Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Құрылысты цифрландыру қарқыны күшейеді

Құрылысты цифрландыру қарқыны күшейеді

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Елдегі құрылыс саласының жайы, тұрғын үй құрылысының қарқыны мен цифрландыру мәселелері Үкіметтің кезекті отырысында қаралды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында құрылыс сапасын көтеру, саланы жаңа цифрлық жүйелер арқылы реттеу әрі жаңа Құрылыс кодексі аясындағы өзгерістер сөз болды. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысын жүйелі дамыту мен құрылыс жұмыстарын бақылауды күшейту бағытындағы міндеттер айқындалды.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында азамат­тардың тұрмыс сапасын жақсарту­ға ықпал ететін, ең бастысы, елге пайдасы тиетін нақты нәтижеге жету басты мақсат болуға тиіс еке­нін атап өтті. Бұл міндетті іске асы­руға құрылыс секторы тың сер­­пін беретіні анық. Өткен жылы салада 16% деңгейінде өсім сақтал­ды. 20 млн шаршы метр тұр­ғын үй пайдалануға берілді. 185 мың отбасы баспана жағдайын жақ­сарт­­ты. Биыл да құрылыс қар­қы­­нын сақтай отырып, тұрғын үйді қол­­жетімді ету бағытында жұмыс­ты жалғастыру керек», деді О.Бектенов.

Үкімет мемлекеттік қолдау шара­ларын алуды жеңілдету мақ­сатында бірқатар шешім қабыл­дады. Тұрғын үй саясаты аясында негізгі рөл атқаратын Отбасы банкіне ұлттық даму институты мәр­тебесі берілді. Сондай-ақ тұр­ғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімі цифрлық форматқа көшіріл­ді. Бұл адам факторын азайтып, тұрғын үйді есепке алу мен бөлудің ашықтығын арттырады. Бұдан бөлек, «Наурыз» және «Наурыз – жұмыскер» бағдарламалары арқы­лы жалпы сомасы 233 млрд теңгеге 8,5 мыңнан астам несие берілді. Премьер-министр мемлекеттік ор­гандарға тұрғын үйді пай­далануға беру жоспарларын орындауды, қалаларда қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруды әрі ин­женерлік-коммуникациялық ин­фрақұрылымды дамытуды жедел жүргізуді тапсырды.

Ірі қалаларда, әсіресе Астана мен Алматыда құрылыс жұмысының көлемі өсіп келеді. Сонымен қатар моноқалалар мен ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысын дамытуға да көңіл бөлу маңызды. Осыған байланыс­ты Өнеркәсіп және құрылыс ми­нистрлігі «Бәйтерек» холдингіне әкім­діктермен бірге жұмыс істеп, азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге арналған өңірлік бағдарламаларды күшейту тапсырылды. Сондай-ақ отырыс барысында құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылды.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында құрылыс қарқыны қауіпсіздік пен сапаға кесірін тигізбеуі керек деген еді. Өткен жылы құрылыстың сапасына қатысты ресми түрде 63 мыңнан астам шағым келіп түскен. Жаңа Құрылыс кодексі осындай ол­қы­лықтардың алдын алуға бағытта­лып отыр. Ол ескірген норма­лардан халықаралық стандарт­тарға, цифрлық және автомат­тан­ды­рылған технологияларға көшу арқылы бүкіл саланы жүйелі түрде жаңартады», деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ қағаз құжат айналымына балама ретінде Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпарат­тық жүйесі (МҚК ААЖ) енгізілді. Аталған электрондық базада еліміздің 89 қаласының бас жос­парлары жинақталған. Жүйе автоматты бақылау функциясын жүзеге асырады. Егер құрылыс салушы ұсынған жобаның параметрлері қаланың бекітілген даму жос­парына сәйкес келмесе, рұқсат құ­жа­т­тарын беру тоқтатылады.

«Мемлекет басшысы өз сөзінде құрылыс сапасын арттыру және саладағы ашықтықты күшейту үшін бірыңғай цифрлық платформаны құру қажеттігін бірнеше рет айтты. Қазір құрылыс саласында үш ақпараттық жүйе жұмыс істеп тұр. Алайда олардың әрқайсысы жеке жұмыс істегендіктен, мәлімет алмасу мен үдерістерді үйлестіруде белгілі бір қолайсыздықтар болды. Осыған байланысты қолданыстағы цифрлық жүйелерді бір ортаға бі­рік­тіру мақсатында Бірыңғай құры­лыс порталы – Qportal.kz іске қо­сылды. Бұл портал құрылыс ны­сан­дарының жобалау кезеңінен бас­тап пайдалануға берілгенге дейін­гі барлық үдерісті қамтып, саланың ашықтығын арттыруға әрі бақылауды күшейтуге мүмкіндік бере­ді», деді Өнеркәсіп және құ­рылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Сонымен қатар құрылыс сала­сындағы қызметті толық автоматтандыру жұмысы аяқталды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Вице-премьердің айтуынша, бүгінде құры­лыс саласындағы қызметтер­дің бар­лығы азаматтар мен бизнес үшін қашықтан қолжетімді. Өткен жылдың қорытындысында электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі 96 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш саладағы цифрландыру деңгейінің жоғары екенін білдіреді. Ең көп сұранысқа ие қызметтердің қатарында мекенжай беру, жобалауға рұқсат алу, эскиздерді келісу және нысандарды кәдеге жарату рәсімдері бар.

«Бүгінде құрылыс саласында 54 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, олар­дың барлығы онлайн форматта қолжетімді. Бұл азаматтар мен бизнеске қызмет алуды жеңіл­детеді. Сонымен қатар электрон­дық келісімшарттар, құ­жат­тарды автоматты тексеру, цифр­лық актілер, API және BIM техно­ло­гия­лары арқылы мониторинг енгізу жоспарланып отыр. Со­ның нәтижесінде рәсімдердің ашық­тығы артып, қызмет көрсету мерзімі қысқарады. Жалпы, саланың тиімділігі 46 пайызға дейін өседі», деді Ж.Мәдиев.

Сонымен қатар Астанада құрылыс барысын бақылау үшін жасанды интеллект технологиялары енгізіле бастады. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, еліміздегі құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу үшін компьютерлік көру жүйелері кеңі­нен қолданыла бастады. 2026–2027 жылдарға арналған жоспар аясында алдын ала бақылау тетігі іске қосылады. Жаңа технологиялық шешімдер негізінде әрбір құрылыс нысанына арнайы цифрлық пас­порт берілетін бірыңғай цифр­лық экожүйе қалыптастырылмақ. Бұл жүйе мониторинг жүргізуді жеделдетіп қана қоймай, тексеру барысында туындайтын адами факторға байланысты тәуекелдерді де азайтуға мүмкіндік береді.

Құрылыс кодексі аясында мем­ле­кеттік бақылау күшейтілді. Тек­серу­ші органдарға жаңа құралдар, соның ішінде цифрлық техно­ло­гияларды қолдану мүмкіндігі берілді. Сонымен қатар нысандарды пайдалануға қабылдау кезін­де құрылысты бақылау органдары мен төтенше жағдайлар қыз­меті­нің міндетті түрде қатысу тәр­тібі енгізілді. Ол апаттар мен өрт қау­пін азайтуға бағытталған. Үлестік құры­лыс саласындағы талаптар да қа­таң­датылды. Мемле­кет­тің рұ­қсаты мен кепілдігі болмаса, құры­лыс компаниялары үлес­кер­лер­дің қаражатын тарта ал­майды. Сон­дай-ақ банктер мұндай жоба­ларға ипотекалық несие бермейді. Құ­жат­та сейсмикалық қауіпсіздік та­лап­тарын күшейтуге ерекше назар аударылған. Бұдан бөлек ретсіз жә­не заңсыз құрылыстардың алдын алу, сондай-ақ мектептер мен ауруханалар тапшылығын болдырмау үшін қала құрылысы жоспарларын бақылау күшейтілді. Сонымен қатар құрылыс саласын цифр­ландыруға көңіл бөлінді. Бірыңғай құрылыс порталы түрлі жүйелерді «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіріп, үдерістердің ашықтығын арттыруға және артық бюрократияны азайтуға мүмкіндік береді.

Үкімет отырысының қорытын­дысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырма берді. Бірін­шіден, екінші деңгейлі банктердің коммерциялық ипотекасын дамыту үшін жаңа тәсілдер әзірлеу қажет. Бұл мемлекеттік бағдар­лама­ларға түсетін жүктемені азай­­тып, қолжетімді ипотеканы кеңей­туге бағытталған. Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ұлттық банкпен және басқа мемлекеттік органдармен бірге тиісті ұсыныстар әзірлеуге тиіс. Сонымен қатар «Отбасы банкке» халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға басымдық беру тапсырылды. Екіншіден, Құрылыс кодексі аясындағы нормативтік-құқықтық актілерді жаңарту тапсырылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 1 шілдеге дейін қажетті құжаттарды қабылдап, олардың орындалуын бақылауда ұстауға тиіс. Үшіншіден, елімізде құрылыс материалдарын өндіру бойынша 38 жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Құрылыс көлемінің өсуіне байланысты материалдарға сұраныс та артып келеді. Осыған байланысты тапшылықтың алдын алу және отандық өндірісті қолдау мақсатында жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Өнер­кәсіп министрлігі «Бәйтерек» хол­дингімен бірге бұл жоба­лар­дың уақытында іске қосы­луын бақылауға тиіс. Жалпы бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Соңғы жаңалықтар

IBF Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:27

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:13

Мал ұрлығының алдын алу өзекті

Қылмыс • Бүгін, 09:00

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Ұлт көсемі ұрпағының беймәлім суреттері

Тарих • Бүгін, 08:50

Теміржол торабы: Саладағы кешенді жаңғыру

Экономика • Бүгін, 08:45

Алаяқтар айласы таусылар емес

Қылмыс • Бүгін, 08:43

Автолизинг неге аяқсыз қалды?

Экономика • Бүгін, 08:40

Сталкингке жол жоқ

Құқық • Бүгін, 08:37

Қоймаларда картоп жеткілікті

Шаруашылық • Бүгін, 08:35

Жымпитыдағы тағылымды жиын

Қоғам • Бүгін, 08:32

«Qazaq Digital mektebi»

Digital • Бүгін, 08:30

«Shyraq AI» игілігі

Digital • Бүгін, 08:25

Білімді бақылау жүйесінде алға озды

Білім • Бүгін, 08:20

Құрылысты цифрландыру қарқыны күшейеді

Үкімет • Бүгін, 08:17

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 09:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары