Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Балалардың зейіні үнсіз саудаға салынуда шетелдегі қазақ баспасөзі

Балалардың зейіні үнсіз саудаға салынуда шетелдегі қазақ баспасөзі

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Чунцинде 240 метрден астам тік эскалатор салынды — «Халық газеті»

2026 жылы 14 қаңтар күні әуеден түсірілген фотосуреттер Чунциннің Ушань ауданындағы Шэньнюй эскалаторының аяқталуына аз қалғанын көрсетті. Чунцин қаласы Ушань ауданына орналасқан Шэньнюй эскалаторы жобасы Шэньнюй даңғылы бойында қала осіне сүйеніп салынған, деп хабарлайды «Халық газеті».

Фото: «Халық газеті»

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, эскалатордың жалпы ұзындығы шамамен 905 метр. Ол Чунциннің тәж эскалаторынан асып түсіп, көп деңгейлі эскалаторларды пайдаланып, қаланың өрі мен ылдиын жақындататын маңызды қатынас жолына айналады.

Оның жалпы көтергіш биіктігі 240 метрден асады, бұл 80 қабатты ғимаратқа тең. Жобаға 21 эскалатор, 8 лифт (аспалы көпірлердегі қолжетімді лифттерді қоса алғанда), 4 жылжымалы жаяу жүргіншілер жолы, 2 жаяу жүргіншілер көпірі және 2 жол өткелі кіреді. Құрылыс аяқталғаннан кейін Шэньнюй даңғылының басы мен бөктерінің арасындағы жол жүру уақыты бұрынғы мөлшермен 1 сағаттан 20 минутқа дейін қысқарады, бұл қала тұрғындары мен туристердің саяхатын қолайлы етеді.

Сонымен қатар осы аптада «Халық газеті» басылымында «Қорғас 2025 жылы 9 882 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызын жөнелтті, бұл рекордтық көрсеткіш» деген ақпарат жарық көрді.

Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, Қорғас теміржол порты станциясының статистикасына сәйкес, 2025 жылы Қорғас 9 882 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызын жөнелтті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға артық, ал жүк көлемі 14,237 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға көп. Екі дерек те рекордтық деңгейге жеткен.

Фото: «Халық газеті»

Келтірілген деректерге сүйенсек, Қорғас теміржол портындағы Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының орташа тәуліктік қозғалысы 27-ден астам пойызды құрайды, кері қайтқан Қытай-Еуропа пойыздары орта есеппен әр 2 сағатта жүк ауыстырып болады. «Қытайда жасалған» күнделікті қажетті бұйымдар, механикалық және электр жабдықтар, электронды өнімдер, ауылшаруашылық және қосалқы өнімдер сияқты т. б. өнімдер Шыңжаң теміржол порттары арқылы Орталық Азия мен Еуропа нарықтарына көптеп жол алып жатыр.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қорғас теміржол порты арқылы 52000-нан астам Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздары жүрді, теміржол желілерінің жалпы саны 90-ға жетті, 18 ел, 46 қала және аймақтарды қамтыды, тасымалдайтын жүк түрі 200-ден асқан.

Руслан Абдуллаев кәсіби бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді — ӨзА

АҚШ-тың Калифорния штатында өткен кәсіби бокс кешінде отандасымыз Руслан Абдуллаев кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды «ӨзА».

Өзбекстандық басылымның мәліметінше, кәсіби рингтегі төртінші айқасында Руслан уругвайлық боксшы Эдуардо Хавьер Абреумен қолғап түйістірді. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жектің бесінші раундында Абдуллаев қарсыласына жойқын соққылар сериясын бағыттап, оны нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші айқасты мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болған.

Фото: ӨзА

Осылайша, өзбекстандық қандасымыз Руслан Абдуллаев техникалық нокаут арқылы кәсіби мансабындағы төртінші жеңісін тойлады. Ал 37 жастағы Эдуардо Хавьер Абреу кәсіби карьерасындағы екінші жеңілісіне тап болды.

Сондай-ақ осы аптада «ӨзА»-да «Наманганда ұлттық рухты ұлықтаған дәстүрлі көкпар сайысы өтті» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.

Фото: ӨзА

Наманганда Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл толуына және 14 қаңтар — Отан қорғаушылар күніне орай дәстүрлі көкпар сайысы өтті.

Ұлттық құндылықтарымызды сақтау, өскелең ұрпақтың жүрегінде патриоттық сезімді нығайту, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарыста көкпарфедерациясының мүшелері, көршілес мемлекеттер мен еліміздің әр өңірінен келген шебер шабандоздар өнерлерін ортаға салды.

Тегеран метросы әлемдегі ең ірі метро жүйесіне айналады — Eurasia Today

Тегеран метрополитені жалпы ұзындығы бойынша әлемдегі ең ірі бесінші метро жүйесіне айналады.

Eurasia Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Тегеран мэрі Әлиреза Закани мәлімдеді. Заканидің айтуы бойынша, Тегеран қаласы метро жүйесін ауқымды түрде кеңейтуді жоспарлап отыр.

Фото: Eurasia Today

Келтірілген деректерге сүйенсек, Әлиреза Закани алдағы бес жыл ішінде Тегеранда 36 шақырым жаңа желі мен 21 станция салу жоспарланып отырғанын айтқан. Оның сөзінше, бұл кеңейту жұмыстарының нәтижесінде метро жүйесі қазіргі 16-шы орыннан әлемдегі ең ірі метро желілері арасында бесінші орынға көтеріледі.

Қытайда автомобиль өндірісі рекорд жаңартты — CNR

Қытай автомобиль өнеркәсібі қоғамының мәліметіне сәйкес, 2025 жылы елде автомобиль өндіру және сату көлемі 34 миллионнан асып, тарихи ең жоғары деңгейге жетті. Осылайша Қытай автонарықта 17 жыл қатарынан әлемде бірінші орынды иеледі, деп жазады қытайлық «Орталық халық радиосы».

Фото: kaz.people.cn

Аталған басылымның келтірген деректеріне сүйенсек, бір жыл ішінде автомобиль өндірісі 34 миллион 531 мыңға, ал сатылымы 34 миллион 400 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда тиісінше 10,4 және 9,4 пайызға артты.

Жаңа энергиялы автомобильдер өндірісі мен сатылымы да қарқынды өсіп, тиісінше 16 миллион 626 мың және 16 миллион 490 мың болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29 және 28,2 пайыз өсім көрсетіп, жаңа энергиялы көліктердің ішкі нарықтағы үлесі 50 пайыздан асты.

Салалық ұйымның болжамынша, 2026 жылы Қытайда автомобиль сатылымы 34 миллион 750 мыңға жетіп, оның ішінде жаңа энергиялы автомобильдер 19 миллионды құрайды.

Балалардың зейіні үнсіз саудаға салынуда — TRT

Зейін — технология алпауыттарының жаңа валютасы. Әлеуметтік желілер, видео платформалар мен ойын қосымшалары әсіресе балалардың шектеулі зейін мерзімін нысанаға алады. Бұл жүйеде зейін неғұрлым ұзақ баурап алынса, соғұрлым құнды бола түседі.

Фото: Анадолы

Бүгін балаларымыздың ең құнды ресурсы туралы әңгімелеп береміз. Бірақ бұл ресурс ақша да, уақыт та емес… Ол — зейін, деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.

Түркиялық басылымның мәліметінше, бір жасөспірім кітаптың алғашқы бетін ашады, бірақ әрі қарай жалғастыра алмайды. Сабақ оқып отырған бала әрбір екі минут сайын телефонға қол созады. Ақырында ненің «уақытты босқа шығындау» екені де анық емес.

Өйткені цифрлық дәуірде зейін — бұл жай ғана жеке дағды емес, жүйелі түрде тұтынылатын ресурс.

— Зейін — технология алпауыттарының жаңа валютасы. Әлеуметтік желілер, видео платформалар мен ойын қосымшалары әсіресе балалардың шектеулі зейін мерзімін нысанаға алады. Бұл жүйеде зейін неғұрлым ұзақ баурап алынса, соғұрлым құнды бола түседі. Алайда басты мәселе — бұл жағдайдың көбінесе балалар мен ата-аналарға байқатпай жүзеге асуында, деп жазады TRT.

Түркиялық басылым бұл шағын мақаланы «Зейін неліктен нысанаға алынды?», «Ал балалар неліктен бұлай тез әсерленгіш келеді?», «Зейін енді жеке қабілет емес» және «Ал не істеуге болады?» деген тақырыптар бойынша талдау жасайды.

Сондай-ақ осы аптада «TRT»-да «Жаңа буын ЖИ әзірленуде» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды. 

Түркиялық БАҚ-тың дерегінше, серіктестік «Nvidia»-ның жасанды интеллект платформаларын «Siemens»-тің өнеркәсіптік технологияларымен біріктіріп, өнеркәсіптік инновацияны жеделдетуді көздейді.

Фото: TRT

Бұл туралы «Nvidia» Бас директоры Дженсен Хуанг генеративті жасанды интеллектпен жеделдетілген есептеулер «жаңа индустриялық революцияны» бастағанын хабарлаған.

Сондай-ақ АҚШ-тың чип өндірушісі «Nvidia» мен Германияда орналасқан «Siemens» сейсенбі күні стратегиялық серіктестігін кеңейтетінін мәлімдеп, өнеркәсіптік жасанды интеллект (ЖИ) шешімдерін әзірлеуді және ЖИ-ді нақты әлемге енгізуді жеделдетуді мақсат ететінін хабарлады.

Атап айтқанда, «Nvidia» ЖИ инфрақұрылымын, симуляция кітапханаларын, модельдерді және жоспарларды ұсынатынын, ал «Siemens» жүздеген өнеркәсіптік ЖИ мамандарын тартып, аппараттық және бағдарламалық шешімдермен қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

«Nvidia» бас директоры Дженсен Хуанг генеративті ЖИ мен жеделдетілген есептеудің «жаңа өнеркәсіптік революцияны» қозғап, цифрлық егіздерді пассивті симуляциялардан физикалық әлемнің ақылды жүйесіне айналдырып жатқанын айтқан.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қаңтар 2026 11:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары