Зейнетке шығу: мұрағаттық анықтама қандай жағдайда қажет болады?
Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ зейнетке шығу кезінде мұрағаттық анықтама қандай жағдайда қажет болатынын түсіндірді. Егер еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болып қалса, сондай-ақ жазбаларда түзетулер, қайшылықтар және басқа да кемшіліктер болған жағдайда мұрағаттан анықтама сұратылады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Мұрағаттық анықтама еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ түзетулер, қайшылықтар және басқа да кемшіліктер болған кезде қажет болуы мүмкін. Ол сіздің еңбек өтіліңізді растайтын құжат ретінде қабылданады", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкіметтен".
Басқа жағдайда еңбек өтілін растау үшін еңбек кітапшасы және зейнетақы аударымдары туралы мәліметтер алынады. Азаматтарға құжаттар жинағын алдын ала тексеру және қажет болған жағдайда кадрлық құжаттар сақталатын жерден мұрағаттық көшірме алып алуға кеңес беріледі.
Бүгін, 15:35


