Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

2025 жылдың өнер саласындағы елеулі оқиғалары

2025 жылдың өнер саласындағы елеулі оқиғалары

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жыл соңында адам баласы өткеніне көз жүгіртіп, барын таразылап, жоғын түгендейді. Бұл тек жеке адамның емес, кез келген орта мен қауымның да әдеті. Өткен жылға есеп беру бір жағынан атқарылған істі саралау болса, екінші жағынан кейінге қалған шаруаны қайта қолға алу қажеттігін өз-өзіңе еске салу.

Біз де осыны жасамақ ниеттендік. Бірақ өз тірлігімізді емес, қазақ өнерінің биылғы бедерін, есте қалған айтулы оқиғаларды шолып өтпекпіз. Қайсысы қоғамға ой салды, қайсысы мәдениетте із қалдырды, соған назар аударамыз. Әрине, бұл біздің субъективті көзқарасымыз. Сондықтан «айтулы оқиғалар» тізімін әркім өз танымы мен талғамына сай өзі де түзе алады.

Алғаш ойға оралатыны - Абайдың 180 жылдық мерейтойы. Мемлекеттік жоспарға сәйкес өткен іс-шара “отыз күн той” болмаса да, онкүндік ретінде халықтың есіңде қалды. Семей өңірінен бөлек, ресми ақпарат бойынша, жыл бойы Қазақстанның барлық өңірінде және шетелде мерейтойға арналған мәдени, ғылыми және ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылды. Олардың қатарында конференциялар, әдеби кештер, театр қойылымдары, айтыстар, көрмелер мен білім беру жобалары болды. Мерейтой бір күнмен немесе бір қалада өтетін шарамен шектелмей, жыл бойына созылды.

Мысалға,  1-10 тамыз аралығында Семей қаласынында айтулы шаралар өтті. Онкүндік барысында «Abai Akademiyasy» цифрлық порталының тұсаукесері ұйымдастырылып, қалада этноауыл ашылды, қолөнершілер фестивалі, ұлттық спорт жарыстары өткізілді. Осы күндері театр қойылымдары, моноопера, симфониялық және халықтық концерттер, белгілі өнерпаздардың шығармашылық кештері сахналанды. Сонымен қатар ақындар айтысы, жас ақындар мүшәйрасы, халықаралық ақындар фестивалі, кітап пен энциклопедия тұсаукесерлері, көрмелер мен ғылыми конференциялар өтті. Ал 10-тамызда Абай күні Семей мен Жидебайда  қорытындыланып, мерейтой аясындағы мәдени бағдарламалар толық қамтылды.

Тағы бір ойға оралған маңызды оқиғалардың бірі - 2025 жылы Ақтаудың Түркі дүниесінің мәдени астанасы атануы. Бұл мәртебе TURKSOY шешімімен беріліп, жыл бойына жоспарланған мәдени бағдарламалар арқылы жүзеге асты. Ақтау бұл атақты бір реттік салтанат ретінде емес, жүйелі мәдени процесс ретінде қабылдады. Ресми мәліметтерге сәйкес, жыл ішінде қалада және өңірде түркі халықтарының ортақ мұрасын танытатын концерттер, фестивальдер, көрмелер, ғылыми кездесулер мен шығармашылық жобалар ұйымдастырылды. Іс-шаралар тек сахналық өнермен шектелмей, дәстүрлі музыка, жыр-күй, қолөнер, тарихи жады және қазіргі мәдени байланыстарды қамтыды.

Мысалы, жыл бойына Ақтау қаласында түркі елдерінен келген өнер ұжымдарының қатысуымен халықаралық концерттер өтті, қолөнер көрмелері, мәдени форумдар, шығармашылық кездесулер мен жастарға арналған мәдени жобалар іске асты. Ақтаудың жағалауы мен тарихи ландшафты да мәдени бағдарламаның бір бөлігіне айналып, іс-шаралар қала орталығымен ғана шектелмей, ашық алаңдарда өткен екен.

2025 жылы Астана мен Алматыда жаңа өнер мұражайларының ашылуы қазақ мәдениеті үшін ірі мәдени оқиға ретінде көрінді. Қазан айында Астанада «Өнер музейі» өз есігін айқара ашты, мұнда 1600-ден астам ұлттық музыкалық аспап, соның ішінде сирек кездесетін желбуаз, мес сырнай, уілдек және тастауық сияқты дәстүрлі аспаптар қойылған. Мұражай экспозициялары арасында ұлттық киімдер мен қолдан жасалған бұйымдар да бар, сондай-ақ мұражай жанында ғылыми-зертханалық шеберхана да жұмыс істейді, ол аспаптарды қалпына келтіру және зерттеу бойынша қызмет атқарады. Мұндай музейдің ашылуы ұлттық мәдениет пен қолөнерді сақтау әрі таныту бағытында нақты қадам болды.

Осы сияқты Алматыда да Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайы ресми түрде ашылды. Бұл Орталық Азиядағы алғашқы ірі жеке музей болып саналатын нысан, онда заманауи өнердің көрнекті туындылары мен Қазақстан, Орталық Азия мен шетелдік суретшілердің шығармалары қойылған. Мұражайдың коллекциясы 700-ден астам жұмыстан тұрады, архитектурасы қала мен табиғат ұғымдарын үйлестірген, әрі қоғамдық кеңістік ретінде де жоспарланған. Ашылу күндері оған мыңдаған адам келіп көрмені тамашалады. Бұл музей елдің мәдени инфрақұрылымында жаңа белесті білдіреді және заманауи өнерді кең түрде танытуға мүмкіндік беретін орынға айналды.

Төртінші назар аударарлық шара Dombyra Party дер едік. Бұл бастама жаңа емес, бұрын да болған, алайда соңғы жылдары не мүлде өтпей, не өте тар ауқымда ғана ұйымдастырылып жүргені байқалатын. 2025 жылы жағдай өзгерді. Әлеуметтік желілерде Dombyra Party форматындағы шаралар жиі көріне бастады, олар тек әуесқой деңгейде емес, кең аудиторияны қамтыған көпшілік іс-шараларға айналды. Қала алаңдарында, ашық кеңістіктерде, жастар жиналатын орындарда домбырамен күй тарту қайтадан көзге түсті.

Ең бастысы Dombyra Party атауының өзі қолданысқа ене бастады. Бұрын бұл формат бейресми бастама ретінде қабылданса, биыл мемлекеттік және облыстық деңгейдегі мәдени іс-шараларда да дәл осы атаумен аталып, ресми бағдарламаларға кіргені байқалды. Бұл Dombyra Party-дің тек флешмоб не бір реттік акция емес, қоғам қабылдаған, танылған формаға айналғанын көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, 2025 жыл Dombyra Party үшін қайта жандану кезеңі болды деуге негіз бар.

Тағы бір елеулі оқиға ретінде «Шежірелі құлақ күй» жобасын атауға болады. Бұл жоба күй туралы кезекті хабар немесе орындаушылық бағдарлама/шолу емес. Негізгі өзегі - отарлау саясатының қазақ домбырасы мен күй өнеріне қалай әсер еткені туралы жүйелі әңгіме. Жоба 20 сериядан тұрады және әр бөлім жеке тақырыпты қамтиды. Күйшілердің көзін жою, дәстүрлі есту мәдениетінің үзілуі, орындаушылық ортаның өзгеруі, сондай-ақ күй мен домбыраның формалық, мағыналық тұрғыда қалай трансформацияланғаны талданады. Мұнда күй тек музыкалық шығарма ретінде емес, тарихи дерек пен мәдени куәлік ретінде қарастырылады.

Жобаның тағы бір ерекшелігі - оның тұрақты форматы. «Шежірелі құлақ күй» әр апта сайын, нақтырақ айтқанда әр сәрсенбі күні өз YouTube арнасында жаңа сериясын жариялап отырады. Бұл жобаны бір реттік акциядан гөрі ұзақ мерзімді зерттеу жұмысына жақындатады. Әр серияда бір мәселе көтеріліп, күй тарихына қатысты ұмыт қалған немесе айтылмай келген тақырыптар қозғалады. Осы тұрғыдан алғанда, «Шежірелі құлақ күй» 2025 жылғы мәдени кеңістікте күй туралы әңгіменің бағытын өзгерткен, жаңаша ой салар жоба ретінде ерекшеленді.

Қорытындылай айтқанда, біздің шағын шолуымыз осы бес оқиғамен шектеледі. Мұндағы мақсат бір оқиғаны асыра дәріптеп, енді бірін төмендету емес. Сөз басында айтқанымыздай, бұл өз көрқарасымызға сүйенген жеке пікіріміз, әркім осылайша өз тізімін өз талғамына сай құра алады. Біз тек 2025 жылы қоғам назарын аударған, мәдени кеңістікте із қалдырған бағыттарды атап өтуді жөн көрдік.

Абайдың 180 жылдығы, Ақтаудың Түркі дүниесінің мәдени астанасы болуы, Өнер мұражайларының ашылуы, Dombyra Party-дің қайта жанданып, кең таралуы және «Шежірелі құлақ күй» жобасының пайда болуы біздіңше формасы әртүрлі болғанымен, мазмұны жағынан бір арнаға тоғысады. Осылардың барлығы қазақ мәдениетінің биыл аз да болса ілгері жылжығанына үміт пен сенім ұялатады.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz  сайтына белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:248
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Желтоқсан 2025 07:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары