Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Әділетті қоғамның іргетасы: Халықты әлеуметтік қорғау саласын қандай өзгерістер күтіп тұр?

Әділетті қоғамның іргетасы: Халықты әлеуметтік қорғау саласын қандай өзгерістер күтіп тұр?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мемлекет, қоғамдағы ең үлкен құндылық – адам өмірі. Балалар, көпбалалы аналар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жұмыссыздар мен табысы төмен отбасылар – әлеуметтік саясаттың тікелей наза­рын­да­ғы топтар. Сол тұрғыда 2026 еліміздің әлеуметтік саясатындағы өтпелі кезең аяқталып, жаңа Әлеумет­тік кодекстің нормалары толық қуатында жұмыс істей бастайтын жыл ретінде сипатталып отыр.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ» Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Сарапшылардың пікірін­ше, биыл басты назар инфля­ция­лық қысымды еңсеру мақсатында базалық көрсеткіштерді индекстеуге, цифрлық құралдар арқы­лы көмекті алдын ала, проактивті негізде ұсынуға аударылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың басты тетігі – түрлі төлемдердің барлығы дерлік екі негізгі көрсеткішке – айлық есептік көрсеткіш (АЕК) пен ең төменгі күнкөріс деңгейіне (ЕТКД) байланған. 2026–2028 жыл­дарға арналған республикалық бюд­жет тура­лы заңға сәйкес, бұл көр­сет­кіштер инфляцияның болжамды дең­гейіне сәйкес ұлғаяды.

2026 жылы елімізде әлеуметтік қор­ғау саласында зейнетақы мен жәр­­демақылардың 10,5%-ға индекс­телуі, МӘМС аясында аурулар тізімінің кеңеюі, Салық кодексіне енгізілген өзгерістермен байланыс­ты әлеуметтік қолдауға құқылы топ­тар­дың нақтылалуы сияқты негізгі өзгерістер болады. Халықтың әлеу­меттік әл-ауқатын арттыруға, әсіре­се медициналық қызметтерге қол­же­тімділікті жақсартуға, әлеуметтік кө­мек­ті тұрақтандыруға бағытталған бұл шешімдер арқылы 2,6 миллионнан астам зейнеткер мен 2,3 миллионға жуық жәрдемақы алушы қамтылады. Зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдема­қы­лар 10,5%-ға өседі.

Жаңа Салық кодексі мен басқа да нормативтік актілер арқылы арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алушылар, мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, созылмалы аурулармен ауыратындар сияқты негізгі санаттар айқындалады. Биыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне республикалық бюджеттен 6,8 трлн теңге бөлінеді. Оның 6,7 трлн-ы зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге жұмсалады. Жалпы, әлеуметтік төлемдерге 2025 жылмен салыстырғанда 860,5 млрд теңге артық көзделген.

Биылдан бастап азаматтық қызмет­кер­лердің ең төменгі жалақысы 99 мың теңге көлемінде болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев таратып айтып берді. «Бюджетте арнайы өсім көзделмегенімен, азамат­тық қызметкерлердің ең төменгі жала­қы мөлшері 2026–2028 жылдарға арнал­ған республикалық бюджетте 99 мың теңгеден төмен болмайды деп көр­се­тіл­ген. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары жыл сайын қайта қаралып отырады», дейді вице-министр.

Бұл норма барлық мемлекеттік орган­ның жоспарларына енгізілген. Сонымен қатар жалақыны жыл сайын қайта қарау тетігі заңнамалық деңгейде бекітілген. «Еліміз тиісті халықаралық конвенцияны ратификациялады. Енді ең төменгі жалақы көлемі жыл сайынғы тал­қылау мен жаңартудың тұрақты үде­рісіне айналады», деп мәлімдеді А.Ертаев.

Биылғы жыл зейнетақы жүйесіндегі маңызды реформалардың жалғасы болады. Мұндағы басты жаңалық – жұ­мыс берушінің міндетті зейнетақы жар­наларының (ЖМЗЖ) кезең-ке­зеңі­мен өсуі. 2024 жылы енгізілген жұмыс берушінің міндетті жарнасы жыл сайын көбейіп келеді. 2026 жылы бұл көрсеткіш нақты бекітілген кестеге сәйкес жұмыс­кер­­дің айлық табысының 2,5%-ынан 3,5%-ына дейін өседі. Сондай-ақ ба­­за­­­лық зейнетақының ең төменгі мөл­ше­рін ең төменгі күнкөріс дең­гейінің 70%-ына, ең жоғарғы мөл­шерін 120%-ына дейін жеткізу жос­парланған.

Ана мен баланы қорғау саласында төлемдердің мерзімі немесе көле­мін­дегі түбегейлі өзгерістерден гөрі, оларды тағайындау механизмінің жетіл­ді­рілуі­не басымдық беріледі. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны 1,5 жасқа дейін төлеу нормасы биыл да өз күшінде қа­ла­ды. Дегенмен мемлекеттік бюджет­тен бөлінетін субсидиялар көлемі артады.

Көпбалалы отбасыларға тиесілі жәрдемақы табысқа қарамастан бері­леді, дегенмен АЕК мөлшеріне тіке­лей байланысты. АЕК-тің өсуі жәр­демақыны да автоматты түрде көбей­теді. Босанатын аналарға бір реттік, ай сайынғы төлемдер де артады. Жұмыс істейтін аналардың төлемі кейінгі екі жылдағы табысының 40%-ы көлемінде сақталады, бірақ оның ең жоғарғы шегі 7 ең төменгі жалақы көлемінде шек­те­леді.

«Отбасының цифрлық картасы» толық функционалдық режімге көшеді. Бұл жүйе мемлекеттік органдардың 80-нен астам дерекқорын біріктіреді. Егер бұрын азамат жәрдемақы алу үшін өтініш беруі керек болса, биылдан бастап жүйе отбасының әлеуметтік мәртебесін өзі анықтап, SMS арқылы проактивті түрде көмек ұсынады. Са­рап­шылар мұны «көрінбейтін мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асуы деп бағалап отыр. Бұл сыбайлас жемқорлықты жойып, бюрократияны қысқартады.

Мүгедектігі бар адамдарды қолдау саласында қызметтерді монетизация­лау, қолжетімділікті арттыру трен­ді жал­ғасады. Арнаулы әлеуметтік қыз­мет­тер көрсету стандарттары қайта қаралып, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) бұл салаға қатысуы кеңейтіледі. Мем­ле­кеттік тапсырыс арқылы жеке­мен­шік оңалту орталықтарына жүгіну мүмкіндігі артады.

Ендігі жерде дәрі-дәрмек пен оңалту құралдарын алу толықтай e-gov mobile ішіндегі «Әлеуметтік әмиян» арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Бұл азаматқа мем­лекет ұсынған тауарды емес, өзіне қажетті сапалы тауарды таңдау құқы­ғын береді.

Жаңа жылдан әлеуметтік қорғаудың жаңа қыры – таксистер, курьерлер, фрилансерлер сынды платформалық жұмысшыларды әлеуметтік сақтандыру жүйе­сіне тарту қолға алынады. Өткен жылы басталған қанатқақты жоба­лар­дың нәтижесінде Yandex, Glovo сияқты интернет-платформалар операторлары өз жұмысшыларының бірыңғай төлемін автоматты түрде ұстап қалу жүйесіне толық көшуі мүмкін. Бұл шара шамамен 500 мыңнан астам азаматты «көлеңкелі» экономикадан шы­ғарып, оларға жұмыссыз қалған жағдайда немесе жүктілікке байланыс­ты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлем алу құқығын береді.

Осыдан үш жыл бұрын «Amanat» партиясының бастамасымен қолға алынған «Қарызсыз қоғам» жобасы әлеуметтік саясаттың интеграцияланған бөлігіне айналуы бек мүмкін. Тек оқыту ғана емес, борышкерлерді жұ­мыс­қа орналастыру, олардың несие­лік жүктемесін азайтуға қатысты мем­ле­кеттік шаралар қатаңдатылады. Әлеу­мет­тік кодекс аясында азаматтардың несие қабілеттілігін бағалауда олар­дың отбасылық бюджетінің нақты мүм­кін­дік­тері қатаң ескерілетін болады.

Халықты әлеуметтік қорғау саласы бағытын «атаулы әлеуметтік кө­мек­тен – сапалы жұмыспен қамтуға» қарай өзгертеді. Сараптамалық болжам бойынша 2026 жылдың негізгі ерекшеліктері мыналар болады: әлеуметтік қызмет көрсету саласында адам факторы барынша азайтылып, проактивті форматқа толық көшу жүзеге асырылады. Инфляция деңгейіне қарай барлық жәрдемақы мен зейнетақылар көлемі өседі. Зейнетақы жүйесінде жұмыс берушінің рөлі күшейтіледі. Платформалық жұмысшылар толыққанды әлеуметтік қорғау субъектісіне айналады.

Түптеп келгенде, әлеуметтік жауап­­кершіліктің кеңейтілген моделі бүгін­де елімізде сәтті іске асырылып келеді. Сол тұрғыда әлеуметтік қорғау шаралары жай ғана қаржылай қолдаумен шектелмейді, ол – адамның қадір-қасиетін сақтап, қоғамдағы әлсіз топтардың өмір сүру сапасын арт­тыруға бағытталған мемлекет пен қо­ғам­ның ортақ жауапкершілігі, жауапты құрылымдардың жұмысы ғана емес, қоғамдық ұйымдар, волонтерлер мен кәсіпкерлік сектордың да жұмыла үлес қосатын бағыты. 

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Президент • Бүгін, 00:03

Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен

Ауа райы • Кеше

Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды

Әлем • Кеше

Қазақстанда сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті

Денсаулық • Кеше

ІKOMEK109 арқылы өтініш қабылдау тоқтатылады

Қоғам • Кеше

1 қаңтардан бастап елшіліктер шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады

Қоғам • Кеше

ФИФА футбол ережесіне өзгеріс енгізуі мүмкін

Спорт • Кеше

Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті

Қаржы • Кеше

Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды

Қоғам • Кеше

Елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасады

Ауа райы • Кеше

Төрт облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді

Ауа райы • Кеше

Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Экономика • Кеше

Байланыс операторлары мен букмекерлерге айыппұл күшейді

Заң мен Тәртіп • Кеше

Астанада автобус аялдамасын бүлдірген вандал ұсталды

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қаңтар 2026 11:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары