Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

Өнер саласындағы ауқымды өзгеріс

Өнер саласындағы ауқымды өзгеріс

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мәдениет және ақпарат министрлігі кейінгі бес жылда мәдениет пен өнер саласында ауқымды өзгерістер жүргізді. Аты аңызға айналған ұжымдар қайта жаңғырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы мәдени беделі артты.

2020 жылы бірнеше ұжымға, атап айтқанда Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестріне, М.Әуезов және Абай атындағы театрға, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры мен Ұлттық кітапханаға «Ұлттық» мәртебесі берілді. Осы кезеңде Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры республикалық меншікке өтті. Бұл қадам театрдың даму мүмкіндіктерін кеңейтті.

2022 жылы «Ортеке» қуыршақ би өнері мен Қожанасыр туралы аңыз ЮНЕСКО-ның репрезентативті мұраларының тізіміне енді.

2023 жылдың кейінгі кезеңі стратегия­лық жоспарлау кезеңіне айналды. Атап айтсақ, Үкіметтің шешімімен Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған мәдени сая­сат тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат ұзақмерзімді бағыттарды анықтап, халықаралық ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойы аясында 660 іс-шара ұйымдастырылды.

Кейінгі жылдары Қазақстан мәдениеті күндері бірқатар елдерде (Әзербайжан, Армения, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Мысыр, Ресей және басқа елдерде) ұйымдастырылды. Қазақстан өнерпаздары қатысқан гала-концерттер, театр қойылымдары, қолданбалы және көркемөнер көрмелері, ұлттық фильмдердің көрсетілімі және этно топтардың музыкалық кештері өтті.

Қазақстан делегациясы Каир қаласын­дағы жаңадан қалыпқа келтірілген Сұлтан әз-Заһир Бейбарыс мешітінің салтанатты ашылу рәсіміне және халықтық қолөнер мен өнер көрмесіне қатысты. Ташкент пен Самарқанд қалаларында «Абай» операсының тұсаукесері мен «Қазақконцерт» ұжымының концерті өтті. Сонымен қатар Қазақстан Тәжікстан, Әзербайжан және Саха Республикасының (РФ) мәдениет күндерін ұйымдастырды.

Қазақстан мәдениетін әлемдік деңгейде танытуда 2024 жыл маңызды кезеңге айналды. Қазақстан алғаш рет әлемдегі жетекші өнер көрмесі – Венеция өнер биенналесінде өзінің Ұлттық павильо­нын таныстырды. Осы жылы Париждегі Гиме Азия өнері музейінде және Қытай Халық Республикасындағы Тяньцзинь музейінде («Алтын адам және Ұлы дала» көрмесі) Қазақстан өнерінің көрмелері өтті. Астана Ұлттық музейінде Леонардо да Винчидің «Әдемі ханша­йым» картинасы таныстырылды. Елдің мәдени ұйымдарын бірегей виртуалды интернет кеңістігінде біріктіретін Qazaq Culture ақпараттық-ағартушылық платформасы іске қосылды. Мемлекеттік классикалық гитаристер квинтетімен «Бірлік» ансамблі атты екі жаңа музыка­лық ұжым құрылды.

2024 жыл V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарымен есте қалды, оның ашылу және жабылу салтанатына Димаш Құдайберген қатысты. Ашхабадта Құрманғазы мен Абайдың ескерткіштері, Душанбе мен Қазан қаласында Абай­дың бюстері орнатылды.

2025 жылы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық нығайып, бірқатар халықаралық келісім жасалды. «Мерке әулиесі» атты жаңа номинация бойынша жұмыс басталды. «Беташар» ұлттық рәсімі материалдық емес адамзаттық мәдени мұраның репрезентативтік тізіміне енді. Сонымен қатар Өзбекстанмен бірлесіп «Кесте-сюзанне» бойынша ортақ номинациялық құжат жолданды.

Бейжің қаласында Қазақстан Республи­ка­сының Мәдениет орталығының құрыл­уы осы жылдың маңызды оқиға­ла­ры­ның бірі болды. Орталықтың ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели, қос елдің дипломатиялық өкілдері мен шығармашылық қауым өкілдері қатысты. Орталықтың ашылуы – ұзақмерзімді дипломатиялық ынтымақтастық пен келісімнің жемісті нәтижесі. 2022 жылы Қытай Халық Республикасы Төрағасының Астанаға мемлекеттік сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытайда тең негізде мәдени орталықтар құру жөнінде келісімге келген болатын.

Биыл Ақтау қаласына «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі берілді. Бішкек қаласында Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған «Дос­тықтың алтын көпірі» ескерткішінің ашылуы өтті. Сонымен қатар Түркістан қаласының рухани, тарихи-мәдени және туристік орталық ретіндегі мәртебесін айқындайтын «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң қабылданды.

Қазіргі технологиялар мәдени даму­дың ажырамас бөлігіне айналды. 275 музей, 65 мыңнан астам экспонат және 200-ден аса 3D форматтағы артефакт туралы мәліметтерді қамтитын E-Museum виртуалды музейлер желісі жұмыс істейді. Ұлттық маңызы бар ескерткіштерді сақтау және бақылау мақсатында цифрлық жүйелер мен жасанды интеллект элемент­тері енгізілуде.

2023 жылы тұңғыш рет республикалық бюджеттен мемлекеттік концерттік және оқу орындарына музыкалық аспаптар сатып алуға 1 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл жас музыканттардың кәсіби дамуына және дарынды орындаушыларды қолдауға мүмкіндік берді.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау және наси­хаттау ісі де алға басқан. 2024 жылы музейлердің шетелдік көрмелерін мемлекеттік субсидиялау мен мәдени құн­ды­лықтарды шетелге шығару тәр­тібін реттейтін «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ЮНЕСКО-ға ұсыну үшін «Жібек жолы: Ферғана – Сырдария дәлізі» және «Маңғыстаудың жерасты мешіттері» номинациялық досьелері да­йындалды.

Ұлттық музейде ашылған Палеонто­логия залы мен Қолөнершілер орталығы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. 2023 жылы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музейі жанынан жаңа визит-орталық ашылды. 2024 жылы Түркістан облысында Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу орталығы құрылып, «Ордабасы» мен «Гаухар-Ана» визит-орталықтарының құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар мәдени инфра­құ­рылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. 2020 жылдан бері үш жаңа нысан салынып, пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік ака­де­мия­лық қазақ музыкалық драма театры, Түркістан музыкалық драма театры және Солтүстік Қазақстан облысындағы С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры.

2020 жылы Құддұс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы демеушілік қаражат есебінен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратына жөндеу жұмыстары жасалды. Былтырдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ғимаратын, биыл Наталия Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының ғимаратын реконструкция­лау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тарихи мұраны зерттеудің маңыз­ды орталығына айналатын далалық «Бозоқ» археологиялық паркі салынуда. Жалпы 2025 жылы еліміздегі мәдениет нысандарында 51 құрылыс және 250 жөндеу жұмысы жоспарланған.

2023 жылы кейінгі отыз жылда алғаш рет «Халық әртісі» құрметті атағы қайта тағайындалып, 8 мәдениет қайраткеріне берілді. 65 өнерпаз жас вокал, скрипка, дирижерлік және дәстүрлі музыкалық аспаптар бойынша халықаралық байқау­лар­дың жеңімпазы атанды.

Мәдениет мекемелері қызмет­кер­лерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру (орта есеппен 20 пайыз) жалғасуда. 2022–2025 жылдар аралығында олардың еңбекақысы екі есе көбейді. Биыл 75 әдебиет пен өнер қайраткеріне мемлекеттік стипендия табысталды. Мемлекет басшысы Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында саланың үздіктеріне мемлекеттік наградалар табыстады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бес­жылдық жүйелі қызметі нәтижесінде отан­дық өнерпаздар, шығармашылық ұжымдар мен музей мекемелері ха­лықара­лық деңгейде өнер көрсетіп, қа­зақ мәдение­тін әлемге паш етті. Осы­лай­ша, Қазақстан Орталық Азиядағы мәдени көш­басшыға айналып, заманауи әрі ұлттық құндылықтарды ұштастыра білген мемлекет ретінде танылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 10:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see169

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see149

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

28 Шілде 2026 14:00see149

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

28 Шілде 2026 13:13see147

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see146

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

28 Шілде 2026 13:39see141

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see137

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see133

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see130

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see124

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see120

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see120

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see120

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see118

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

28 Шілде 2026 13:59see117

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see116

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see116

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

28 Шілде 2026 17:20see115

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see114

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

29 Шілде 2026 20:15see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары