Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Кімдер ораза ұстамауға болады? Қандай жағдайда ораза ұстамауға рұқсат етіледі?

Кімдер ораза ұстамауға болады? Қандай жағдайда ораза ұстамауға рұқсат етіледі?

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ислам діні ораза ұстауға шамасы келмейтін кісілерге жеңілдік береді. Яғни, кейбіреулері оразаны Рамазан айынан басқа бір уақытта ұстаса, басқалары оның орнына підия беріп, оразаның ауыртпалығынан босатылады, деп жазады Arasha.kz.

Құран Кәрімде: «Алла сендерге (әр нәрсенің) жеңілдігін қалайды, қиындықпен қинамайды», – делінген («Бақара» сүресі, 185-аят).

Шариғат бойынша мына жағдайларда ораза ұстамауға рұқсат етіледі:

Науқас. Мерт болуы, белгілі бір ағзаның зақымдануы, жаңа аурудың пайда болуы және аурудың асқыну қауіпі күшейгенде, сондай-ақ білікті әрі әділетті мұсылман дәрігердің кеңесімен ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Дерт өз жанына немесе қайсыбір ағзасына зақым болуынан қорықса, оразасын ашады деп бірауыздан пәтуа берілген. (Фәтәуаи Һиндия).

Алла Тағала Құранда: «Науқастанып қалғандар және сапарда жүргендер басқа күндері ораза ұстап орнын толтырсын», – деген («Бақара» сүресі, 185-аят).

Жолаушы. Жолаушының жолы жеңіл әрі қиындықсыз болса да, оған ораза ұстамауға және намазын қысқартып оқуға рұқсат етіледі. Сапарға шыққан адам ораза ұстаса да, ұстамаса да болады. Мүмкіндік болса, ұстағаны жақсырақ.

Әнас ибн Малик (оған Алла разы болсын): «Біз Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге жиі сапарда болатынбыз. Ораза ұстаған адам ораза ұстамаған адамды, ал ораза ұстамаған адам ораза ұстаған адамды сөкпейтін», – деген  (Бұхари).

Ораза ұстағаннан кейін жолға шықса, оразаны бұзуға рұқсат берілмейді. Жолда оразасын ашып жіберсе, оның қазасын өтейді, бірақ кәфарат төлемейді. Жолға шықпай бұрын ауызын ашса, кәфарат беру керек болады.

Қысым жасалу. Қамау, ұру, кісендеу секілді жеңіл қысым жасап, өлексе, қан, шошқа етін жеуге немесе арақ ішуге мәжбүрленсе, арам нәрсені ішіп-жемеу керек. Ал өлтіру, ағзасын жарақаттау, қатты ұру секілді ауыр қысым жасаумен зорланса, оған оны жеуге рұқсат етіледі. Соған сабыр етіп, сол күйде өлсе, күнәһар болады.

Сонымен қатар қатты қысыммен күпірлік сөзін айтуға, намаз және оразаны орындамауға мәжбүрленсе, сенімін жоғалтпаған халде күпірлік сөзін айтса, ғибадатты тоқтатса, діннен шықпайды, күнәһар болып есептелмейді. Бірақ күпірлік сөзін айтпай, ғибадатты орындап, сол күйде мерт болса, сауапқа ие болады (Раддул-мұхтар).

Жүктілік және бала емізу. Жүкті және емізулі баласы бар әйелдер өзі немесе жатырдағы баласы үшін қауіп сезінсе, оразасын тоқтата алады. Бұл мәселенің шешімі тәжірибе арқылы ойдың басымдылығы немесе білікті әрі әділ мұсылман дәрігердің кеңесімен айқындалады (Мәрақил-фәлах). Жүкті және бала емізетін әйел өзінің не баласының денсаулығына зиян келеуінен қорықса, оразасын ашып қаза қылады. Ол үшін кәфарат төлемейді. «Хуласа» кітабында да осылай айтылған (Фәтәуаи Һиндия). Алайда, жүкті әйел мен бала емізетін әйел ораза ұстай алса, онда олар ораза ұстауы керек. Себебі, Алла Тағала: «Ораза ұстаудың өздеріңе пайдалы екенін білесіңдер ғой», – дейді  («Бақара» сүресі, 183-аят).

Шөл мен аштық. Қатты шөл не қатты аштық өлімге немесе қауіпті ауруға себеп болса, онда оразаны тоқтатып, оны кейін өтейді. Өйткені, шариғат бойынша адам баласы өмірін сақтауға міндетті. Құран Кәрімде: «Өз қолдарыңмен өздеріңді өлімге байламаңдар», – дейді  («Бақара» сүресі, 195-аят). Бірақ, денсаулыққа зияны тимейтін аз ғана шөл мен аштықты сезініп, оразаны тоқтата салу дұрыс емес.

Кәрілік. Ораза ұстауға шамасы келмейтін кәрі ер мен әйелге ораза ұстамауға және оны өтемеуге рұқсат етілді, бірақ ұстамаған оразаның әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандыруға (підия беруге) бұйырылды.

«Тәнуир» кітабында «ораза ұстауға дәрменсіз, жасы үлкен қарт кісіге ораза ұстамауға рұқсат беріледі және ол кісі підия төлейді» делінген (Фәтәуаи Һиндия). Сондай-ақ, айықпайтын ауруға дұшар болып, ораза ұстауға шамасы келмейтін адамның ауруы себебінен оразаның әр күні үшін підия беруі – уәжіп (Раддул-мұхтар).

Алла Тағала Құранда: «Орынды себептермен оразаны соңына дейін ұстай алмайтындар үшін күніне бір міскін адамды тамақтандыру – парыз», – деген  («Бақара» сүресі, 184-аят).

Хайыз және нифас. Етеккірі келген және босанғаннан кейінгі қаны келген әйелдер ораза ұстамайды, бірақ кейін қазасын өтейді (Хуласа).   Айша анамыз: «Бізден кім хайыз не нифас болса, оған оразаны қаза етіп, намазды қаза етпеуді бұйыратын», – деген (Бухари).

Балалық және ақылы кемдік. Балиғат жасына толмаған бала және ақылы жоқ адам ораза ұстауға міндетті емес. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «(Жақсы және жаман істерді жазатын періштенің) қаламы үшеуден көтерілген (жазбайды): баладан, ол кәмелетке толғанша; ұйқыдағы адамнан, ол ұйқысынан оянғанша; және ақылдан алжасқан, ол ақыл-есін жиғанша», – деген (Әбу Дәуіт).

Ақылынан алжасқан адам өз іс-әрекеті үшін жауап бермейді, алайда белгілі бір уақытта ғана ақылы ауытқып, басқа уақытта ақыл-есі дұрыс болса, онда ол ақыл-есі сау кезде ораза ұстауы керек. Ақылы ауысқан кезде, ол оразадан босатылады. Оразаны бастап, сосын есінен танған болса, бұл оның оразасын бұзбайды. Бұл пікір қояншық (эпилепсия) ауыруымен ауыратын адамдарға да қатысты.

Ауыр жұмыс. Біреудің өміріне жауапты әрі зәру қызмет иелері (ұшқыш, дәрігер т.б.) мен ауыр жұмыс иелері (кенші, металлург, қауіпті нысанда істейтін құрылысшы т.б.) ораза ұстауға шамасы жетпесе, оны кейінге қалдыра алады. Сонымен қатар елдің қарулы күштері бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшірілген кезде ораза тұту әскердің қырағылығы мен жауынгерлік даярлығын әлсіретуге алып барса, оразаны тоқтатуға рұқсат етіледі.

Алайда жұмыс немесе қызметтің ауыр болуына қарамай, ораза ұстауға мүмкіндік табылса және оның оразасы өзіне немесе өзгеге зияны тимесе, ондай адамға ораза ұстау міндет болады. 

Уа, Жаратқан Ием! Рамазан айында ораза тұтуға күш-қуат бер және бұл айды Өзің разы болатын іс-әрекеттермен өткізуді нәсіп ет! Еліміз аман, заманымыз тыныш болғай! Әмин.

Хасан АМАНҚҰЛ,
Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 01:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see120

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see119

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see117

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see116

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see113

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see113

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see112

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see111

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see111

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see110

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see110

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see109

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see109

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see108

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see107

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see106

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see105

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see105

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары