Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Несиені қайта қаржыландыру қандай жағдайда қарыз алушыға тиімді болады

Несиені қайта қаржыландыру қандай жағдайда қарыз алушыға тиімді болады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Мұндай хабарламалар мобильді қосымшалар мен SMS арқылы келеді, банк қызметкерлері клиенттер базасына қоңырау шалады немесе бөлімшеде кеңес беру кезінде осы қызметті естеріне салады.

Сонымен бірге, көптеген қарыз алушы «қайта қаржыландыру» сөзін көргенде, бұл ұсыныстың мәні неде және оның не үшін қажет екенін толық түсіне бермейді. Көпшілік үшін бұл кезекті қажетсіз өнімді таңу сияқты көрінеді, алайда іс жүзінде қайта қаржыландыру – банкке де, қарыз алушының өзіне де тиімді болуы мүмкін қаржылық құрал.

Жалпы алғанда қайта қаржыландыру – бір несиені немесе бірден бірнеше қарызды өтеу үшін жаңа несие рәсімдеу. Бұл ретте ақша қолма-қол берілмейді, банк жаңа қаражатты тікелей кредиторға аударып, ескі міндеттемелерді жабады. Нәтижесінде адамның қолында бір ғана жаңа кредиттік шарт қалады, бірақ ол өзге шарттармен, пайыздық мөлшерлемемен және мерзіммен рәсімделеді. 

Қарапайым тілмен айтқанда, қарыз алушы ескі несиесін жаңасына ауыстырады, бірақ жаңа шарттар бұрынғысынан тиімді болады деп үміттенеді.

Фото: Pexels

Неліктен банктер қайта қаржыландыруды ұсынады

Бір қарағанда, банк үшін клиенттің пайыздық мөлшерлемесін төмендету немесе төлемді жеңілдету тиімді емес сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, шындығында мұндай ұсыныстардың артында қисынды экономикалық есеп тұр.

Біріншіден, банк жаңа клиент табады. Егер қарыз алушы басқа қаржы ұйымындағы несиесін қайта қаржыландырса, іс жүзінде жаңа банкке ауысады. Сонымен бірге, ол жаңа несиенің бүкіл мерзімі бойында пайыздық кіріс әкеледі.

Екіншіден, банк үшін төлемдердің болжамды болуы маңызды. Ай сайынғы төлемі аз клиентке қарызын өтеу жеңілірек, демек, мерзімін өткізіп алу қаупі азаяды. Қаржы ұйымы үшін тұрақты, тіпті уақыт бойынша ұзартылған кіріс проблемалық несиелерге қарағанда тиімдірек болады.

Үшіншіден, қайта қаржыландыру сақтандыру, карта, депозиттер секілді қосымша өнімдер мен қосымша қызметтерді ұсынуға мүмкіндік ашады. Бұл да қосымша табыс қалыптастырады.

Ең бастысы, банктер қарыз алушылар үшін бір-бірімен бәсекеге түседі. Сондықтан қайта қаржыландыру бойынша тиімді шарттар ұсынады.

Коллаж: Kazinform/ Canva

Қайта қаржыландыру клиентке не үшін қажет

Мұндағы ең маңызды мүдде – несиенің шарттарын клиенттің өзіне тиімді етіп жасау, яғни пайыздық мөлшерлемені төмендету. Мысалы, бірнеше жыл бұрын қарыз жылдық 23-25% ставкамен алынған болса, ал қазір нарықта 16-18% ставкамен ұсыныстар бар болса, айтарлықтай айырмашылық сезіледі.

Екінші маңызды тұсы – ай сайынғы төлемді азайту. Бұл ,әсіресе, табыс азайғанда немесе отбасылық бюджетке салмақ артқанда өзекті. Сондықтан қайта қаржыландыру – бұрын алынған несиені төлей алмай отырған адамдарға қолдау көрсету үшін негізгі құрал болып саналады.

Үшінші әлеуетті артықшылық – бірнеше несиені біріктіру. Мысалы, адамның тұтынушылық несиесі, бөліп төлеу және кредиттік картасы болса, қайта қаржыландыру арқылы барлық міндеттемені бір жаңа қарызға біріктіріп, айына бір рет қана төлеуге болады.

Сонымен бірге, қайта қаржыландыру несиенің мерзімін өзгертуге мүмкіндік береді. Мерзімді қысқартып, қарыздан тезірек құтылуға және қосымша төлемді азайтуға болады немесе мерзімді ұзартып, бюджеттік жүктемені төмендетуге болады.

Осылайша ай сайынғы төлемді шамамен екі есе азайтуға болады. Мысалы, адам 3 миллион теңге кредитті 3 жылға 24% мөлшерлемемен алуы мүмкін. Оның ай сайынғы төлемі шамамен 118-120 мың теңге болады. Бір жылдан кейін басқа банк 17% ставкамен 4 жылдық қайта қаржыландыру ұсынады. Одан қарызды төлеу мерзімі екі есеге ұзарады – қалған 2 жыл орнына 4 жыл төленеді, бірақ төлем 120 мың емес, 60-80 мың теңге болады.

Фото: tula.mk.ru

Қайта қаржыландыру қай кезде тиімді

Мамандар несие рәсімдегеннен кейін ұзақ уақыт өтсе немесе нарықта төмен ставкалар пайда болса, қайта қаржыландыруға жүгінуге кеңес береді. Несиесін төлей алмай жүрген азаматтар да тарихын жақсартқан соң, қайта қаржыландыру арқылы қарыз шарттарын анағұрлым тиімді ете алады.

Егер ай сайынғы төлем сомасы азаймаса немесе қарызды өтеу мерзімі қысқармаса, барлық несиені бір төлемге біріктірудің пайдасы жоқ. Алайда, кенеттен күтпеген қаржылық қиындықтар туындаса, қайта қаржыландыру көмекке келеді. Бұл жағдайда төлемдерді кешіктіріп, несие тарихын бұзғаннан гөрі несие міндеттемелерін ұзартып, тұрақты түрде төлеу әлдеқайда тиімді.

Дегенмен, қайта қаржыландыру қарызды кешіруді білдірмейтінін есте сақтаған жөн. Бұл әлі де сол несие, тек басқа шарттармен берілген және оны төлемеу салдары да сол қалпы сақталады.

Айта кетейік, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2025 жылы елімізде несие беру қарқыны төмендеген.

Сондай-ақ, Қазақстанда микроқаржы қызметтеріне қойылатын бірыңғай талаптар енгізіледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:201
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Ақпан 2026 10:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see115

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see115

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see114

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see114

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see114

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see113

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see113

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see112

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see111

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see110

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see110

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see110

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see109

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see109

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see108

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see107

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see105

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары