Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Мекке мұражайында қазақ тіліндегі аудиогид енгізіледі шетелдегі қазақ баспасөзі

Мекке мұражайында қазақ тіліндегі аудиогид енгізіледі шетелдегі қазақ баспасөзі

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Орталық банк мемлекеттік тіл мен ашықтық талаптарын бұзған 18 банкке айыппұл салды — ӨзА

Өзбекстан Республикасының Орталық банкі коммерциялық банктердің ресми веб-сайттарында ақпаратты ашу жағдайын тексеру нәтижесінде 18 банкке жалпы көлемі 1 миллиард 836 миллион сум айыппұл салды, деп хабарлайды «ӨзА» ақпарат агенттігі.

Фото: uza.uz

Келтірілген деректерге сүйенсек, биылғы қыркүйек–қазан айларында Орталық банк коммерциялық банктердің веб-сайттарына мониторинг жүргізген. Тексеру барысында бірқатар кемшілік пен заң бұзу анықталған.

Атап айтқанда, кейбір банктер «Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік тілі туралы» заң талаптарын орындамаған, яғни өз сайттарында ақпаратты мемлекеттік тілде жарияламаған. Сонымен қатар, кейбір банктер несие қамтамасыз етуге қабылданған кепіл мүліктерін қарыз қалдығына сәйкес кезең-кезеңімен кепілден шығару тәртібін де жария етпеген.

Бұл талаптарды бұзған банктер қатарында 19 банк бар екен.

Хабарламада айтылуынша, Орталық банк әрбір ереже бұзған банкке 102 миллион сумнан айыппұл салды. Сонымен қатар, барлық банкке анықталған кемшіліктерді жою және веб-сайттардағы ақпаратты заңнама талаптарына толық сәйкестендіру туралы нұсқаулар жіберілді.

Сондай-ақ осы аптада «ӨзА»-да «Түркістан делегациясы Хорезмге келді» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды. 

Фото: uza.uz

Өзбекстандық БАҚ-тың дерегінше, Хорезм облысының әкімі Журабек Рахимов Қазақстан Республикасының Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровпен кездескен.

Кездесу барысында туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен туристік бағыттарды әзірлеу, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ мәдени және гастрономиялық туризмді дамыту мәселелері талқыланған.

Айта кетейік, тараптар көпжылдық тату көршілік пен бауырластық қатынастарды одан әрі бекемдей түсуге бағытталған келешек жоспарларды келісіп алды.

Сапар аясында екі өңірдің кәсіпкерлері мен бизнес өкілдері арасында өткен кездесулер де өзара тиімді серіктестікке жол ашты.

Сонымен қатар, тарихы мен бүгіні үндескен Түркістан мен Хорезм облыстарының туристік әлеуеті, көне дәуірлерге жетелейтін мәдениеті, қала құрылысы мен сәулет өнері, сондай-ақ туристерді қабылдау мүмкіндігі саланың мамандары тарапынан кеңінен таныстырылды.

Қытайдың Ұлттық спартакиадасында үш этникалық қазақ жүлделі орынға ие болды — CNR

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан XV бүкілқытайлық спартакиадада қытайлық Байқоныс Данабекұлы, Ақжол Тұрсынұлы және Салтанат Еренбекұлы сынды үш шыңжаңдық спортшы жүлделі орынға ие болды деп хабарлайды Қытайдың Орталық халық радиосы.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан XV бүкілқытайлық спартакиадада бокстан ерлер арасындағы 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында Гуандун провинциясының атынан додаға түскен қазақ спортшысы Байқоныс Данабекұлы чемпион атанды.

Фото: mp.weixin.qq.com

Айта кетейік, Байқоныс ақтық сында Қытай Қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша спорт қауымдастығының өкілі Ма Цзиньянды айқын басымдықпен жеңді.

Сондай-ақ 11 қараша күні түстен кейін XV бүкілқытайлық спартакиадада еркін күрес түрі бойынша 74 келі салмақ дәрежесіндегі жарысында шыңжаңдық спортшы Ақжол Тұрсынұлы күміс медаль алды. 

Ал, 12 қараша күні түстен кейін аталған ұлттық спартакиадада ерлер классикалық күресінің 60 келі салмақ дәрежесі бойынша шыңжаңдық спортшы Салтанат Еренбекұлы қола медаль еншілеген. 

Мекке мұражайында қазақ тіліндегі аудиогид енгізіледі — «Eurasia Today»

Меккедегі Сағат мұнарасы мұражайында қазақ тіліндегі аудиогид енгізіледі.

Фото: kz.eurasiatoday.ru

«Eurasia Today» ақпарат агенттінің хабарлауы бойынша, бұл туралы Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов пен Меккедегі Сағат мұнарасы мұражайының директоры Наиф әл-Маликимен кездесуінде талқыланды.

Тараптар кездесуде туризм, ғылым және мәдениет салаларында ынтымақтастықты талқылап, бірнеше келісімге келді.

Аталған басылымның дерегінше, алғашқы кезеңде қазақстандықтарға мұражайға кіруде жеңілдіктер ұсынылып, ресми делегациялар үшін арнайы шарттар енгізіледі.

Сондай-ақ мұражайдың аудиогид жүйесіне енді қазақ тілі қосылады.

Кездесу қорытындысынша тараптар тұрақты байланыс орнатып, қол жеткізілген уағдаластықтарды ресми түрде бекіту мақсатында тиісті құжаттарды дайындауға келіскен.

Айта кетейік, Меккедегі Сағат мұнарасы мұражайы әл-Харам мешітіне қарсы орналасқан. Сағат Гиннестің рекордтар кітабына енген.

WeChat арқылы Қытай-Қазақстан кедендік электронды кезек ресми түрде іске қосылды — «Халық газеті»

10 қарашада сағат 00:00–де Қытайдың Wechat ұялы байланыс қосымшасы жаңа шағын бағдарламаны ресми түрде іске қосты. Шағын бағдарлама арқылы қытайлық жүргізушілер елден шығар алдында Қазақстан шекара инспекциясы арнасында кедендік тексеруге жазыла алады, деп жазады қытайлық «Халық газеті» басылымы. 

Фото: kaz.people.cn

Хабарламаларға сәйкес, бұл жүйе қытайлық жүргізушілерге кезекке тұруға және қазақстандық шекара инспекциясы арнасында тіркелуге жеке квота бөледі. Қытай-орыс екі тілді интерфейс жұмысты жеңілдетеді. Қазақстандық электронды кезек жүйесін пайдалану кезінде қытайлық жүргізушілердің тілдік кедергісін жойып, басқа да қолайсыздықтарды болдырмайды. Сол сияқты агенттікке қызмет көрсетудің жоғары шығындары мәселесін шешуге көмектеседі.

Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, бұл шағын бағдарламаның іске қосылуы Қытай-Қазақстан халықаралық автомобиль көлігі ынтымақтастығын тереңдетудің маңызды шарасы.

Келесі қадамда екі тарап шағын бағдарламаның функцияларын оңтайландыруды, жүргізушілердің кері бағасы негізінде жетілдіруді, сондай-ақ Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара байланысты ілгерілету үшін Қытай-Қазақстан электрондық лицензия жүйесін қондыруды жеделдетеді.

Сонымен қатар осы аптада «Халық газеті» басылымында «Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығы» деген ақпарат жарық көрді.

Жақында Бейжіңде Қазақстанның шетелдегі тұңғыш мәдениет орталығы ашылған болатын.

Бұл жобаны жүзеге асыру екі ел арасындағы мәдени алмасудың жаңа кезеңін білдіреді. Бұл сондай-ақ қазақстандық мәдениетті халықаралық аренада насихаттауға маңызды үлес қосады. Сонымен бірге Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстар мен стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетеді.

Фото: kaz.people.cn

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, Мәдениет орталығы Бейжіңнің негізгі іскерлік ауданында орналасқан, 620 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ол қазақстандық дәстүрлерді, өнерді, тілді, тарихты және этникалық тағамдарды көрсетуге, сондай-ақ түрлі іс-шараларды өткізуге арналған алаң ретінде қызмет етеді.

Иран қыздары бір жылда 868 әлемдік медаль жеңіп алды — ParsToday

Иранның спорт және жастар министрі өткен жылы әйелдер секциясында 307-ден астам халықаралық дарыстар өткізілгенін және ирандық әйел спортшылар беделді әлемдік жарыстарда 868 медаль жеңіп алған, оның 140-ы алтын медаль, деп хабарлады ParsToday ақпарат агенттігі.

Фото: parstoday.ir

Ирандық БАҚ-тың дерегінше, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық отырысында спорт және жастар министрі Ахмад Дониомали министрліктің жұмысы туралы есеп берді. Әйелдер спортының тамаша жетістіктеріне тоқтала отырып, ол бұл жетістіктерді ирандық әйелдердің құлшынысы мен табандылығының белгісі деп санап, елдің әйелдер қауымдастығын құттықтады.

Дониомали сонымен қатар Садак жүйесінде 11500 спорт нысанының тіркелгенін жариялап, Конституцияның 44-ші бабының саясатын жүзеге асыруға сәйкес «Персеполис» және «Эстеглал» клубтарының акцияларының үлкен бөлігі басқаға берілгенін және спорттық активтерді қалыптастыру үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын қосты.

Түркияда 5 000 жылдық арпа дәндері табылды — TRT

Түркияда 5 000 жылдық арпа дәндері табылды. Бұл жаңалық аймақ ауыл шаруашылығы мен қоныстануы туралы маңызды мәліметтер береді. Пеш, қыш ыдыстар мен дән үгітетін тастардан тұратын, жақсы сақталған асүй орны ˗ үлкен ғылыми маңызы бар жаңалық болып отыр. Археологтар Түркияның шығысындағы Ван өңірінде орналасқан Иремир төбешігінде ерте қола дәуіріне жататын шамамен 5 000 жыл бұрынғы көмірге айналған арпа дәндерін тапты.

Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады.

Фото: trtkazakh.com

Аталған БАҚ-тың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, Йүзүнжү Йыл университеті Әдебиет факультеті археология кафедрасының оқытушысы және қазба жұмыстарына жетекшілік еткен профессор Ханифи Бибердің айтуынша, табылған заттар аймақта егіншілік мәдениетінің дамығанын көрсетеді.

Қазба кезінде пеші бар асүй, қыш ыдыстар, астыңғы және үстіңгі үгіткіш тастар, ұсақ мал сүйектері және сынған үлкен құмыраның ішінен және айналасынан арпа дәндері табылған.

Түркиялық баслымның мәліметінше, зерттеушілер әр түрлі дәуірге жататын сегіз мәдени қабат анықтаған бұл төбешікте аймақтағы ең көне қоныс орны табылған. Профессор Ханифи Бибер негізгі қабаттардың ерте қола дәуірінде Шығыс Анадолы мен Оңтүстік Кавказға таралған Кура-Аракс (ерте Транскавказ) мәдениетіне тиесілі екенін айтқан.

Сондай-ақ «TRT» басылымында «Желтоқсанның 15-і «Түркі тілдері отбасының халықаралық күні» деп жарияланды» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді.

Фото: trtkazakh.com

ЮНЕСКО 15 желтоқсанды Түркі тілдері отбасының халықаралық күні ретінде белгіледі. Бұл күн түркі тілдес мемлекеттердің ортақ тілі, мәдениеті мен құжаттық мұрасын насихаттауға арналған.

Өзбекстанның тарихи Самарқанд қаласында 30 қазанда басталған ЮНЕСКО-ның 43-ші Бас конференциясында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұсынысы бойынша 15 желтоқсанды Түркі тілдері отбасының халықаралық күні ретінде белгілеу туралы қарар жобасы талқыланып, мақұлданды. Бұл конференцияға 194 елден 5000-нан астам қатысушы жиналды және ол 13 қарашаға дейін жалғасады.

Түркиялық БАҚ-тың дерегінше, ЮНЕСКО Түркия Республикасы президенті Ердоғанның ұсынысын қабылдаған.

Айта кету керек, түркі тілдерін 200 миллионнан астам адам қолданады, бұл кең географияда ортақ тарих пен құндылықтар арқылы өрілген бай мәдени мұраны білдіреді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қараша 2025 18:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары