Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Төлеутай Рахымбеков Ауыл партиясынан шықты

Астанада бір аптада ауа райы қандай болатыны белгілі болды

Қазақстанда жемқорларды “масқара тақтасымен“ ұялтпақшы

Әдемі әдіспен лақтырды: Елдос Сметов ұлымен белдесті

11 мамырдағы теңге бағамы қандай?

Ақтөбе жеңді, Қайрат тең түсті: ҚПЛ тоғызыншы туры өтті

Ерлан Қарин Қытай Медиакорпорациясының басшысымен кездесті

Қазақстанда жан басына шаққандағы ІЖӨ 17 мың доллардан асты

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың қарындасымен хайп жасады деген айыптауларға байланысты соттасты

Мажарстан премьер министрі Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, хат жолдады

Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?

Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6% ға өсті

Жантүршігерлік жол көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды

Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді: турнир туы Қазақстанға табысталды

Маңғыстау облысында вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Тоқаев үкіметке отандық тауар өндірушілерді қолдауды тапсырды

Арыс қаласында ағайынды екі ер адам синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған

Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ платформа іске қосылады

Атырауда автокөлік ішінен отшашу атқандар қамауға алынды

Өскеменде көліктен аяғын шығарып қойған жолаушы жазаланды

Қуырдақтың көкесіндей қаржылық қитұрқы

Қуырдақтың көкесіндей қаржылық қитұрқы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз», деген еді. Бұл ретте, әсіресе халыққа адал қызмет етуге ант берген мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін жауапкершілік зор. Алайда еліміздегі мемлекеттік органдардың бәрінде бірдей заң үстемдігі орнап, темірдей тәртіп жолға қойылды деуге әлі ерте.

Өткен жылдың соңында Петропавл қаласының екі телевизиялық және байланыс мұнарасын Жаңа жыл қарсаңында жарықдиодты шамдармен безендіруге жергілікті бюджеттен 229,5 млн теңге бөлінгені туралы жергілікті журналистердің бірі әлеуметтік желіде хабарлап, дабыл қаққаны жадымызда. Ақыры қалалық әкімдік пен астаналық жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің арасында жасалған бір көзден тікелей сатып алу шарты бұзылып, үнемделген қаржы облыс орталығының көшелерінде жылы аялдамалар орнатуға жұмсалыпты. Бірақ «әсемдікке құштар» шенеуніктердің жауапқа тартылғаны туралы еш хабар естіген жоқпыз. Сондықтан көкейімізде «Бұл қалай өзі?» деген сауал туындаған еді. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші, биылғы қазан айында Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) жүргізген мемлекеттік аудит Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) бірқатар мемлекеттік органы былықшылыққа белшеден батқанын әшкереледі.

ЖАП аудиторлары кейінгі 5 жыл ішінде СҚО-да негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер орындалып, жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 2020 жылдан бері 69 пайызға арт­қанына қарамастан, халықтың табиғи өсі­мі азайып, теріс көші-қон сальдосы қа­лып­тасқанына қайран қалыпты. Шын­туай­тында, бұл – күмән туғызатын кереғар жағ­­дай. Мұндайда «Арқада қыс жайлы бол­са, ар­қар ауып несі бар?» дейді қазекем. Нақ­ты айт­сақ, облыс тұрғындарының саны 2020 жылы 548 755 адам болса, былтыр 522 167 адам­ға дейін азайған. Жергілікті билік кінәратты демографиялық жағдайды жұмыс күші артық өңірлердің тұрғындарын ерікті қоныс аудару көшіру бағдарламасы бо­йынша түзетуге де онша ынта салмай отыр. 2024 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдау квотасы 362 адамға кем орындалғаны – соның айғағы.

Халықтың әл-ауқатының негізгі көр­сеткішінің бірі – жалақы мөлшеріне келсек, СҚО бұл жөнінен ұятты болып, республика бойынша 19-орынды місе тұтыпты. Былтыр еліміздегі орташа жалақы 405 416 теңгеге жеткенде, солтүстікқазақстандықтардың айлық табысы небәрі 293 160 теңгеден айналған. Қызылжар өңірінде үш ауысымды және апаттық күйдегі мектептер мә­селесі де толық шешімін таппай тұр. 17 мек­­тепте спорт залы жоқ, 24 мектеп пән ка­би­неттерімен қамтамасыз етілмеген. Медициналық мекемелер ғимараттарының шамамен 74 пайызы тозған. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны көбейгенімен, ЖӨӨ-дегі үлесі төмендеп кеткен. Көтерме және бөлшек сауда саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың кірісі 100 млрд теңгеге азайған.

Осыған орай, ЖАП төрағасы Әлихан Смайылов: «Өңірдің сауда саласы бойынша салық аз төленіп, салдарынан жергілікті бюджеттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және басқа да жобаларды қаржы­ландыру мүмкіндігі азайды. Бұл дұрыс емес. Өйткені көлеңкелі сектор артқан болуы мүмкін», деген пікір білдірді.

Облыстың экономика және қаржы басқармалары өкілеттіктерінің келісілмеуі инвестициялық жобаларды жоспарлау мен қаржыландыру арасындағы алшақтыққа әкеліп соққан. Салдарынан жалпы сомасы 56 млрд теңгенің 11 жобасы бюджет заңнамасының талаптары ескерілмей жоспарланған. Өңір үшін стратегиялық маңызы бар «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы назардан тыс қал­ған. Инженерлік инфрақұрылым­ның бол­мауы салдарынан ондағы кейбір объекті­лер уақытында пайдалануға беріл­ме­ген. Соған қарамастан, жергілікті бюд­жет­тен басымдығы төмен жобаларға қо­мақ­ты қаражат бөлінген. Мысалы, әкім­ші­лік ғимараттарды реконструкция­­лау­­­ға 7,3 млрд теңге жұмсалған. Ал облыс­­­­тағы 38 тірек ауыл әлі күнге дейін сапалы

ауызсумен қамтамасыз етілмеген. 10 млрд теңгеге салынған 79 объектінің 22-сі осы уақытқа дейін пайдаланушы ұйым­дарға тапсырылмаған.

«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бірлескен кәсіпорындар құру жөніндегі жұмысы тиісті нәтиже бермей, 1 млрд теңгеге жуық шығын әкелген. Осы корпорация 610 млн теңгенің бейінді емес активтерін әлі күнге өзінде ұстап, текке шығынданып отыр. Бұған қоса бухгалтерлік есеп жүргізуде 24 млрд теңгеден аса соманың заң бұзушылығына жол берілген. Мемлекеттік сатып алу саласында да заңнама аяқасты етіліп, конкурс рәсімдері өткізілместен, бір көзден сатып алу арқылы жалпы сомасы 5,5 млрд теңгенің шарттары жасалған. Сондай-ақ жұмыс көлемін қосалқы мердігерлерге беру жөніндегі шектеулер де сақталмаған.

Өңірді қағаз жүзінде «өркендетіп» жатқан шенеуніктер өздерін жарылқауға келгенде алдына жан салмайтын болып шықты. Мәселен, Петропавл қаласы әкімінің аппараты 2023 жылы нақты үнемделген сома 55 млн теңге болғанына қарамастан, сыйлықақыға 260,5 млн теңге жұмсап, заңды белден басқан. Мұндай асыра сілтеуге облыс орталығы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет бөлімдері де жол берген.

Жалпы, мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 28,3 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары, 112,4 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Әшкереленген 111 факт әкімшілік іс қозғау үшін облыс пен аудан­дардың әкімдеріне жіберілді, ал жем­қорлық иісі мүңкіп тұрған кейбір материалдарды құқық қорғау органдарына беру ұйғарылды. Нәтижесінде, Айыртау ауданының әкімі, Петропавл және Сергеевка қалалары әкімдерінің орынбасарлары, облыс­тың құрылыс, денсаулық сақтау, жолау­шы­лар көлігі және автомобиль жолдары бас­қар­малары басшыларының орынбасарлары, Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс бөлі­мінің сектор меңгерушісі, Тайынша ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Айыртау және Уәлиханов аудандары әкімдіктерінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің сектор меңгерушілері, Ақжар ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқару­шы әртүрлі тәртіптік жауапқа тартылып­ты. Осы орайда бір таңғалғанымыз – жаза арқалаған шенеуніктердің арасында облыс әкімінің бірде-бір орынбасарының жоқтығы. Олар өздері жетекшілік жасайтын салалардағы кемшіліктерді көрмей, ай қарап жүрген бе? Әлде, өңір басшысы өзгеше ойлай ма екен?.. 

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:45
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 09:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Төлеутай Рахымбеков Ауыл партиясынан шықты

11 Мамыр 2026 12:57see114

Астанада бір аптада ауа райы қандай болатыны белгілі болды

11 Мамыр 2026 11:15see114

Қазақстанда жемқорларды “масқара тақтасымен“ ұялтпақшы

12 Мамыр 2026 11:38see114

Әдемі әдіспен лақтырды: Елдос Сметов ұлымен белдесті

11 Мамыр 2026 19:06see112

11 мамырдағы теңге бағамы қандай?

11 Мамыр 2026 09:58see112

Ақтөбе жеңді, Қайрат тең түсті: ҚПЛ тоғызыншы туры өтті

10 Мамыр 2026 20:44see111

Ерлан Қарин Қытай Медиакорпорациясының басшысымен кездесті

11 Мамыр 2026 15:17see110

Қазақстанда жан басына шаққандағы ІЖӨ 17 мың доллардан асты

12 Мамыр 2026 11:18see110

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың қарындасымен хайп жасады деген айыптауларға байланысты соттасты

12 Мамыр 2026 13:54see109

Мажарстан премьер министрі Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, хат жолдады

11 Мамыр 2026 18:55see109

Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?

12 Мамыр 2026 10:02see108

Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6% ға өсті

12 Мамыр 2026 11:05see107

Жантүршігерлік жол көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды

11 Мамыр 2026 16:01see105

Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді: турнир туы Қазақстанға табысталды

11 Мамыр 2026 18:41see105

Маңғыстау облысында вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

12 Мамыр 2026 12:28see105

Тоқаев үкіметке отандық тауар өндірушілерді қолдауды тапсырды

11 Мамыр 2026 12:33see105

Арыс қаласында ағайынды екі ер адам синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған

12 Мамыр 2026 09:15see104

Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ платформа іске қосылады

12 Мамыр 2026 12:56see103

Атырауда автокөлік ішінен отшашу атқандар қамауға алынды

11 Мамыр 2026 17:29see101

Өскеменде көліктен аяғын шығарып қойған жолаушы жазаланды

11 Мамыр 2026 19:31see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары