Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Үш буын: кешеден келешекке

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

Алматыда парсы тілінен олимпиада өтті шетелдегі қазақ баспасөзі

Алматыда парсы тілінен олимпиада өтті шетелдегі қазақ баспасөзі

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстан ынтымақтастығы талқыланды – ӨзА

Ташкент қаласындағы Орталық Азия халықаралық институтында «Өзбекстан – Қазақстан одақтастық қатынастарының жаңа кезеңі: Бұхара саммитінен кейінгі қадамдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бұл туралы осы аптада «ӨзА» ақпарат агенттігі хабарлады.

Хабарламада айтылуынша, іс-шара барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағы талқыланды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 4,8 млрд долларға жетіп, бір жылда 16,2 пайызға артқаны айтылды. Тараптар бұл көрсеткішті 10 млрд долларға жеткізуді стратегиялық мақсат ретінде белгіледі. Сондай-ақ жалпы құны 3,8 млрд доллар болатын 52 бірлескен инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Фото: uza.uz

Жиында сарапшылар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көтерілгенін атап өтті. Парламентаралық ынтымақтастықтың да маңызы артып, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға серпін беріп отырғаны айтылды.

Дөңгелек үстел қорытындысында екіжақты және өңірлік әріптестікті одан әрі тереңдету жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Сондай-ақ «ӨзА»-да «Өзбекстан мен Қазақстан сақтандыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтты» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.

Өзбекстандық басылымның хабарлауынша, Өзбекстан мен Қазақстан сақтандыру саласындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат Өзбекстан Республикасының Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры мен Қазақстан Республикасының «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры» АҚ арасында жасалды. Келісім азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге және сақтандыру жүйесін дамытуға бағытталған.

Фото: uza.uz

Меморандум аясында тараптар тәжірибе алмасу, құқықтық және ұйымдастырушылық шешімдерді зерделеу, сондай-ақ заманауи басқару мен цифрлық технологияларды енгізу бойынша ынтымақтастықты кеңейтпек. Сонымен қатар сақтандыру жүйесінің тұрақтылығын арттыру көзделген.

Аталған келісім екі елдің сақтандыру нарығын дамытуға, қызмет сапасын арттыруға және саладағы институционалдық негіздерді нығайтуға ықпал етпек.

Қазақстан түркі интеграциясын нығайтуға ерекше мән береді – Eurasia Today

Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) аясындағы интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту мен нығайтуға ерекше мән беретінін мәлімдеді, деп хабарлады Eurasia Today ақпарат агентті.

Аталған басылымның дерегінше, бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевпен кездесуі барысында айтты. Кездесуде тараптар ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықты тереңдету және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Министр Қазақстанның ТМҰ-ның құрылуына бастамашы ел ретінде түркі әлемі елдері арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге мүдделі екенін атап өтті. Сондай-ақ өңірлік және жаһандық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Түркі мемлекеттері ұйымы 2009 жылы Нахчыван келісімі негізінде құрылған. Оның мақсаты – түркітілдес мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайту. Ұйымның бас кеңсесі Ыстанбұл қаласында орналасқан.

Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі айтарлықтай артты – Халық газеті

Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 46,6 пайызға өсіп, 13,243 млрд АҚШ доллар болды. Бұл туралы Қытай Бас кеден басқармасының ресми деректерінде хабарланды.

Сонымен қатар осы аптада Қытайдың Халық газеті хабарлады.

Мәліметке сәйкес, осы кезеңде Қытайдың Қазақстанға экспорты 6,443 млрд долларға жетіп, 7,1 пайызға артқан. Ал Қазақстаннан Қытайға импорт көлемі 6,8 млрд долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 125,2 пайызға өскен.

Фото: kaz.people.cn

Наурыз айының өзінде екі ел арасындағы сауда айналымы 3,4932 млрд доллар болды. Оның ішінде Қытай экспорты 1,9146 млрд доллар, ал Қазақстаннан импорт 1,5786 млрд доллар болған.

Сондай-ақ 2025 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы жалпы сауда көлемі 48,68 млрд долларға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 11 пайызға артқаны аталып өтті.

Сонымен қатар осы аптада Халық газетінде «Чжанцзякоу – Алматы бағытындағы жүк пойызы тұрақты жұмысқа көшті» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді. 

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, Қытайдың Чжанцзякоу қаласынан Қазақстанның Алматы қаласына бағытталған Орталық Азия жүк пойызы тұрақты жұмысқа көшті.

22 сәуір күні автокөлік бөлшектері тиелген пойыз Қытай теміржолы Бейжің тобына қарасты логистика орталығынан жолға шыққан. Пойыз Алашанькоу шекара өткелі арқылы өтіп, Қазақстан аумағына кіреді.

Бұл жоба Хэбэй өлкесіндегі Чжанцзякоу қаласының Орталық Азия бағытындағы жүк тасымалын алғаш рет жүйелі түрде іске қосуын білдіреді. Жаңа бағыт өңіраралық логистика байланысын нығайтып, сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта бұл бағыт бойынша жүк пойызы ай сайын бір рет тұрақты түрде қатынайтын болады.

Алматыда парсы тілінен тілдік олимпиада өтті – ParsToday

Алматы қаласында парсы тілінен дәстүрлі тілдік олимпиада өтті. Білім сайысы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылды, деп жазды ParsToday ақпарат агенттігі.

Ирандық БАҚ-тың мәліметінше, іс-шараны Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Шетел тілдерін кәсіби даярлау кафедрасы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының мәдени өкілдігімен бірлесіп, Ғылым декадасы аясында өткізді. Олимпиада 2026 жылғы 22 сәуірде өтті.

Фото: parstoday.ir

Олимпиадаға парсы тілін екінші шетел тілі ретінде оқып жатқан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары қатысты. Қатысушылар тілдік білімі мен дағдыларын сынға салды.

Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ашылу рәсімінде университет проректоры А.Т.Кулсариева сөз сөйлеп, бұл іс-шараның тек білім сайысы ғана емес, мәдени байланыстарды нығайтатын маңызды алаң екенін атап өтті. Сондай-ақ Иранның Бас консулы С.Ахмади қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қорытындысында жеңімпаздарға халықаралық сертификаттар мен дипломдар табысталған.

Түркия Қаржы министрі жаһандық экономикадағы тәуекелдер туралы ескертті – TRT

Түркия Қаржы министрі Мехмет Шимшек әлемдік экономиканың бұрын-соңды болмаған деңгейде белгісіздікке тап болғанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жаһандық деңгейде қақтығыстар мен геосаяси шиеленістер күшейіп, бұл экономикалық өсімнің баяулауына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар халықаралық протекционизм мен экономикалық бөлшектену үрдісі де артып келеді, деп хабарлады Түркия Радио Телевизия порталы.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, осы сын-қатерлерге жауап ретінде Түркия өңірлік және жаһандық сауда бағыттарын дамытуға басымдық беріп отыр. Атап айтқанда, Басрадан Түркияға дейін созылатын «Даму жолы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама шамамен 1200–1250 шақырымды қамтитын теміржол, автожол және энергетикалық дәлізді біріктіреді.

Фото: trtkazakh.com

Жобаға БАӘ, Катар және Ирак серіктес ретінде қатысып жатыр. Сонымен қатар Орта дәліз Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылып отыр.

Министрдің мәліметінше, жобалардың шамамен 83 пайызы халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан қаржыландырылады. Бұдан бөлек, Түркия Орта дәлізді дамыту мақсатында Дүниежүзілік банкпен келісімге қол қойған.

Сондай-ақ осы аптада «TRT»-да «Түркия 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салды» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді. 

Аталған басылымның Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабаралуынша, Түркия 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желі платформаларын пайдалануына тыйым салатын жаңа ережелерді күшіне енгізді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Жаңа реттеулер балалар мен жасөспірімдердің онлайн қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Құжатқа сәйкес, 15 жасқа дейінгі қолданушылар әлеуметтік желілерде тіркеле алмайды. Ал платформалар пайдаланушылардың жасын растау жүйелерін енгізуге міндетті.

Сонымен қатар әлеуметтік желі операторлары 15 жастан асқан пайдаланушыларға жас ерекшелігіне сай сараланған қызмет ұсынуы тиіс. Құжатта ата-аналық бақылау тетіктерін күшейту де қарастырылған.

Атап айтқанда, аккаунт баптауларын басқару және экран алдында өткізілетін уақытты шектеуге арналған құралдар енгізіледі. Бұдан бөлек, компаниялар жаңылыстыратын жарнаманың алдын алып, зиянды контентті жою бойынша шара қабылдауға міндетті.

Ұлттық қауіпсіздікке қатысты шұғыл жағдайларда ірі платформалар контентті алып тастау туралы талаптарды бір сағат ішінде орындауы керек. Сондай-ақ тәулігіне 10 миллионнан астам қолданушысы бар платформаларға қатаң талаптар қойылады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Сәуір 2026 11:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see141

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see141

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see140

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see139

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see137

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see134

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see134

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see133

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see133

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see131

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see130

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see130

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see129

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see126

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see125

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see125

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see123

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see119

Үш буын: кешеден келешекке

24 Қазан 2026 12:48see116

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

25 Қазан 2026 15:54see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары