Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Швейцариядағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды

Шымкенттік кәсіпкерлермен кездесуде орта бизнес пен креативті экономиканы дамыту мәселесі талқыланды

Келешегі мол кеніштер

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына үндеу жолдады

2025 жылы ел аумағында қандай алапат өрт оқиғалары тіркелді?

2025 жылы ел аумағында қандай алапат өрт оқиғалары тіркелді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Төтенше жағдайлар министрлігінің сәуір айында жариялаған мәліметінше, 2024–2025 жылдардағы жылыту кезеңінде ел аумағында 4 041 өрт оқиғасы тіркелген. Құтқарушылар қызыл жалыннан 416 адамды құтқарса, 187 азамат мерт болған.  Ал 162 адам әртүрлі дәрежеде күйік алып, ыстан уланған. Күн сайын ТЖМ бөлімшелері 100-ден 150-ге дейін әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға, оның басым бөлігінде өрт сөндіруге шығады. Сан дерек сөйлеп тұрғандай, елімізде өрт оқиғалары жиі тіркеледі. Жоғарыда атап өткеніміздей өрт салдарынан азаматтар өмірмен қош айтысып жатыр. 2025 жыл аяқталуға таяған тұста биыл тіркелген ауқымды өрт фактілерін еске саламыз, деп жазады Egemen.kz.

Фото: azattyq.org

Адам өмірін жалмаған қызыл жалын 

Биыл 4 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында жекеменшік тұрғын үйде өрт шығып, 5 бала көз жұмды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қызыл жалын шамамен 30 шаршы метр аумақты қамтып, үй ішіндегі тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртке оранған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі үйден ес-түссіз жатқан бес баланы алып шығып, жедел ауруханаға жеткізгенмен бүлдіршіндерді аман алып қалу мүмкін болмаған. Қайтыс болған балалардың ең үлкені – 6, ең кішісі – 3 жаста болған. Олар 2019, 2020, 2021, 2022 және 2023 жылы туған. Ал аудан әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, отбасы бұл үйді жалға алып тұрған.

9 қазан күні Павлодар облысындағы шаруа қожалығында өрт шығып, қызыл жалын 6 адамның өмірін жалмады. Өрт өңірдегі Солнечный кентінен 7 км қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде болған. Шаруа қожалыққа құтқарушылар келгенде тұрғын үй толығымен өртке оранғанын көрген. Өрттің салдарынан шатыр жартылай құлап, өрт іргелес құрылыстарға да таралып, жалпы ауданы 920 шаршы метрге жайылған. Өрт кезінде үйде 7 адам болған. Олардың бірі 1972 жылы туған ер адам өз бетінше сыртқа шығып үлгерген. Қалған 6 адам оқиға орнында жан тапсырған.

18 қараша Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында бір әулиеттің 12 мүшесі өрт салдарынан қаза тапты. Оның ішінде тоғызы – кәмелетке толмаған бала. Олар 2009, 2010, 2012, 2015, 2017, 2019, 2021 және 2024 жылы дүниеге келген. Өртеніп жатқан үйден өз күшімен шыққан 1986 жылы туған ер адамның денесінің 12%-ы  күйген, оның жағдайы ауыр деп бағаланған. 1991 жылы және 2018 жылы туған тағы екі адамның денесінің тиісінше – 30%-ы, 11%-ы күйген еді. Сол уақытта олар аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған болатын. Десе де дәрігерлердің жан-жақты жүргізген медициналық көмегіне қарамастан 2018 жылы туған қыз ауруханада бақилық болды.

Базар мен сауда желілеріндегі өрт оқиғалары

Осы жылы ел өңірлері мен Астана, Алматы қалаларында бірнеше базар мен сауда желілерінен өрт шықты.

Ақпан айында Астанадағы «Saryarka» сауда орталығына жапсарлас салынған 2 қабатты ғимараттан өрт шықты. Өртті сөндіруге 10 техника мен 50 адам жұмылдырылды. Қызыл жалын 100 м² аумақты қамтыды. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

18 шілде күні елордадағы «Alash Highway» базарында ірі өрт тіркелді. Өрт сөндіру қызметіне кеш хабарланғандықтан қызыл жалынды сөндіру жұмыстары күрделі өтіп, 100-ден аса өрт сөндіруші және 60 техника жұмылдырылды. Мамандар өрттің өзге де аумаққа таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер анықталмады.

Астанада халық қарасы үзілмейтін «Asem» базарында 6 қараша күні өрт шықты. Абырой болғанда аталған төтенше жағдай кезінде келушілер мен саудагерлер зардап шеккен жоқ.

18-ші қарашадан 19-шы қарашаға қараған түні Астанадағы «Big Шанхай» базарында да алапат өрт болды. Оқиға орнына алғашқы бөлімшелер жеткенде өрт өршіп, қабатаралық жабын ішінара құлаған. Құтқарушылар өрт қарқынының жоғары болғанын, қатты түтін де оны сөндіруде біршама қиындық туғызғанын атап өткен. Базар әкімшілігі өрт туралы хабарламаған. Өртті бірінші және үшінші қабаттың терезелерінен шыққан қою қара түтінді байқап қалған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздері анықтаған. Өртті сөндіруге ТЖД және жергілікті атқарушы органның 165 қызметкері және шамамен 62 бірлік техникасы жұмылдырылған. 

28 маусым күні Өскемендегі жергілікті тұрғындар арасында «Оңтүстік базар» аталып кеткен сауда қатарларынан да өрт шықты. Өрт әуелі жастықтар сақталатын қоймада тұтанған. Өрттің тез таралу қаупі басым болғанмен, мамандардың жедел әрекетінің арқасында қызыл жалын дер уақытында ауыздықталды.

11 тамыз күні Алматыдағы Солтүстік айналым көшесіндегі базар аумағында таңғы уақытта өрт тұтанған. Қызыл жалын 70 м² аумақты шарпыған. Кейіннен өрттің базар маңындағы контейнерлер мен асханадан шыққаны анықталды.

Қоқыс полигонындағы өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды

15 қыркүйек күні Алматыдан 35 шақырым жерде орналасқан Алатау қаласындағы қоқыс полигонынан өрт шықты. Алапат өрт 1 аптаға созылып, мамандар өртті 7 күннен кейін ғана оқшаулай алды. Қалада осы өртке байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Өрт 10 гектар аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының, Абай және Жетісу облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары, № 28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдері, сондай-ақ ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 60 мыңдай адам бюджет есебінен сақтандырылады

Аймақтар • Бүгін, 16:12

Жаңа жыл түні қандай әрекеттер үшін айыппұл салынады?

Қоғам • Бүгін, 16:07

Елімізде жаңа жыл қарсаңында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік күшейтілді

Қоғам • Бүгін, 15:52

Қазақстан онлайн-қызмет сапасы бойынша әлем елдері арасындағы үздік ондыққа кірді

Оқиға • Бүгін, 15:44

Ұлт батырын ұлықтаған 10 томдық жинақ жарық көрді

Айбын • Бүгін, 15:33

Президент «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» заңға қол қойды

Президент • Бүгін, 15:10

Атырау қаласы маңынан жаңа 7 елді мекен құрылуы мүмкін

Аймақтар • Бүгін, 15:03

Еліміздің қорғаныс саласында қандай цифрлық шешімдер енгізілген?

Технология • Бүгін, 14:50

Астанада банк қызметкері клиенттің шотынан 34 млн теңгесін жымқырған

Оқиға • Бүгін, 14:45

Атырауда бір жыл бойы заңсыз жүрген шетелдік азамат елден шығарылды

Аймақтар • Бүгін, 14:40

Мемлекеттік кеңесші әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды

Әскер • Бүгін, 14:30

Таеквондодан ел чемпиондары анықталды

Спорт • Бүгін, 14:25

Астанада «Дипломат» тұрғын үй кешенінің жанында мейрамхана өртенді

Оқиға • Бүгін, 14:19

Антикадан Астанаға дейін: кітапханалар қалай жаңартылып жатыр?

Білім • Бүгін, 14:13

Ел тұрғындары баспана мен емделу бағытында БЖЗҚ-дан қанша трлн теңге алды?

Қаржы • Бүгін, 14:01

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Желтоқсан 2025 16:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

08 Тамыз 2026 03:20see114

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see112

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

07 Тамыз 2026 23:25see112

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see111

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see110

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see110

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see109

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see109

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see108

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see107

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see105

Швейцариядағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды

07 Тамыз 2026 21:08see105

Шымкенттік кәсіпкерлермен кездесуде орта бизнес пен креативті экономиканы дамыту мәселесі талқыланды

07 Тамыз 2026 20:10see104

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see103

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see102

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see101

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see100

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

08 Тамыз 2026 05:11see99

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see99

Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына үндеу жолдады

07 Тамыз 2026 18:57see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары