Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жол таңбасы қармен “еріп кетеді“ қандай жағдайда айыппұлды даулауға болады?

Жол таңбасы қармен “еріп кетеді“ қандай жағдайда айыппұлды даулауға болады?

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда жол таңбалары неліктен бірнеше айдан кейін өшіп қалады және бұл мәселе қалай шешілмек? Мән-жайды Tengri Auto тілшісі анықтап көрді.

Қазақстанда жол таңбалары неліктен бірнеше айдан кейін өшіп қалады және бұл мәселе қалай шешілмек? Мән-жайды Tengri Auto тілшісі анықтап көрді.

Бүгінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сапалы таңбалар шешуші рөл атқарады. Алайда іс жүзінде жүргізушілер үнемі бір мәселеге тап болады: сызықтар келесі маусымға дейін жетпей өшіп кетеді.

"ҚазАвтоЖол" компаниясының хабарлауынша, қазіргі уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жүру бөлігіне салынған таңбаның сапасы маңызды орын алады.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қарапайым жол бояуы көбіне ең төменгі қызмет мерзіміне де шыдамайды - белгіленген 3 айдың орнына әлдеқайда тез өшіп қалады.

Бояудың тез өшуіне байланысты жол таңбалары жылына екі рет - көктемде және күзде жаңартылып тұрады.

Жүргізушілердің шағымдары мен ескертулерінен кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бояу сапасына қойылатын талаптарды қатаңдатты. Енді оның ең қысқа қызмет ету мерзімі ұзартылды:

білік сызығы (осевая линия) - 3 айдан 12 айға дейін; жиек сызығы (краевая линия) - 3 айдан 6 айға дейін.

Анықтама. Білік сызығы - бұл жолдың ортасымен өтіп, қарама-қарсы көлік ағындарын бөліп тұратын таңба. Қарапайым тілмен айтқанда, ол жолдың "ортасын" көрсетіп, көліктердің қарсы бетке шығып кетпеуін қадағалайды.
Жиек сызығы - жолдың жүру бөлігінің шеттеріндегі таңба. Ол жолдың шекарасын белгілеп, жүргізушіге қозғалыс жолағының қай жерде аяқталып, жол жиегінің қай жерден басталатынын түсінуге көмектеседі.

Бұл нормалар Қазақстандағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес келеді.

Таңбаның қызмет ету мерзімі бірнеше факторға байланысты: қозғалыс қарқындылығы (әсіресе жүк көліктерінің әсері үлкен), жолдың жай-күйі, климат (температураның ауытқуы, қар, реагенттер), сондай-ақ оның қалай салынғанына да қатысты.

"Сонымен қатар биылғы конкурстық құжаттамада таңбалау бояуының тағы бір маңызды параметрі - 2026 жылы шығарылған болуы тиіс екені көрсетілген. Егер бояу ертерек шығарылып, тиісті емес жағдайда сақталса, ол өзінің функционалдық сипаттамаларын жоғалтуы мүмкін", - деді ұлттық компания өкілдері.

Жолдарда қандай материалдар қолданылады?

Қазақстанда жол таңбалары үшін ҚР СТ және МЕМСТ (ГОСТ) стандарттарында қарастырылған материалдар пайдаланылады. Олар: бояу, термопластик және суық пластик.

Ең көп таралған және бюджеттік нұсқа - қарапайым бояу (эмаль). Ол орта есеппен 3 айдан 6 айға дейін шыдайды және стандарттар бойынша базалық шешім болып саналады. Таңба жақсырақ көрінуі үшін оның құрамына шыны шаршықтар қосылады.

Сондай-ақ жолдың учаскесі мен таңба түріне қарай термопластиктің бірнеше түрі қолданылады.

Термопластик ыстық күйінде жағылады - ол қалың және тозуға төзімді қабат түзеді. Әдетте ол көлік көп жүретін учаскелерде қолданылады және жүктемеге байланысты 2 жылға дейін қызмет етеді.

Суық пластик - заманауи нұсқа. Бұл жабысу қасиеті жоғары және төзімділігі күшті екі компонентті материал. Ол ұзақ мерзімді таңба қажет жерлерде, мысалы, жаяу жүргіншілер өтпелерінде қолданылады.

Мұндай таңбаның қызмет ету мерзімі 3 жылға дейін жетуі мүмкін. Бірақ іс жүзінде бәрі тек материалға ғана емес, сонымен қатар көлік ағынына, климатқа және жұмыс сапасына байланысты.

Сондықтан ең төменгі кепілдік мерзімдері белгіленгенімен, іс жүзінде таңба бұдан ұзақ немесе қысқа мерзім сақталуы мүмкін.

Қыста жол таңбасына не болады?

Мамандардың түсіндіруінше, қыстың соңына қарай таңбалардың жартылай немесе толықтай дерлік өшіп қалуы - қалыпты жағдай.

Негізгі себептері:

реагенттер (тұз, құм қоспалары) жабынды бүлдіреді; температураның ауытқуы жарықтар мен қабаттануды тудырады; тікенекті дөңгелектер (шипованные шины), әсіресе тежеу кезінде тозуды күшейтеді; қар тазалайтын техника таңбаның үстіңгі қабатын сырып кетеді.

Қыста жол таңбасының өшуі - жолдарды күтіп ұстау кезінде алдын ала ескерілетін қалыпты пайдалану факторы болып саналады.

Сол себепті таңбаларды жаңарту жұмыстары дәстүрлі түрде әр көктем сайын жүргізіледі.

Төзімдірек бояу бар ма?

2025 жылы 2830 шақырым автожолдың таңбалары жаңартылды. Жұмыстарды мердігерлік ұйымдар бірнеше учаскеде, соның ішінде "Тараз – Қайнар", "Меркі – Шу – Бурылбайтал" және "Шымкент – Қызылорда" тас жолдарында орындады.

Бұл жолдарда "СпринтерDUO" екі компонентті бояуы қолданылды. Бұл - отандық компаниялар да өндіретін салыстырмалы түрде жаңа материал.

Осыған байланысты, 2026 жылы конкурстық құжаттамада екі компонентті таңбалау бояуын қолдану алдын ала қарастырылады. Ол қарапайым бояумен салыстырғанда төзімдірек және тез кебеді деп есептеледі.

Таңба өшіп қалса, жүргізуші куәлігінен айыруы мүмкін бе?

Көбінесе жүргізушілер жол таңбасының өшіп қалуы немесе нашар көрінуі салдарынан бір немесе екі тұтас сызықты кесіп өтіп жатады.

Мұндай жағдайларда заң бойынша жүргізуші куәлігінен айыруы мүмкін бе әлде таңбаның анық болмауы ескеріле ме деген сұрақ туындайды.

Естеріңізге сала кетейік, ӘҚБтК-нің 741-бабы 2-бөлігіне сәйкес, егер жол таңбасы:

өшіп қалса,
нашар көрінсе, МЕМСТ талаптарына сәйкес келмесе,

құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылуы тиіс.

Сызықтың анық болмағанын қалай дәлелдеуге болады? Фото және видео түсіріп алыңыз. Түсірілімнің күні мен орнын растау үшін уақыт белгісі бар қосымшаны пайдаланыңыз. eOtinish арқылы шағым түсіріңіз – дәлелдемелерді қоса тіркеп, әкімшілік істі тоқтатуды талап етіңіз. Айыппұл салынып қойған болса не істеу керек?

Егер сізге өшіп қалған таңбаны кесіп өткеніңіз үшін айыппұл салынса немесе куәлігіңізден айырса, қаулыға 10 күн ішінде шағымдануға болады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 10:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары