Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада екі пәтерде есірткінің бірнеше түрін сақтаған азамат ұсталды

Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел қаза тапты

Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады

Оралда 96 жастағы тыл еңбеккері 9 мамырға арналған төлемді ала алмай, тіркеусіз қалды

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

Старобельск колледжіне жасалған шабуыл: қаза болғандар саны артты

Қайрат пен Қайсар ҚПЛ 2026 матчында жеңімпазды анықтай алмады

Желідегі видео: Өлген аюдың суретіне қатысты аудан әкімдігі түсініктеме берді

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

Ақ үй маңында атыс болып, күдікті қаза тапты

Жетісуда ауылға кіріп кеткен аюдың қонжығы іздестіріліп жатыр

Сақ болыңыз : полиция айыппұл туралы SMS келсе, не істеу керектігін түсіндірді

Келісім ұзартылды: Барыс хоккей клубы америкалық Райли Уолшқа қанша ақша төлейді

Қытайлық астронавт жалғыз өзі ғарышта бір жыл болады

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Самирхон Абабакиров таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?

Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы дамуын жалғастырғанымен, өсім қарқыны баяулай бастағаны аңғарылады. Инфляциялық қысым, ірі қалалардағы инфрақұрылымдық шектеулер, сондай-ақ салық және реттеу саясатының өзгеруі нарыққа қатысушылар үшін жағдайды күрделендірді. Бұл үдеріс тізбекті реакция секілді құрылыс көлеміне әсер етіп, сонымен қатар құрылыс материалдарын өндірушілердің белсенділігіне ықпал етіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: freepik.com

Нарықтағы баяулау белгілері

Ұлттық статистика бюросы дерегінше, биылғы қаңтарда ел бойынша тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері 10,3%-ға қысқарған. Бір айда 27,7 мың пәтер мен жеке үй сатылған. Қаңтар айы дәстүрлі түрде белсенділігі төмен кезең саналады, әйтсе де, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда әлсіз басталған.

2019 жылдан бергі кезеңге көз жүгіртсек, нарық айтарлықтай құбылмалы сипатқа ие. 2019-2020 жылдары жылдық мәміле саны 300 мыңнан сәл асқан. Ал 2021 жылы зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі енгізіліп, мәміле саны 606,1 мыңға дейін жетті. Кейінгі екі жылда көрсеткіш төмендеп, 2024 жылы қайтадан 16,8%-ға өскен. 2025 жылы өсім 3,6%-ға дейін баяуласа, биылғы қаңтарда нарық іс жүзінде тоқырау кезеңіне жақындағанын көрсетті.

Баға қысымы және жаңа салықтар

Қазіргі ахуалға бірнеше фактор әсер етіп отыр. Соның бірі – құрылыс салушылар үшін 16% мөлшеріндегі қосылған құн салығының (ҚҚС) енгізілуі, ипотекалық саясаттағы ықтимал өзгерістер және тұрғын үй бағасының өсуі.

Қаңтар айында жаңа тұрғын үйлердің орташа бағасы өткен жылдардың осы кезеңімен салыстырғанда ең жоғары өсімді көрсетті – 17%. Бір жыл ішінде жаңадан салынған баспананың бір шаршы метрі 100 мың теңгеден астам қымбаттап, 604,8 мың теңгеге жетті.

Павлодарда құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы 2 жылға сотталды

Мегаполистерге түсетін салмақ

2025 жылдың қорытындысында ел бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 20,1 млн шаршы метрге жетіп, рекордтық деңгей тіркелді. Алайда жылдық өсім қарқыны 6% болып, алдыңғы жылдармен салыстырғанда баяулады.

Жалпы көрсеткіштің 44%-ы Алматы, Астана, Шымкент қалаларына тиесілі. Осы үш мегаполисте 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй салынған. Дегенмен дәл осы қалаларда инфрақұрылымдық жүктеме күшейіп отыр – мектеп, аурухана, инженерлік желілер мен көлік жүйесіне түсетін салмақ артып жатыр. Бұл жағдай құрылыс қарқынын тежейтін факторға айналып отыр.

Құрылыс құны қымбаттады

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы бір шаршы метр тұрғын үй салуға жұмсалған орташа шығын 222,1 мың теңгені құраған. Бұл – 2024 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға жоғары. Құрылыс материалдарының қымбаттауы, кейбір өнімдердің тапшылығы және импорт үлесінің артуы өзіндік құнға әсер етті.

Мысалы, «Строительная информация» компаниясының талдауына сәйкес, құрғақ құрылыс қоспалары сегментінде отандық өнім үлесі 92%-дан 88%-ға дейін төмендеген. Суэмульсиялы бояулар нарығында да жергілікті өндірушілер үлесі 88%-дан 82%-ға қысқарған.

Өндіріс көлемі де әркелкі. Құрғақ құрылыс қоспаларының шығарылымы шамамен 1,3 млн тоннаны құрап, небәрі 2,1%-ға артқан. Гипс өндірісі 5,6%-ға, гипсокартон 4,3%-ға артқан. Ал бояу жұмыстарына арналған шпатлёвка өндірісі 6,5%-ға азайған.

Қонаевта кәріз-тазарту жүйесінің құрылысына қанша қаржы жұмсалады?

Болжам және өңірлік бәсеке

Alina Group холдингінің болжамынша, 2026-2029 жылдары Қазақстанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 18-19 млн шаршы метр деңгейінде тұрақтап, өсім нөлдік деңгейге жақындайды. Сарапшылар Өзбекстан құрылыс қарқыны бойынша 2028 жылға қарай Қазақстанның көрсеткіш деңгейіне жетуі мүмкін екенін айтады. Ал Қырғызстан нарығы 2000 жылдардың басындағы Қазақстан кезеңін еске салады – бұл ірі девелоперлер үшін жаңа мүмкіндік.

Alina Group – 36 жылдан бері құрғақ құрылыс қоспалары мен лак-бояу өнімдерін шығарып келе жатқан жетекші компания. Холдингтің құрамында 19 өндірістік алаң бар, нарықтағы үлесі 40%-дан асады. Компания портфелінде кең танымал AlinEX және Alina Paint брендтері бар.

Салалық диалог алаңы

17 сәуірде Алматыда Alina Group бастамасымен ProForum Central Asia 2026 халықаралық конференциясы өтеді. Іс-шараны AlinEX бренді ұйымдастырады. Конференцияда отандық және шетелдік сарапшылар 2026-2027 жылдарға арналған трендтер мен болжамдарды талқылап, экономикалық құбылмалылық жағдайындағы тұрақты даму тетіктерін ұсынады.

Қорытындылай айтқанда, құрылыс пен құрылыс материалдары нарығы жаңа кезеңге қадам басты. Салықтық өзгерістер, баға қысымы және инфрақұрылымдық шектеулер саланың өсімін баяулатқанымен, сарапшылар бұл ахуалды жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кезең деп бағалайды. Нарық ойыншылары үшін ендігі басты міндет – тәуекелді тиімді басқарып, бәсекеге қабілеттілікті сақтап қалу.

Павлодарда салықтан жалтарған құрылыс алпауыттарынан 120 млн теңге өндірілді

Соңғы жаңалықтар

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?

Қоғам • Бүгін, 16:55

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?

Қоғам • Бүгін, 16:52

Атырауда үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 16:42

Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті

Аймақтар • Бүгін, 16:30

Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Хоккей • Бүгін, 16:25

Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды

Экономика • Бүгін, 16:11

«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?

Спорт • Бүгін, 16:10

Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді

Спорт • Бүгін, 16:01

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін

Қоғам • Бүгін, 15:47

Таразда жол белгілерінің дұрыс орнатылмауы салдарынан жүргізушілерге 345 млн теңге айыппұл заңсыз салынған

Қоғам • Бүгін, 15:40

2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?

Ауыл • Бүгін, 15:30

Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды

Ата заң • Бүгін, 15:23

LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?

Қоғам • Бүгін, 15:18

Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады

Президент • Бүгін, 15:08

Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады

Президент • Бүгін, 15:05

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Ақпан 2026 17:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада екі пәтерде есірткінің бірнеше түрін сақтаған азамат ұсталды

23 Мамыр 2026 08:53see109

Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел қаза тапты

23 Мамыр 2026 11:00see109

Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр

23 Мамыр 2026 13:55see108

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

24 Мамыр 2026 16:44see107

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

24 Мамыр 2026 18:45see106

Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады

23 Мамыр 2026 18:58see106

Оралда 96 жастағы тыл еңбеккері 9 мамырға арналған төлемді ала алмай, тіркеусіз қалды

23 Мамыр 2026 12:20see105

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

24 Мамыр 2026 19:34see103

Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

24 Мамыр 2026 11:25see103

Старобельск колледжіне жасалған шабуыл: қаза болғандар саны артты

23 Мамыр 2026 16:37see102

Қайрат пен Қайсар ҚПЛ 2026 матчында жеңімпазды анықтай алмады

23 Мамыр 2026 20:47see102

Желідегі видео: Өлген аюдың суретіне қатысты аудан әкімдігі түсініктеме берді

24 Мамыр 2026 16:05see99

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

24 Мамыр 2026 20:11see99

Ақ үй маңында атыс болып, күдікті қаза тапты

24 Мамыр 2026 09:43see98

Жетісуда ауылға кіріп кеткен аюдың қонжығы іздестіріліп жатыр

24 Мамыр 2026 19:11see95

Сақ болыңыз : полиция айыппұл туралы SMS келсе, не істеу керектігін түсіндірді

24 Мамыр 2026 17:21see95

Келісім ұзартылды: Барыс хоккей клубы америкалық Райли Уолшқа қанша ақша төлейді

23 Мамыр 2026 11:26see93

Қытайлық астронавт жалғыз өзі ғарышта бір жыл болады

24 Мамыр 2026 10:30see93

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

24 Мамыр 2026 16:40see93

Самирхон Абабакиров таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

23 Мамыр 2026 12:46see92
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары