Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджетке түскен батпан

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Қысқы Олимпиада 2026: Салынбаған нысандар, экологияға қауіп және билеттер бағасы

Қысқы Олимпиада 2026: Салынбаған нысандар, экологияға қауіп және билеттер бағасы

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Биылғы қысқы Олимпиада 6 ақпанда Италияда басталады. Ашылу салтанаты Милан қаласындағы әйгілі «Сан-Сиро» футбол стадионында өтеді. Ойындар 22 ақпанға дейін жалғасады, ал Паралимпиада жарыстары 6-15 наурыз аралығында өтеді.

Қысқы Олимпиада-2026 ерекшеліктері

Бұл тарихтағы алғашқы ресми екі қаласы бар Қысқы Олимпиада болмақ: Милан қаласында мұз айдындарындағы жарыстар өтсе, Кортина-д’Ампеццода қар мен тау спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады. Оған 90-нан астам елден шамамен 2900-3500 спортшы қатысады деп күтіледі. 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл Бейжің-2022 олимпиадасымен салыстырғанда 7 медаль жиынтығына көп.

Бұл тарихтағы географиялық тұрғыдан ең кең ауқымды Қысқы Олимпиада: жарыстар Италияның үш өңірінде (Ломбардия, Венето, Трентино-Альто-Адидже) орналасқан сегізден астам кластерде өтеді.

Сондай-ақ, жаңа спорт түрі — ски-альпинизмнің дебюті болады (ski mountaineering). Олимпиада бағдарламасында алғаш рет камуспен шаңғымен өрлеу мен жылдам төмен сырғанауды біріктіретін жарыс ұсынылады.

Ұйымдастырушылар тұрақты даму қағидаттарына ерекше мән беріп отыр, яғни қолданыстағы ареналарды барынша пайдалану және жаңа құрылыс көлемін барынша азайту көзделген. Оның үстіне Олимпиада 1956 жылғы ойындардан кейін 70 жылдан соң Кортинаға қайта оралды. Дегенмен, бұл Олимпиада да осыған дейінгі ауқымды шаралар секілді қымбатқа түседі. Олимпиада-2026-ға салынатын жалпы инвестиция шамамен 3,5 миллиард еуроға (4,7 миллиард АҚШ доллары) бағаланып отыр. Бұл 98 жобаны қамтиды, оның 47-сі қысқы ойындармен тікелей байланысты. Алайда Simico инфрақұрылымдық компаниясының мәліметінше, жоспарланған әрбір төртінші жоба ойындар басталғанша аяқталып үлгермейді.

Фото: olympics.com

Мысалы, жаңа хоккей аренасының құрылысы 6 ақпанда өтетін ашылу салтанатына аз уақыт қалғанда ғана аяқталады деп күтіледі. Ойындар басталар алдында нысанды тексеру үшін жоспарланған іс-шараны кейінге қалдыруға тура келді.

Алдағы ойындар Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) жаңа президенті Кирсти Ковентридің (Зимбабве) басшылығымен өтетін алғашқы Олимпиада болмақ.

Фото: olympics.com

Кирсти Ковентри 2025 жылғы 23 маусымнан бастап Халықаралық олимпиада комитетінің президенті қызметін атқарады. Ол — бұл лауазымдағы алғашқы әйел, сондай-ақ Африка құрлығынан шыққан алғашқы өкіл және Пьер де Кубертен заманынан бергі ХОК-тың ең жас президенті саналады.

Фото: olympics.com

Олимпиада ойындары тарихында алғаш рет екі Олимпиада алауы жағылады:

Бірі Милан қаласында, қаланың символына айналған Бейбітшілік аркасының (Arco della Pace) жанында жағылады.

Екіншісі Кортина-д’Ампеццо қаласының орталығындағы Дибона алаңында орнатылады.

Олимпиада бойтұмарлары

Милан мен Кортинада өтетін 2026 жылғы Қысқы Олимпиаданың бойтұмарлары — «Tina» және «Milo» есімді кейіпкерлер (ақкістер).

Олар — Италия Альпілері мен Доломит тауларын білдіретін екі сүйкімді ақкіс бауырлар. Бұл кейіпкерлерді 2023-2024 жылдары өткен байқауда Калабрия өңірінің мектеп оқушылары ойлап тапқан, сондықтан бойтұмарлар халық арасында кең танылды.

Фото: olympics.com

Tina — ақ түсті ақкіс (Олимпиада ойындарына арналған). Ол қысты, Доломит пен Кортина-д’Ампеццо қарларының тазалығын білдіреді. Ол өте жігерлі, батыл, таудағы шытырман оқиғаларды жақсы көреді.

Milo — қоңыр түсті ақкіс (Паралимпиада ойындарына арналған). Оның бір аяғы жоқ — бұл қиындықтарды еңсерудің және инклюзивті қоғамның символы. Milo сән мен инновация қаласы саналатын Миланды бейнелейді.

Ашылу салтанаты қалай өтеді

2026 жылы Милан мен Кортинада өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында көптеген спортшылар өз елінің туын алып шығады. Қабылдаушы ел Италия төрт ту ұстаушыны ұсынады, ал спортшылар шеруі төрт жерде өтеді. Негізгі салтанатты кеш Милан қаласындағы «Сан-Сиро» олимпиадалық стадионында ұйымдастырылады. Сол уақытта Предаццо, Ливиньо және Кортина-д’Ампеццода марапаттау рәсімдері мен спортшылар шеруі қатар өтеді.

Милан-Кортина-2026 Олимпиада ойындарының нақты бекітілген ту ұстаушыларының тізімімен осы жерде танысуға болады.

Белгілі италиялық әнші Андреа Бочелли 2026 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсететіні белгілі болды. Ол Мэрайя Кэри мен Лаура Паузини секілді әлемдік жұлдыздардың қатарына қосылады. «Time to say goodbye», «The prayer» және «Because we believe» сияқты әсерлі туындыларымен танылған әлемге әйгілі тенор Гармония тақырыбына арналған салтанатты кештің басты жұлдызы болмақ.

Фото: ТАСС

Андреа Бочеллидің Милан мен Кортинада өтетін Олимпиададағы өнер көрсетуі айрықша күтіліп отыр. Бұл – оның 2006 жылы Туринде өткен Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатында «Because we believe» әнінен кейінгі Олимпиада сахнасына екінші рет шығуы. Сол кездегі өнері оның ірі спорттық шарадағы алғашқы әрі есте қалған перфоманстарының бірі ретінде тарихта қалды.

Милан-Кортина–2026 қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын «Balich Wonder Studio» студиясы ұйымдастырады. Ұйымдастырушылар бұл жаһандық мерекеге жаңа, инклюзивті сипат беруді уәде етіп отыр.

Қауіпсіздік шаралары

Олимпиада спортшылары мен қонақтарының қауіпсіздігі ұйымдастырушылар үшін маңызды басымдық болып қала береді. Сондықтан екі мың полиция қызметкері, оның ішінде итальяндық карабинерлер мен қаржы гвардиясы шақырылды, олар Милан мен басқа олимпиадалық нысандарға келеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша, Италияға әлемнің басқа елдерінен көптеген қауіпсіздік агенттері келіп, өз делегацияларын қорғайды және жалпы жергілікті күштерге тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеседі.

2025 жылғы сәуірде ұйымдастырушылар қайта қаралған жалпы операциялық бюджетті жариялады, оның көлемі «шамамен 1,7 миллиард еуро» болып, бұрынғы жоспарланған сомадан 100 миллион еуроға көп болып шықты.

Италиялық баспасөз наразылықтар да болуы мүмкін екенін жазды. Түрлі наразылық білдірушілер 7 ақпанда пикет өткізуді және басқа да ауқымды бастамаларды жоспарлап отыр.

Ойындар өтіп жатқан күндері метроның жұмысы түнгі 2-ге дейін ұзартылды, ал көлік желісінде – жер үсті көлігінің кестесі күшейтілді (14 желі таңғы 5:30-ға дейін жұмыс істейді), сондай-ақ қоғамдық көлік пен қызметтік көліктерге кедергі болмайтындай етіп 90-91 автожол учаскесінде мотоцикл қозғалысы шектелді. Бұл қағидалар аймақтық үкіметтің Олимпиада (6–22 ақпан) және Паралимпиада (6–15 наурыз) ойындары кезеңінде күшіне енеді.

Милан мен Кортинаның қысқы Олимпиада ойындары үшін киберқауіпсіздікті қадағалауға арналған төтенше қауіпсіздік шаралары енгізілді. Осы мақсатта тосын жайттар мен кибершабуылдарды шешу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін операциялық орталық құрылды.

2025 жылы қараша айының соңында Милан мен Кортинаның қоры Италия Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментімен келісімге қол қойды. Киберқылмыспен күрес және маңызды инфрақұрылымды қорғау ұлттық орталығы (Cnaipic) және аймақтық киберқауіпсіздік орталықтарына (Ломбардия киберқауіпсіздікті басқару орталығы және Венето мен Трентино-Альто-Адидже пошталық полиция орталықтары) кибершабуылдар жағдайында қорғаныс және әрекет ету стратегиялары мен процедураларын әзірлеу тапсырылды, бұл үшін ішкі төтенше байланыс пен деректер алмасуға арнайы құрылған желі қолданылады.

Экологияға қауіп

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінішінде ұйымдастырушылар экономикалық және экологиялық тұрақтылыққа басымдық беруді уәде еткен еді. Дегенмен, бұл тұрақты даму уәдесі берілген, бірақ іске аспаған алғашқы жағдай емес, деп жазады DW.

Фото: olympics.com

Мәселен Альпі тауларының нәзік экожүйесі үлкен қысымға ұшырауы мүмкін: жаңа лифттер, жасанды қар жасау үшін су қоймалары, тау беткейлері мен жолдар салынады. Әсіресе қардың тапшылығы артып келе жатқан жағдайда, орта және төмен беткейлерді жасанды қармен жабуға тура келеді — қар шашатын құрылғыны пайдалану мен туристік ағынның артуы аймаққа қосымша жүктеме артып, жергілікті экожүйеге қауіп төндіреді.

Даудың басы – Кортинаның жаңа трассасын салу болды, онда бобслей, скелетон және шана спортынан жарыстар өтеді. Трасса үшін 500-600 жылдық ағаштарды кесуге тура келген. Сонымен қатар, болашақта трассаны пайдалану және техникалық қызмет көрсету шығындары Италияның мемлекеттік қазынасына ауыр салмақ болады.

Италия тұрғындарының көңіл-күйі

Олимпиада демеушісі Coca-Cola тапсырысымен итальяндық SWG әлеуметтік зерттеу компаниясы сауалнама өткізген. Онда италиялықтардың 62%-ы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуімен мақтанады, ал 59%-ы бұл оқиғаны ұлттық бірлікті нығайтудың бір құралы деп санайды.

Сол зерттеу нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың шамамен 70%-ы Олимпиаданы қызығушылықпен қарайтынын айтқан. 30 жасқа дейінгі жастар арасында бұл көрсеткіш шамамен 65%-ді құрайды.

Фото: UN News

Дегенмен, көптеген спорттық нысандар қысқы Олимпиада кезінде әлі құрылыс алаңы болып қала береді. Кейбір жолдар құрылысының кешігуі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр және көптеген адам бұл жағдай жол қозғалысында елеулі қиындықтар туғызуы мүмкін деп қорқады.

Билеттер бағасы

Билеттерді «tickets.milanocortina2026.org» ресми сайты арқылы сатып алуға болады. Көптеген танымал шаралар (әсіресе хоккей, мәнерлеп сырғанау, салтанатты рәсімдер) қазірдің өзінде сатылып кеткен немесе тек қымбат билеттер қалған. Әр сәрсенбі күні, Еуропа уақыты бойынша сағат 16:00-де кейбір дисциплиналарға қосымша билеттер сатылады (мысалы, 14 қаңтарда арнайы бағамен sliding sports пен керлингке арналған орындар қосылды).

Билеттердің жалпы бағасы ең арзаннан (30 евро, хоккейдің алдын ала матчтары немесе кейбір спорт түрлерінің алғашқы айналымдары) премиум категорияға дейін (финалдар, салтанатты рәсімдер) 1000-2800 еуроға дейін өзгеріп отырады.

Мысалы:

Ашылу салтанатын тамашалау — 260-2026 еуро

Жабылу салтанаты (22 ақпан, Верона аренасы) — 950-2800 еуро.

Айта кетейік, Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы сапында 36 спортшы қатысатын болды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 10:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see147

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see147

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see144

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see143

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see142

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see141

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see141

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see140

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see137

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see134

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see129

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see125

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see123

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see121

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see121

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see114

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары