Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Құт қонған Қосшы

Құт қонған Қосшы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Тарихи өңірден – заманауи қалаға дейін

Ел аузында «интеллигенттер қаласы», «қазақша қала» атанып кеткен қонысы құтты Қосшыға көп қазақтың бүйрегі бұрып тұрады. Өйткені қазақы болмысты қалада ежелгі тарихтан бастап, бүгінге дейінгі ұлтымыздың бәсін биіктететін, құндылығын арттыратын дүниелер көп. Мәселен, бұл өңірдің аумағында бағзы заманнан қазақ хандарының мекені болған қасиетті Тайтөбе бар. Зерттеушілер Тайтөбенің басында Ер Көкшенің кегін даулаған Ер Қосай мен Қобыландының арасында адам баласы бұрын-соңды көрмеген жекпе-жек болған деседі. Белгілі тарихшы Жамбыл Артықбаевтың сөзінше, Тайтөбенің басында сақ дәуірінің бірнеше қорғандары сақталған. Көлемі 8х8 метр қарауыл мұнара мен үлкен архитектуралық құрылыстың орны, яғни іргетасы да осында.

Қосшы қаласына жақын жерде Нияз бидің кесенесі бар. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев та осы топырақта дүниеге келгенін көзіқарақты қауым жақсы білсе керек.

Кезінде Қосшығұловтардың жаздық мекені болған өңірде қазір белгілі Алаш қайраткері, ғалым, драматург-жазушы Қошке Кемеңгерұлының ұрпақтары тұрады. Бұдан бөлек, әртүрлі салада табысқа жеткен белгілі ғалымдар, ақын-жа­зушылар, өнерпаздар, қолөнер шеберлері, журналистер, бір сөзбен айтқанда, қазақ инттелигенциясының бір тобы осы Қосшыда шоғырланған.

Шырақты шаһардың «қазақша қала» атануының да өзіндік себебі бар. Мұндағы көшелердің атаулары мен маңдайша жазулары бәрі дерлік ана тілімізде жазылған. Көшелерді бойлап жүре берсеңіз, бағзыдағы Күлтегіннен бас­тап, бүгінге дейінгі тарихи атаулар мен тұлғалардың есіміне куә боласыз. Олай болса, қазақылықтың иісі аңқыған қалаға қалай ғана бүйрегіміз бұрмасын.

Қош, сонымен Астананың «Алтын жұлдызы» ескерткішінен өтіп, Қосшыға апаратын жолға түстік. Елорда мен елді мекеннің арасы 20 шақырымға да жетпейді. Жарты сағаттың ар жақ бер жағында зырылдап жетіп барасыз. Жол да жақсы. 

Берекелі бесжылдық

...Көзді ашып-жұмғанша Қосшыға да жетіп келдік. Алғашқы тоқтаған нысанымыз – қаланың Қоғамдық мәдени-спорт орталығы. Ғимараттың жаңадан салынғаны көрініп тұр. Іші мен сырты көз тартарлық. Мұнда журналистерді Қосшы қалалық әкімдік өкілдері қарсы алды. Көп ұзамай қала әкімі Азамат Қапышев та келіп, ақпарат құралдары өкілдеріне Қосшы туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде қала тұрғындарының саны 50 мыңнан 70 мыңға артқан. Бес жылда бес мектеп пайдалануға берілген. Осы уақыт аралығында 6 мың бала дүниеге келген. Көпқабатты тұрғын үйлер саны да
120-ға жетіп, жер үйлердің бәрі 100 па­йыз газбен қамтамасыз етілген. 2021 жылы Қосшыда 1 500 кәсіпкерлік субъектісі болса, бес жылдың ішінде олардың саны бес есеге ұлғайған. Айта берсек, бесжылдық тарих ішінде қала біраз жетістіктерге жетіпті. Әкімнің айтуынша, тұрғындарды толғандырған әлеуметтік-экономикалық мәселелер де біртіндеп шешіліп жатыр.

Бұдан кейін журналистер Қоғамдық мәдени-спорт орталығының тыныс-тіршілігімен танысты. 2023 жылы пайдалануға берілген ғимаратта 20 мың кітап қоры бар қаланың орталық кітапханасы, коворкинг, тілдерді оқыту орталығы, мәдениет үйі мен бірқатар мемлекеттік мекеме орналасыпты. Мұнда шығармашылық, спорт және қосымша білім беру бағыттарында көп­теген үйірме жұмыс істейді.

Ең бірінші роботтехника кабинетіне бас сұқтық. Жазғы демалыс уақытына қарамастан үйірмеде жұмыс істеп жатқан балалар көп екен. Бәрі алдарындағы компьютерге үңіліп, әртүрлі сызбалар жасап отыр.

Орталықта сурет салу үйірмесі де бар. Мұнда 3 жастан 16 жасқа дейінгі балалар білім алады. Жеткіншектер халықаралық байқауларға тұрақты қатысып тұрады екен.

Балалардың туындыларымен таныс­қан­нан кейін Қосшының қолөнер шебер­ле­рінің жұмыстары қойылған ғимарат алаңына келдік. Ұлттық нақышпен жаб­дық­талған бөлмеде ұршық иіріп қыз-келіншектер отыр. Биыл қос­шылықтар қаланың бесжылдығын атап өтіп жатқанын жоғарыда айттық. Осы мерейлі жылға орай әкімдік пен қала тұрғындары елде жоқ ерекше іс-шараларды қолға алған. Мереке ке­зінде әсем ән мен күмбірлеген күй де, ұлттық ойындар да жаңаша түр­ленбек. Атап айтқанда, «Мерейтой жаршысы» атты дәстүрлі әншілер шеруі, тоғызқұмалақтан қалалық чемпионат, саламатты өмір салтын дәріптеуге арналған марафон, «Телқоңыр» шеберлер байқауы, «Бүгін бізде бастаңғы» ойын-сауық ән кеші, республикалық «Толағай» алыптар сайысы, тағы басқа да қызғылықты іс-шаралар өтеді. Соның ішінде «Urshyk Party» іс-шарасын ерекше атап өтуге тұрарлық. Мұнда 555 қыз-келіншек бір мезетте ұршық иіріп, ұлттық дәстүрімізді ұлықтамақ. Осы арқылы қосшылықтар Гиннестің рекордтар кітабына енеміз деп ниеттеніп отыр.

Ырысы артып, ісі алға басқан шаһар

Өркендеп келе жатқан өңірдің қан тамырындай болған жылу, су, жол мәселелері – ұдайы назарда. Қосшы әкімі Азамат Қапышевтың айтуынша, 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы сәтті әрі жоспарлы түрде аяқталған. Қазір келесі жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. Қаладағы орталық қазандықтың резервтегі электр желісі салынып біткен. Енді жылу энергиясының тапшылығын жабу мақсатында биыл бір қазандықты ауыс­тырып, оның жобалық қуатын 37 Гкалға дейін арттыру ұсынылған. Егер жаңғырту жұмыстары сәтімен жүргізілсе, қосымша 20 Гкал жылу энергиясы өндіріледі. Бұл қазіргі 10 Гкал көлеміндегі тапшылықты толық өтейді әрі қосымша 10 Гкал қуат қорын жинақтап алуға мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны 1,4 млрд теңгені құрайды. «2027–2028 жылдары қалған қазандықтарды кезең-кезеңімен ауыстырып, олардың қуатын ұлғайту жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде, жалпы қуаттылықты 160 Гкалға дейін жеткіземіз деген жоспар бар», дейді әкім.

Азамат Есімұлы сондай-ақ жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатқанын, ішкі қалалық жолдарды салу жобасы аясында жалпы ұзындығы 4,5 шақы­рым болатын жаңа жол құрылысы жүргізілетінін әрі салынып жатқан жолдар аяқталатынын атап өтті.

Былтыр Үкіметтің қаулысымен Қосшы қаласын дамытудың 2038 жылға дейінгі бас жоспары бекітілген еді. Бұл маңызды құжатта қаланы кешенді дамыту мен аумағын тиімді пайдалану қарастырылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды көбейту басым бағыттар ретінде айқындалған. Осыған орай журналистер жаңадан пайдалануға берілген әлеуметтік нысандарға барып, енді бой көтеретін аурухана, мектеп құрылысымен таныс­ты. Соның бірі – «Viamedis Qoshy» компаниясы жүзеге асырып жатқан 29 млрд теңгелік медициналық орталық. Оның құрылысы аяқталуға жақын. Орталықтың құрамында ауысымына 1 мың адам қабылдайтын емхана, 300 орындық көпбейінді аурухана, 60 орындық пансионат пен медицина қызметкерлеріне арналған 96 пәтерлі тұрғын үй бар. Емхана емделушілерді қабылдауды бастаған. Аурухананы осы жылдың төртінші тоқсанында ашу жоспарланған. «Емханамыз бен ауруханамыз Қосшы тұрғындарына ғана емес, Астана ма­ңындағы жеті аудан халқына қызмет көрсетеді. Мұндағы медициналық құрал-жабдықтар заманауи үлгіде жасақ­талған. Call-орталық, пациенттерді қолдау қызметі, элек­трондық жазылу жүйесі, тексеру­лерден жедел өту мүмкіндігі – бәрі қарас­тырылған», дейді «Viamedis Kosshy» ЖШС бас директорының орынбасары Нұрлан Қасымов.

Бұдан кейін ақпарат құралдары өкіл­дері мінген автобус 2023 жылы Мем­лекет басшысының қатысуымен ашылған 1 500 орындық мектеп-гимназияға келіп тоқтады.

Мұнда екі ауысыммен барлығы 3 мыңға жуық бала оқиды. Директордың міндетін атқарушы Жанар Төлеутаеваның айтуынша, үш қабатты білім ошағының материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына толық сай келеді. Оқу­шы­лар мектепте білім нәрімен сусындап қана қоймай, әртүрлі мамандықтарға бейімдейтін тәжірибелік сабақтарға қатысады. Мысалы, қыздар тігін машинасымен іс тігуді үйренсе, ұлдар ағаш жонып, металл өңдеп, теориялық білімін практикамен ұштастырады. Тіпті мектепте жоғары сынып оқушыларына көлік жүргізуді үйрететін кабинет те бар екен. Бұған қоса, мобилография, музыка аспаптары, роботтехника кабинеттері де жұмыс істейді. 

Баспасөз туры кезінде «Alan» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің де жұмысын көзбен көріп қайттық. Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуды мақсат еткен орталықта күрес, жаттығу залдарымен қоса, екі бассейн бар. Сондай-ақ волейбол, баскетбол, футбол,  каратэ, көркем гимнастика,  басқа да спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндіктер қарастырылған. Қазір мұнда спортпен шұғылданатын бала­лардың жалпы саны – 650.

Жалпы, баспасөз турынан түйгеніміз, Қосшы адамдар тұрғысы келетін қолайлы қалаға айналып келеді. Ескісінен жаңасы көбейген шаһардың қалалық келбетін қалыптастыру, әлеуметтік мәселелерді елдің ұсыныс-пікірін ескере отырып шешу жолында жергілікті билік пен халықтың ортасында сенімді байланыс ұялағаны байқалады. Демек, ынтымақ пен ымырашылдық, жауапкершілік пен жанашырлық бар жерде кез келген бас­тама нәтижелі болары сөзсіз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Шілде 2026 17:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары