Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Жемісті жеті жыл

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Қазақстанда жасалған таңбасы бар тауарлар енді маркетплейстерде басымдыққа ие болады

Қазақстанда жасалған таңбасы бар тауарлар енді маркетплейстерде басымдыққа ие болады

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Қазақстанда жасалған» таңбасына қойылатын талаптар енді тек сауда желілеріне ғана емес, онлайн платформаларға да қолданылмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі отандық тауарларды офлайн-бөлшек саудада да, электронды коммерцияда да ілгерілету талаптарын күшейтіп жатыр.

Маркетплейстер үшін қазақстандық өнімдерді іздеу нәтижелерінде басым көрсету және «Қазақстанда жасалған» арнайы бөлімдерін құру бойынша міндетті тетіктер енгізіледі. Қазіргі уақытта тиісті заңнамалық түзетулер пакеті мүдделі мемлекеттік органдармен келісуден өтуде. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Айжан Бижанова «Сауда желілерінде «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендін ілгерілету» тақырыбындағы дөңгелек үстелде мәлімдеді.

Жаңа талаптар отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сауда нысандарында қазақстандық тауарлардың үлесі кемінде 30 пайыз болуы тиіс. Бұдан бөлек, «Даму» қорының қолдау бағдарламалары аясында сөре кеңістігінің тағы 20 пайызына дейін отандық өнімге бөлінуі мүмкін. Осылайша, қазақстандық тауарлар дүкен ассортиментінің жартысына дейін қамтуға мүмкіндік алады.

«Сонымен қатар  тұтынушының отандық өнімді көруі де маңызды. Сондықтан заңнама тек сандық көрсеткіштерге ғана емес, тауарды орналастыру сапасына да талап қояды. Отандық өндірушілердің өнімі сатып алушының көз деңгейінде, қолжетімді жерде орналасуы тиіс. Бұл – «алтын сөре». Сатып алушы ең алдымен дәл осы сөредегі тауарға назар аударады. Қазақстандық өндіруші мұндай орынға лайық деп есептеймін»,  – деді Айжан Бижанова.

Мұндай тәсілдердің тиімділігін Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық аналитикалық орталық жүргізген эксперимент нәтижелері де көрсетті. Magnum сауда желісімен бірлесіп, зерттеушілер қазақстандық ірімшіктерді ілгерілетуге арналған мінез-құлықтық құралдарды сынақтан өткізді. Жоба мінез-құлық ғылымы саласына маманданған британдық Behavioural Insights Team компаниясының әдіснамалық қолдауымен жүзеге асырылды.

Дүкендерде баннерлер, сөре бөлгіштері, стикерлер, сөре ленталары және «Қазақстанда жасалған» таңбасына назар аудартатын аудиохабарламалар қолданылды. Эксперимент төрт апта бойы нақты сатып алу ортасында жүргізілді.

Нәтиже халықаралық көрсеткіштерден жоғары болды. Пилоттық дүкендерде қазақстандық ірімшік сатылымы 20 пайызға артқан. Салыстырмалы түрде алғанда, әлемдік тәжірибеде мұндай мінез-құлықтық құралдардың орташа әсері шамамен 8 пайызды құрайды.

«Біз мінез-құлықтық құралдарды қазақстандық жағдайда ірімшік мысалында сынап көруді жөн көрдік. Ірімшік негізгі азық-түлік тауарларының қатарына жатады, алайда бұл сегментте импорт үлесі жоғары – 47 пайыз. Эксперименттің небәрі төрт аптасында пилоттық дүкендердегі қазақстандық ірімшік сатылымы 20 пайызға өсті. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Эксперимент нәтижесі қазақстандықтардың “экономикалық патриотизмге” дайын екенін көрсетті. Ол үшін тұтынушыға дүкенде таңдау жасауға көмектесу қажет, яғни өнімді танымал әрі көзге көрінетін ету керек», – деді Ұлттық аналитикалық орталықтың Мемлекеттік басқару және мінез-құлықтық мемлекеттік саясат орталығының директоры Салтанат Джаненова.

Министрлік талаптардың сақталуына бақылауды да күшейтпек. Заңнама талаптарының бұзылуы туралы шағымдар жоспардан тыс тексерулер жүргізуге негіз бола алады. Отандық тауарлардың сауда желілеріне қолжетімділігін шектеу, нұсқамаларды орындамау және жеткізушілермен жұмыс талаптарын бұзу фактілері үшін айыппұл қарастырылған.

Сонымен қатар Сауда және интеграция министрлігі жаңа заңнамалық өзгерістер әзірлеп жатыр. Атап айтқанда, «өнімсіз делдал» ұғымын енгізу, сауда кедергілеріне бақылауды күшейту және бос сауда орындары болған жағдайда отандық өндірушілерге сауда алаңдарына қолжетімділік беруді міндеттеу жоспарланған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Мамыр 2026 19:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see148

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see147

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see147

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see146

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see145

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see142

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see141

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see141

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see140

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see140

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see140

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see139

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see138

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see137

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see137

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see137

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see135
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары