Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Өңірлік бизнес қарқыны

Өңірлік бизнес қарқыны

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Шағын және орта бизнесті дамыту – еліміздің экономикалық қуатын арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың басты тетігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде іске асып келеді. Әсіресе өңірлік кәсіпкерлікті қолдау – жалпыұлттық экономиканың берік іргетасы. Осы орайда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бас­тамалар мен «Даму» қорының бағдарламалары талай іскер азаматтың арманын ақиқатқа айналдырды. Жаңа өндірістердің қанат жаюына мүмкіндік берді. Қарағанды облысы – соның айқын дәлелі.

Мемлекеттік қолдаудың тиімділігін сезінген кәсіпорын­­дардың бірі – «Sigma Corporation» ЖШС. Бұл компа­ния елімізде кабельдердің барлық түріне арналған муфталарды өндіретін бірегей зауыт саналады. Өнімдері электр желілерінің қауіпсіздігін қам­тамасыз етіп, монтаждау жұ­мыс­ын жеңілдетеді. 2010 жылы құрылған кәсіпорын бүгінде 50-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өндіріс әлеуетін арттыруды жоспарлаған компания 2023 жылы «Даму» қорының субсидиялау бағдарламасы бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатында несие алған. Сосын мемлекеттік қол­дау­дың арқасында жылдық 13,25 пайызын мемлекет есе­бінен өтеткен.

– «Даму» қорының қол­­­­дауы арқасында өнді­ріс­­тік ба­замызды жаңа дең­гейге көтеріп, екі жаңа тех­но­логиялық желі­ні іске қо­су­ға мүмкіндік ал­дық. Қазір жаб­дықтар орнатылып, сынақтан өткізіліп жатыр, – дейді ком­панияның коммерциялық директоры Ксения Русакова.

Кәсіпорынның алдағы жос­пары да ауқымды. 2026 жыл­ға дейін жалпы ауданы 1 800 шаршы метр жаңа өндірістік цех салу көзделген. Бұл жоба өндіріс көлемін ұл­ғайтып, жаңа жұмыс орын­дарын ашуға және импортқа тәуелділікті азай­туға бағыт­тал­ған. Ең басты­сы, пайдаланылатын шикізат­тың басым бөлігі отандық өнім.

Қарағандылық «WEC Trade» компаниясы – автохи­­мия саласындағы отандық бренд­тердің бірі. Істі 2016 жылы жеке автожуу орталықтарына арналған құралдар шығарудан бастаған кәсіпорын бүгінде экологиялық таза, денсаулыққа зиянсыз және халықаралық стандарттарға сай өнім өнді­ре­тін заманауи зауытқа айнал­ды. Қазіргі уақытта компания 90-ға жуық түрлі өнім шығарады. 2025 жылы жоба «Өрлеу» жеңілдетілген несие бағдарламасы арқылы 120 миллион теңгеге қар­жы­лан­дырылып, «Ке­піл­­дік қо­ры – 1» бағ­­дар­ламасы бойын­ша 29 мил­­­лион теңге кепілдікке ие болды. Бұл қаражат өндірістік қуатты кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашты.

– Біздің жуу құралдары­мыз экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, бағасы қолжетімді. Ай сайын шамамен 120 тонна өнім шығарамыз. Қарағанды, Алматы, Жезқазған, Астана қалаларында қой­ма­лары­мыз бар. Қазір өнім­деріміз Wildberries пен Ozon маркет­плейс­тері арқылы сатылады,– дейді компанияның марке­то­ло­гі Дина Беделбаева.

Компания жуырда қа­ладағы қоғамдық орындарда пайда болған бояу іздерін кетіруге арналған арнайы сұйықтық жасап шығарған. Бұл олардың зерттеу және ин­новациялық әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді.

Өңірдегі тағы бір табыс­ты кәсіпорын – «Котлы KZ» ЖШС. Компания «Горняк» маркасымен автоматты жылыту қазандықтарын шығара­ды. Бүгінде елімізден бөлек, Ресей мен Қырғызстан нарығына да өнім экспорттап отыр. Өнім желісіне көмірмен, газбен және электрмен жұмыс істейтін қазандықтар, монша пештері, автоматика жүйелері мен сорғылар кіреді. Компанияның өз патент­­тері бар, ал өндіріс үдерісінде Германиядан әке­лін­ген KUKA дәнекерлеуші роботы қолданылады.

2023 жылы кәсіпорын «2021–2025 жылдарға ар­нал­ған Кәсіпкерлікті дамыту жөнін­де­гі ұлттық жоба» аясында «Bank RBK» арқылы несие алып, қаражатты өн­дірістік ғимаратты сатып алу мен жаңғыртуға жұмсады. Ол соманы «Даму» қоры жылдық 12,75 пайыздық мөл­шерлемені субсидиялады. Қазір кәсіпорында 300-ге жуық адам еңбек етеді. Олар жыл са­йын 15 мыңнан астам жылыту құрылғысын шы­ғарады.

– Мемлекет пен «Даму» қоры­ның қолдауы арқа­сында өндірісті бір нүктеге шоғыр­лан­дырып, барлық үдерісті 30 пайызға тиімді еттік. Бизнес дамуы үшін мұндай қолдау – баға жетпес мүмкіндік, – дейді кәсіпорын басшылығы.

Қарағанды өңірі бойынша біз атап өткен үш кәсіпорын – мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесін көрсететін жарқын мысалдар. Инновация, сапа, еңбекқорлық тоғысқанда эко­номикалық серпін де, әлеу­мет­тік тұрақтылық та арта түседі. «Даму» қорының бағ­дар­ламалары кәсіпкерлерге тек қаржылай демеу емес, сонымен бірге өндіріс мәдениетін жаңғыртып, отандық өнімнің сапасын халықаралық дең­гейге көтеруге мүмкіндік беріп отыр.

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары