстарының кемінде 70 пайызын негізгі мердігердің өзі орындауға тиіс. Мәжіліс депута­тының айтуынша, бұл шара құ­ры­лыс нарығындағы әділ бәсе­ке­лестікті қамтамасыз етуге бағыт­тал­ған.
Осы уақытқа дейін көптеген шағын құрылыс компаниялары мен жеке кәсіпкерлер тендерлерге қатыса алмай келді. Соның салдарынан олар ірі компанияларға қосалқы мердігер ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Ал кей жағ­дайда негізгі мердігерлер қар­жы­ның басым бөлігін өздерінде қалдырып, нақты жұмысты атқар­ған орындаушыларға аз ғана қара­жат бөлетін. Соның салдарынан жұмыс сапасы төмендеп, құрылыс нысандарының сапасына кері әсер ететін жағдайлар орын алды. Ал оның зардабын ипотекалық несие алып баспаналы болған қарапайым тұрғындар тартты.

Өз сөзінде халық қалаулысы жаңа кодекске сәйкес енді қадағалау­шы органдар құрылыс нысандарын іргетасы қаланған сәттен бастап бақылауға алатынын айтты. Бұрын құрылыс компаниялары көбіне арзан жұмыс күшін пайдаланатын. Құрылыс саласынан хабары аз, тиісті білімі мен біліктілігі жоқ жұмысшылар өз міндеттерін сапасыз атқаратын жағдайлар да кездесетін. Мұның бәрі ғимарат құ­рылысының жалпы сапасына кері әсерін тигізді. Құрылыс нор­ма­ла­рының сақталмауы салда­ры­нан уақыт өте келе мұндай ны­сан­дарда түрлі ақаулар пайда болатын.

Бұл ретте маманның кәсіби білік­тілігі ерекше маңызды. Егер жұ­мысшы өз ісінің шебері болмаса, құрылыс материалы қаншалықты сапалы болғанымен, орындалған жұ­мыстың сапасында кемшіліктер бай­­қалады. Сондықтан жаңа заңда құ­рылыс саласын бақылау мен қа­дағалау тетіктері едәуір күшей­тіл­ген.

М.Әбеновтің айтуынша, бұрын елімізде бизнес мүддесіне басым­дық беріліп, халықтың мүддесі кейінгі орынға ысырылып келген жағ­дайлар болды. Конституциялық ре­формалардан кейін бұл ұста­ным өзгерді. Енді бас­ты назар аза­маттардың мүддесін қорғауға бағыт­­талады. Жаңа Құрылыс кодек­сінің қабылдануына да осы қағидат негіз болған.

Форум барысында Өзбекстан жас сәулетшілер қауымдастығының төрағасы, әлемнің үздік 100 сәу­лет­ші­сінің қатарына енген Тахмина Тұрда­лиевамен тілдесудің сәті түсті. Оның айтуынша, кез келген са­ланың білікті маманы болу үшін ұзақ жыл күтудің қажеті жоқ. Үздіксіз ізденіп, көп оқыған адам тәжірибе мен білімді жылдам мең­гереді. Оның сөзінше, бүгінде Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан сәулет жобалары авторларының басым бөлігі – жас­тар.

Т.Тұрдалиева Шымкентке алғаш рет келгенін айтты. Сәу­лет­шінің назарын бірден қала­ның қарқынды тіршілігі аударған. Оның пікірінше, шаһар­дың күндіз де, түнде де толастамайтын өмір ырғағы өзіндік ерекшелік саналады және оны сақтап қалу қажет.

Осы әсерге сүйене отырып, қонақ Шымкенттің сырттан келген адамдар үшін өмір сүруге қолайлы әрі жайлы қала екені жөнінде қоры­тын­ды жасағанын айтты. Сонымен қатар әлемге танылған жас сәулетші үшінші мегаполистің тағы бір ерекшелігін атап өтті. Ол – қаланың мол жасыл желегі.

Сәулетшінің айтуынша, ағаш­тар­­дың қалыңдығынан көпте­ген ғимарат жапырақтардың арасынан ғана көзге шалынады. Оның пікірінше, жасыл желек қаланың табиғи қасбеті іспетті. Сондықтан шаһар осы келбетін жоғалтпай сақтап қалуға тиіс.

Өкінішке қарай, қазіргі таңда әлем­нің көптеген қаласы биік ғи­ма­раттар салу үрдісінің салдарынан табиғи жасыл аймақтарынан айы­рылып жатыр. Бұл тұрғыда сәу­­летші Италияның көне қалала­рын мысалға келтірді. Оның айтуынша, ғасырлар бойы сақталған сәулет ескерткіштері көздің жа­уын алғанымен, көлеңкелік жасыл аймақтар аз кездеседі. Осындай жағдай Қытайдың Гонконг пен Шэньчжэнь қалаларында да байқа­лады.

Маманның сөзінше, қалаларды кеңейту барысында бұрыннан қа­лыптасқан табиғи орта жойы­лып кетеді. Оның орнын заманауи биік ғимараттар басады. Сон­дық­тан бүгінгі сәулет өнерінің басты міндеттерінің бірі – жаңа тех­нологияларды пайдалана отырып, табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау.

Сәулетші жаһандану дәуірінде бой көтеріп жатқан көптеген нысанның пайдалану мерзімі ұзақ болмайтынын да атап өтті. Бүгінде Орталық Азия елдерінде кеңестік кезеңнен қалған көпқабатты тұр­ғын үйлер ескі тұрғын үй қорына жатады. Дегенмен, оларды дұрыс күтіп ұстаса, әлі де ұзақ уақыт пай­далануға болады. Ал ең көне сәулет ескерткіштері Тимуридтер дәуі­рінен сақталған тарихи нысандар саналады.

Т.Тұрдалиева Ташкент пен Шым­­кентті салыстыра келе, Шым­кент­­те жасыл желек әлдеқайда көп екенін атап өтті.

Форум аясында ұйымдас­ты­рыл­ған көрмеде құрылыс мате­риал­­дарын өндіруші «Ақтас Ур­баник» компаниясы ерекше назар аудартты. Компанияның сауда жөніндегі менеджері Бахтияр Сопиевтің айтуынша, кәсіпорын негізінен мәрмәр тастан жасалған қоқыс жә­шіктерін, орындықтарды, теннис және шахмат үстелдерін, сондай-ақ велотұрақтарға арналған бұйымдарды өндіреді.

Өнімнің негізгі материалы – ком­позитті мәрмәр тас пен ағаш-полимерлі композит. Мұндай бұйымдарды жасау үшін ұнтақталған мәрмәр тасқа ақ цемент, шайыр және басқа да қос­па­лар қосылады. Кейін қоспа жоғары қысыммен нығыздалып, кептіріліп, өңделеді. Одан кейін түрлі бұйым құрастырылып шыға­ры­лады.
Дайын өнімнің шамамен 80 пайызын ұнтақталған мәрмәр тас құрайды. Компания бұл шикізатты Жамбыл облысындағы Қаратау сілемдерінен жеткізеді.

Мәрмәрдан жасалған бұйым­дар ауыр болғандықтан, олар­ды саябақ­тарда, гүлзарларда және көше­­­лер­де орнатуға қолайлы. Мұндай орын­дықтар мен қоқыс жәшіктерін бүл­діріп немесе орнынан қозғау оңай емес.
Қазіргі уақытта компания өнім­дері Шымкентпен ғана шектелмей, еліміздің барлық өңіріне жөнелтіледі.

Б.Сопиевтің айтуынша, ком­па­ния өнімдерін көбіне ірі құрылыс ұйымдары сатып алады. Олар бұл бұйымдарды тұрғын үй кешен­де­рі­нің аулаларына, саябақ­тарға және қоғамдық кеңістіктерге орнатады.

Сонымен қатар кәсіпорын өнімдеріне жеке азаматтар мен шағын бизнес өкілдері де қызығу­шы­лық танытады. Бірі үй ауласын абаттандыру үшін сатып алса, енді бірі дәмхана немесе дүкен аумағының көркін арттыру мақ­са­тын­да пайдаланады.

Мәрмәр тас та, ағаш-полимерлі композит те ыстық пен суыққа төзімді. Олар шірімейді, ұзақ уақыт бойы бастапқы қалпын сақ­тайды. Бетіндегі шаңды сүртіп жіберсе, қайтадан жаңа күйіне келеді.

Компания өкілінің айтуынша, кәсіпорында 25-30 адам еңбек етеді. Мұндай өнімдерді жасау арнайы білім мен тәжірибені қажет ететіндіктен, өндірісте білікті мамандар жұмыс істейді.

Жалпы, елімізде композитті мәр­мәр тастан қоғамдық орын­дарға арналған бұйымдар шыға­ратын кәсіпорындар көп емес. Солардың бірі – «Ақтас Урбаник».

Б.Сопиев компания өнімдерінің жаңа талаптарға толық сәйкес ке­ле­­тінін және жоғары сапасымен ерекшеленетінін атап өтті. Кәсіп­орынның құрылғанына үш жылдан асқанымен, жаңа нарық­ты толық игеріп үлгермеген. Деген­мен, алдағы уақытта өндіріс көле­мін ұлғайтып, ішкі нарықты өз өнімдерімен кеңінен қамтуды жос­парлап отыр.

Бұл өз кезегінде Шымкенттің құрылыс индустриясы қарқынды дамып келе жатқан өңір екенін көрсетеді. Бүгінде құрылысқа қажетті материалдардың басым бөлігі қалада өндіріледі. Шымкент кәсіпорындарының өнімдері көлемімен ғана емес, сапасымен де тұтынушылардың сеніміне ие болып үлгерді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:19
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Маусым 2026 10:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыдағы такси сапары боевик сюжетіне айналды

03 Маусым 2026 17:41see115

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

04 Маусым 2026 14:26see115

​КамАЗ дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

04 Маусым 2026 19:44see114

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

04 Маусым 2026 09:34see114

Жүк көліктеріне қала ішінде жүруге тыйым салына ма?

03 Маусым 2026 13:25see114

Депутат мектеп бітіруші түлектерге арналған алып гүл шоқтарының жарысын сынға алды

03 Маусым 2026 12:45see114

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

04 Маусым 2026 13:06see114

Алматы тауларындағы мегакурорт: оны кім салып, қашан іске қосатыны белгілі болды

03 Маусым 2026 18:55see113

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

04 Маусым 2026 09:23see112

Қазақстанда 400 ден астам кипрлік компания жұмыс істейді

03 Маусым 2026 19:04see112

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

04 Маусым 2026 10:13see112

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

04 Маусым 2026 10:34see111

Еңбек өтілі 30 жыл, бірақ зейнетақы аз Парламентте қазақстандықтарға төленетін төлемдер мәселесі көтерілді

03 Маусым 2026 14:23see110

Ғалымдар жойқын магниттік дауыл туралы ескертті

04 Маусым 2026 17:44see107

Сәтбаевтағы стадионда жас вандалдар ойран салды іс қозғалды

03 Маусым 2026 20:10see105

Баласы бар сотталған азаматтарға жеңілдіктер беріледі заңға түзету енгізілді

04 Маусым 2026 13:01see104

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

04 Маусым 2026 21:35see104

Пакетке салып, қоқысқа тастады : Атырауда мысық пен безектердің тағдырына байланысты дау туды

04 Маусым 2026 14:27see104

​Экспаттар қазақстандықтармен қалай тәжірибе бөліседі: Еңбекмин жаңа ереже енгізді

03 Маусым 2026 12:23see104

Қазақстанда полиция мен армияның қатысуымен ауқымды операция басталды

05 Маусым 2026 09:45see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары