Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

Сауалнама: азаматтардың 71% ы сайлауда дауыс беруді өзінің азаматтық парызы санайды

Азия құрлығында исламдық тарихи қалалары ең көп мемлекет белгілі болды шетелдегі қазақ баспасөзі

Азия құрлығында исламдық тарихи қалалары ең көп мемлекет белгілі болды шетелдегі қазақ баспасөзі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан күнбағыс майын экспорттау бойынша әлемде сегізінші орында тұр — Eurasia Today

Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушы әлемдік ТОП-10 елдің ішінде 8-ші орында тұр.

Eurasia Today ақпарат агенттігінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушы ТОП-10 және Еуропалық Одақ елдеріне күнбағыс шротын экспорттаушы ТОП-3 елдің қатарына кіреді. 

Фото: GOV.KZ

Қазақстаннан күнбағыс майын сатып алушылардың қатарында Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы, Тәжікстан, Ауғанстан, Түркіменстан және басқа елдер бар.

Өңірлер әкімдіктерінің деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 2025 жылы 4,8 млн тонна майлы дақыл жиналған, оның ішінде күнбағыс 2,3 млн тонна. Қазақстанда былтыр майлы дақылдар егілген алқаптар 3,9 млн гектарға дейін ұлғайған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 37,7 пайызға немесе 1,1 млн гектарға артық. Оның ішінде күнбағыс егіс алқабы 38,4 пайызға немесе 491,1 мың гектарға кеңейтілді.

Айта кетейік, майлы дақылдар бойынша негізгі егіс алқаптары Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында орналасқан.

Өзбекстан исламдық тарихи қалалары ең көп мемлекет— ӨзА

Өзбекстан Республикасы «ASIA Records» ұйымы тарапынан Азия құрлығында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген исламдық тарихи қалалары ең көп мемлекет ретінде ресми түрде танылды.

Бұл туралы «ӨзА» ақпарат агенттігі мәлімдеді

Фото: uza.uz

Хабарламада айтылуынша, Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен марапаттау рәсіміне Өзбекстан Республикасының Туризм комитеті мен Өзбекстанның Малайзиядағы елшілігінің өкілдері қатысты.

Аталған марапатқа сәйкес, Өзбекстан аумағында орналасқан Самарқанд, Бұхара, Хиуа және Шахрисабз қалалары ЮНЕСКО тарапынан танылған исламдық тарихи қалалар саналады. Бұл көрсеткіш Өзбекстанды Азиядағы ислам өркениетінің ең бай әрі тұтастай сақталған орталықтарының бірі ретінде айқын көрсетеді.

Өзбекстандық басылымның дерегінше, Ұлы Жібек жолының дәл жүрегінде орналасқан Өзбекстан ғасырлар бойы ислам әлемінің мәдениет, ғылым және рухани дәстүрлері тоғысқан маңызды өркениеттік орталық болып келді. Елдің тарихи қалаларында ислам сәулеті, қала құрылысы мен ғылыми ой-сана дамуының биік үлгілері — мешіттер, медреселер, кесенелер мен тұтас қалалық ансамбльдер бүгінгі күнге дейін өзінің бастапқы тарихи ортасын сақтап қалған. Мұнда жекелеген ескерткіштер ғана емес, тұтас тарихи кеңістіктің кешенді түрде сақталуы бұл мұраны шын мәнінде бірегей етеді.

Сондай-ақ осы аптада «ӨзА»-да «Өзбекстанға емделу үшін келген шетелдіктер саны артып келеді» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды

Фото: uza.uz

2025 жылы Өзбекстанға емделу мақсатында келген шетел азаматтарының саны 86 мыңнан асты.

Бұл туралы Ұлттық статистика комитеті мәлімдеген.

Атап айтқанда, жыл басынан бері 86 199 шетел азаматы медициналық қызметтен пайдалану үшін Өзбекстанға келген.

Шетелдік науқастардың басым бөлігі көршілес мемлекеттердің үлесіне тиесілі. Атап айтқанда, Тәжікстаннан — 59 145 адам, Қырғыз Республикасынан — 15 631 адам, Қазақстаннан — 8 224 адам Өзбекстанда ем қабылдаған.

Сондай-ақ Ресей Федерациясынан — 1 899 адам, Ауғанстаннан — 914 адам, Түркіменстаннан — 224 адам медициналық қызмет алу үшін келген.

Бұдан бөлек, Түркиядан, АҚШ-тан, Қытайдан және Әзербайжаннан келіп емделушілер де бар екен.

Қытайда ауылдық жерлерде қалыңмалды шектеу шаралары күшейтілді— «Жэньминь жибао»

Қытайда ауыл-қыстақтарда қалыңмалды шамадан тыс алуды реттеуге бағытталған жаңа талаптар енгізілді. Бұл 3 ақпанда жарияланған 2026 жылғы Орталықтың № 1 құжатында көрсетілген, деп хабарлайды Қытайдың «Жэньминь жибао» басылымы.

Аталған БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, ресми құжатта кейбір ауылдық өңірлерде қалыңмалдың тым жоғары болуы қарапайым тұрғындарға ауыр қаржылық салмақ түсіріп отырғаны атап өтілген. Осыған байланысты билік өңірлер арасында бірлескен реттеу тетіктерін күшейтіп, бұл мәселені жүйелі түрде шешуді көздеп отыр.

Сонымен қатар құжатта қарапайым әрі өркениетті үйлену дәстүрін қалыптастыру, дұрыс отбасы құндылықтарын насихаттау, жастарды некеге жауапкершілікпен қарауға бағыттау қажеттігі айтылған. Бұл шаралар ауылдағы әлеуметтік ахуалды жақсартып, отбасылық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

Астанада Қытай туризмін насихаттайтын іс-шара өтті— «Халық газеті»

«Сәлем, Қытай!» Жібек жолындағы көктем — Қытай туризмін насихаттау іс-шарасы 4 ақпанда Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтті, деп хабарлайды Қытайдың «Халық газеті» басылымы.

Фото: kaz.people.cn

Аталған БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, іс-шараға Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь, ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің атқарушы төрағасы Нұрбол Байжанов, Қытай мен Қазақстанның мәдениет және туризм департаменттерінен, туристік компаниялардан, қонақ үйлерден, әуежайлар мен авиакомпаниялардан 100-ге жуық адам қатысқан.

Іс-шара аясында тақырыптық фотокөрме, материалдық емес мәдени мұра бойынша интерактивті таныстырылымдар және қонақтарға арналған арнайы презентациялар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ 50-ден астам көркем фотосурет Қытайдың әсем табиғатын және терең тарихи-мәдени мұрасын айқын көрсетті. Бейжің батпырауығы, Сучжоу қант картиналары, полиграфия, хош иісті тұмарша тігу сияқты материалдық емес мәдени мұра өнерлері қазақстандық қонақтарға Қытай мәдениетінің қайталанбас тартымдылығын өз көзімен көріп, сезінуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ осы аптада Халық газеті басылымында «Бейжіңде медициналық роботтар ақылды денсаулық сақтау жаңа моделін дамытуға ықпал етті» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды

Фото: kaz.people.cn

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, Бейжің қалалық үкіметі «робототехника + денсаулық сақтау» моделін қолданудың алғашқы демонстрациялық мекемесі ретінде белгілеген Бейжің Аньчжэнь ауруханасында қазіргі уақытта амбулаториялық клиникалар, дәріханалар, палаталар, операциялық бөлмелер және катетеризация зертханалары сияқты көптеген салаларды қамтитын клиникалық сынақтан өтіп жатқан 25 медициналық робот бар.

Дәрігерлердің ақылды көмекшілері санатындағы бұл робот «қызметкерлер» Бейжің Аньчжэнь ауруханасын зерделі трансформациялау мен жаңғыртудың негізгі тетігіне айналуда.

Сонымен қатар осы аптада Халық газетінде «Қытайдағы интернет пайдаланушыларының саны 1,125 миллиардқа жетті» деген ақпарат жарық көрді. 

Фото: kaz.people.cn

5 ақпан күні 57-інші «Қытайдағы интернетті дамыту туралы статистикалық есеп» Бейжіңде жарияланды.

Есепте 2025 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша еліміздің интернет пайдаланушыларының саны 1,125 миллиардқа өскені, интернеттің ену деңгейі 80,1%-ға артып, цифрлық даму жетістіктерінің пайдасы халыққа кеңірек жететіні көрсетілген. Генеративті жасанды интеллект қолданушыларының көрсеткіші 602 миллионға ұлғайып, оның арналары күнделікті өмір мен өндіріске терең енуде.

Хормозган жағалауындағы ауылдар теңіз, мәдениет және әлеуметтік туризмнің үйлесімі  — ParsToday

Иранның ең оңтүстік нүктесінде Хормозган облысы — Парсы шығанағы мен Оман теңізінің жағалауында орналасқан.

ParsToday-дың Press TV-ге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бұл ауылдарда күнделікті өмір ырғағы теңіз толқындарымен байланысты болады.

Фото: parstoday.ir

Ирандық басылым бұл жағалаудағы ауылдар және олардың әлеуеті туралы тоқталған.

Хормозган облысына қарасты бірнеше жағалаудағы ауылдар өздерінің ерекше мәдени және табиғи әлеуетімен ерекшеленеді.

Атап айтқанда, Кешм аралындағы Лафт ауылы тарихи желден қорғайтын жерлерімен, дәстүрлі сәулетімен және мангр ормандарына жақын орналасуымен танымал. Лафт мәдени туризм, сәулет өнерін зерттеу және экотуризм үшін жоғары әлеуетке ие екен.

ParsToday ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, жақын маңдағы Сохейли ауылы жергілікті экономикаға үлес қосқан қоғамдастыққа негізделген, тұрақты туризмнің табысты үлгісі ретінде танылған. Ауылдың мангр ормандарына жақын орналасуы қайықпен саяхаттауды және экологиялық білім беруді оның негізгі тартымдылығына айналдырады. Ал бұған жергілікті тұрғындардың қатысуы экономикалық пайданың қоғамдастық ішінде сақталуын қамтамасыз етеді.

Ирандық басылым бұл шағын мақаланы ары қарай «Музыка және рәсімдер», «Тамақ және жергілікті тағамдар мәдениеті», «Балық аулау және теңіздегі тіршілік» сондай-ақ «Қонақжайлылық және әлеуметтік өмір» деген секілді бірнеше тақырып бойынша талдау жасаған.

Ортақ түркі әліпбиі Анкарада талқыланды— TRT

Анкара қаласында Баку түркология құрылтайының 100 жылдығына орай түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын және өзара байланысын нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара өтті.

Түркі Мемлекеттері Ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырымның қатысуымен «Ортақ түркі әліпбиі: мүмкіндіктер, мәселелер және ұсыныстар» тақырыбында панельдік отырыс ұйымдастырылып, жетекші ғалымдар бұл мәселе бойынша жан-жақты пікір білдірді.

Бұл туралы Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады

Фото: trtkazakh.com

«TRT»-ның дерегінше, Түркі әлемінің көне заманнан бүгінге дейін жалғасқан ортақ тарихы, таралған географиялық кеңістігі мен қазіргі жағдайы ескеріле отырып қабылданған Ортақ түркі әліпбиінің маңызы атап өтілген бұл панель Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми қызметі аясында Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, профессор Мұхиттин Шимшектің жетекшілігімен ұйымдастырылды. Ұлттық кітапханада өткен бұл басқосуға ғалымдарды тыңдау үшін түркі мемлекеттерінің Түркиядағы елшілері де қатысқан.

— Түрік тіл қоғамының төрағасы, профессор Осман Мерт өз баяндамасында Ортақ түркі әліпбиі қабылданғанға дейінгі академиялық үдерісті және аталған бағыттағы қиындықтарды хабарлады. Ол сондай-ақ түркі әлемінің жазу тарихына қысқаша тоқталып, кирилл әліпбиімен салыстырғанда латын әліпбиі ұсынатын мүмкіндіктерді талдады, деп жазады түркиялық БАҚ.

Сондай-ақ осы аптада «TRT»-да «Түркия мен Қазақстан сыртқы істер министрлері кездесті» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрген болатын

Фото: trtkazakh.com

Аталған басылымның мәліметінше, Түркия мен Қазақстанның Сыртқы істер министрлері Хакан Фидан мен Ермек Көшербаев Түркия–Қазақстан Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының сегізінші отырысына төрағалық етеді.

Анкарада өтіп жатқан отырыс аясында Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен кездесті.

Кездесу барысында Фидан сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік, қорғаныс өнеркәсібі, білім беру және гуманитарлық-мәдени саладағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастырмақ.

Осы бағытта тараптар екі ел президенттері белгілеген 15 миллиард долларлық өзара сауда көлеміне қол жеткізу үшін жүзеге асырылуы мүмкін нақты қадамдарды талқылайды.

Сонымен қатар, министр Фидан сондай-ақ Түркі Мемлекеттері Ұйымын аясын қоса алғанда көпжақты платформалардағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Ақпан 2026 11:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

06 Тамыз 2026 16:56see169

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

06 Тамыз 2026 18:47see122

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

06 Тамыз 2026 15:01see121

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

06 Тамыз 2026 19:10see118

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

06 Тамыз 2026 20:22see114

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

06 Тамыз 2026 23:47see113

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

06 Тамыз 2026 21:05see112

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

07 Тамыз 2026 14:23see112

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

07 Тамыз 2026 13:10see111

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

06 Тамыз 2026 11:40see111

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

06 Тамыз 2026 15:25see110

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

06 Тамыз 2026 16:39see110

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

07 Тамыз 2026 13:18see109

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

06 Тамыз 2026 14:07see109

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

06 Тамыз 2026 16:26see109

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

08 Тамыз 2026 03:20see108

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

07 Тамыз 2026 23:25see108

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

06 Тамыз 2026 21:11see108

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

07 Тамыз 2026 17:00see108

Сауалнама: азаматтардың 71% ы сайлауда дауыс беруді өзінің азаматтық парызы санайды

07 Тамыз 2026 17:26see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары