Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Орталық Азия елдерінің педагогтері Нөкісте бас қосты шетелдегі қазақ баспасөзі

Орталық Азия елдерінің педагогтері Нөкісте бас қосты шетелдегі қазақ баспасөзі

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Иранда жаңа ірі газ кен орны ашылды — «Eurasia Today» ақпарат агентті

Иранның Фарс провинциясының оңтүстігінде орналасқан Пазан кен орнында айтарлықтай газ және мұнай қоры ашылды, деп хабарлайды Қырғызстанда шығатын «Eurasia Today» ақпарат агенттігі.

Фото: eurasiatoday

«Eurasia Today» хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Мұнай министрі Моһсен Пакнежад жария етті.

Моһсен Пакнежадтің мәліметінше, Фарс провинциясының оңтүстігіндегі Пазан кен орны аймағында және Бушер провинциясының солтүстігіне дейінгі аумақта жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде жаңа қорлар анықталған.

«Eurasia Today» ақпарат агенттінің дерегінше, газ қоры 10 триллион текше футты (шамамен 283 миллиард текше метр) құрайтын бұл кен орны алдағы жылдары елдің энергия тапшылығын өтеуде маңызды рөл атқара алады.

Айта кету керек, бұл жолғы жүргізілген барлау жұмыстары Иранның жалпы дәлелденген газ қорын 10 триллион куб футқа арттырды.

Қытай локомотивтері Қазақстанға экспортталды — «Халық газеті»

27 қыркүйекте Шыңжаңның Темэньгуань қаласында орналасқан Xinjiang Tiancheng Agricultural Machinery Manufacturing компаниясының интеллектуалды бидай ұрығын себетін 15 машинасы тексерістен өткізіліп, жүктеліп, Қазақстанға сәтті жөнелтілді.

Бұл компанияның биылғы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын Орталық Азия елдеріне екінші рет экспорттауы.

Бұл туралы осы аптада Қытайдың «Халық газеті» басылымы хабарлады.

Фото: Халық газеті

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, бұл жолы экспортталатын интеллектуалды ұрық себу машинасы автоматты түрде басқару, ұрықты себу тереңдігін автоматты теңшеу, олардың аралығын икемді реттеу, ауыспалы тыңайтқышты бір уақытта себуді аяқтай алады. Әсіресе Орталық Азиядағы құрғақшылық пен жартылай құрғақшылық климатының топырақ сипаттамаларына бейімделген. Осының арқасында бидай себу тиімділігін 30%-дан астамға арттырып, жергілікті шаруалардың шығындарын азайтуға және астық өнімділігін қамтамасыз етуге едәуір көмектеседі.

Сонымен қатар осы аптада «Халық газеті» басылымында «Ганьсудың Гаотай ауданына Жібек жолын бойлаған түйе керуені келді» деген ақпарат жарық көрді.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, 2025 жылдың 9 қазанында Шыңжаңның Баркөл қазақ автономиялы ауданынан жолға шыққан 33 түйе мен 20-дан астам топ мүшелерінен тұратын шығыс Тяньшань «Жібек Жолы мәдени турының» түйе керуені 49 күндік сапарынан кейін Ганьсу өлкесінің Гаотай ауданы ішіндегі Жібек жолындағы ежелгі Хань және Тан мәдени жұртының Түйе қаласы орнына келіп жетті.

Фото: Халық газеті

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, серуендеп жүрген түйе керуенін қала тұрғындары мен туристері қаумалап, ыстық ықыласпен тамашалады.

Орталық Азия елдерінің педагогтері Нөкісте бас қосты — ӨзА

Нөкіс қаласында халықаралық деңгейдегі маңызды шара — «Орталық Азия педагогтері» форумы басталды.

Аймақ елдерінің білім беру саласының өкілдері, мұғалімдер, халықаралық серіктестер мен беделді сарапшылар бас қосқан жиын «Орталық Азия мұғалімдері — бір аймақ, бір үн, бір күш» деген айшықты ұран аясында өтуде, деп хабарлайды «ӨзА» ақпарат агенттігі.

Фото: М.Хабибуллаев, ӨзА

Хабарламада айтылғандай, форумда заманауи оқыту технологиялары мен инновациялық әдістерді енгізу, цифрлық білім берудің жаңа мүмкіндіктері, экологиялық тәрбие мен қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ тұрақты даму бағыттары кеңінен талқылануда. Мұғалімдер қауымына ортақ ой мен тәжірибе алмасу алаңы болған бұл жиын, келешек білім жүйесінің жаңа бағдарларын айқындауға сеп болмақ.

Айта кетейік, форумның алғашқы күні қонақтар Тахтакөпір ауданындағы «Қара Теран» туристік орталығына арнайы сапар шекті. Мұнда мәдени-ағартушылық шаралар, танымдық семинарлар ұйымдастырылып, қатысушылар қарақалпақ ұлттық өнерінің әсем үлгілерімен, дәстүрлі тағам көрмелері және этнографиялық қойылымдармен танысты.

Сондай-ақ осы аптада «ӨзА»-да «Хиуада «Кілемдер шуағы» халықаралық кілем көрмесі өтеді» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды. 

Аталған басылымның дерегінше, Хорезм өңірінің тамаша мекені саналатын Хиуа қаласында 18–19 қазан күндері «Кілемдер шуағы» халықаралық кілем көрмесі өтеді.

Қазіргі уақытта осынау кормеге қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аталған көрме тек қана республика шеберінде емес, әлемге әйгілі кілем тоқитын мектептердің өкілдерін де бір алаңға тоғыстырмақ.

Фото: Б.Саидов, ӨзА

Іс-шара өтетін орындарда арнайы павильондар, көрме залдары және шеберлер үшін шығармашылық шеберханалар ұйымдастырылуда. Түрлі интерактивті бағдарламалар, шеберлік сабақтары мен тәжірибелік конференцияларға дайындық жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Иранмен бірлескен бизнес жобаларын құптайды — ParsToday

Қазақстанның Ирандағы елшісі Қазақстан Иранмен экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюін, бірлескен ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік жобаларды дамытуды және туристік қуаттар мен заманауи технологияларды пайдалануды құптайтынын айтты.

Бұл туралы осы аптада ParsToday ақпарат агенттігі хабарлады. 

Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстанның Теһрандағы елшісі Оңталап Оңалбаев сенбі күні Лорестан облысы мен Қазақстан арасындағы іскерлік кездесуге қатысқан. Аталған басқосуда О. Оңалбаев Қазақстанда ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібіндегі 650-ден астам белсенді компания тіркелген және ирандық компаниялар осы мүмкіндікті пайдаланып, сауда ынтымақтастығы мен бірлескен инвестицияны дамыту үшін пайдалана алатынын тілге тиек еткен.

Фото: parstoday

Ол осы сапар үшін жасалған үйлестіруді жоғары деңгейде екенін айта отырып, Иран мен Қазақстанның саяси қарым-қатынастарын оң бағалаған. Оның сөзінше, екі ел тек саяси деңгейде ынтымақтасады, сонымен қатар олардың ортақ тарихи және өркениеттік тамыры олардың экономикалық және мәдени қарым-қатынастарының дамуына жол ашады.

Жер сілкінісінен кейін жабылған Ирак–Түркия құбырынан мұнай тасымалы қайта басталды — TRT

Түркия Энергетика және табиғи ресурстар министрі 2023 жылғы 6 ақпанда Түркияның оңтүстігінде болған жер сілкінісінен кейін жабылған құбыр арқылы ағынның қайта басталғанын растады.

Бұл туралы Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады.

Фото: Түркия Радио Телевизия порталы

Аталған БАҚ-тың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, Түркия Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар «Ирак-Түркия мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 7:07–де (0407GMT) қайта басталған.

Министрдің айтуынша, құбыр 2023 жылдың 6 ақпанындағы жер сілкіністерінен кейін тоқтатылған болатын, ал Түркияның мемлекеттік құбыр операторы «BOTAŞ» оны қазан айында қайта іске қосуға дайындады. Бұл туралы министр Байрактар «Nsosyal» әлеуметтік желісіне жазған.

Ирактың ресми жаңалықтар агенттігі «INA» сенбі күні Ирактың солтүстігіндегі күрд аймақтық үкіметінің мұнай кен орындарынан мұнай экспорты қайта басталғанын мәлімдеген.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2025 12:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары