Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Кәріз суын өзенге төккен: Қарағандыда экологияға қауіп төнді

Кәріз суын өзенге төккен: Қарағандыда экологияға қауіп төнді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қоғам белсендісі Жұмабай Ысқақовтың айтуынша, өзенге төгілген су — кәріз жүйесінен шыққан сарқынды. Ол кадрларда өзенге бағытталған сорғы қондырғысы айқын көрінетінін айтады.

— Коллектордың бітеліп қалғанын жасырып қалу үшін осылай уақытша шешім қабылдаған сияқты. Бірақ қандай жағдайда да кәріз суын өзенге ағызуға болмайды. Көктемде шлюздер ашылғанда, бәрі Фёдоров су қоймасына құйылады. Бұл — Қарағандының стратегиялық су көзі, — дейді белсенді.

Фёдоров су қоймасы — қала тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ететін басты су айдыны. Сондықтан Соқыр өзеніне төгілген кез келген лас су экожүйеге айтарлықтай қауіп төндіреді.

Дәл осы аймақ арқылы Қарағанды қаласының 95 пайызының сарқынды суын тасымалдайтын № 10 коллектор өтеді. Биыл көктемде мұнда ірі апат болып, бірнеше күн бойы лас су өзен арнасына төгілген болатын. Сол кезде де экологиялық залалдың көлемі қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.

Қарағанды облысының экология департаменті оқиға фактісін тексеріп жатыр.
Экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Ерназ Мұқанның айтуынша, «Қарағанды Су» кәсіпорны бұған дейін де экологиялық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

— Департамент Әкімшілік кодекстің 327 және 328-баптары бойынша айыппұл салды. Компания апатты төгінді туралы уақытылы хабарламаған және заң талаптарын бұзған. Кәсіпорын ұсынған түзету жоспары толыққанды емес деп танылып, қайта қарауға жіберілді, — деді ол.

Қарағанды экологиялық мұражайының директоры Дмитрий Калмыков мәселенің түпкі себебі — тозған инфрақұрылымда екенін айтады.

— Қалада тротуарлар мен жолдарды жыл сайын жөндейміз, бірақ ең маңыздысы — кәріз жүйесіне көңіл бөлінбейді. Су қоймасына түскен лас су тек табиғатқа ғана емес, адам денсаулығына да қауіп төндіреді. Фёдоров су қоймасы — стратегиялық нысан. Егер оған төгінді жетсе, бүкіл қала зардап шегеді, — дейді эколог.

«Қарағанды Су» ЖШС өкілдері жағдайды жасырмай, коллектордың техникалық тозығын мойындап отыр.

— Бұл желілерге соңғы 50 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Оның үстіне, кей жерлерде коллектор үстіне тұрғын үйлер мен саяжайлар салынған. Сол себепті ауыр техниканы кіргізу мүмкін болмай отыр. Біз барлық кінәні өз мойнымызға ала алмаймыз, себебі жүйенің өзі ескірген, — дейді кәсіпорын басшысы.

Оның айтуынша, апатты аймақты қалпына келтіру және жаңа айналма желі салу жұмыстары басталып кеткен.

— Қазір № 145 пен № 169 құдықтар арасындағы 3,2 шақырымдық учаске толығымен ауыстырылады. Бұл жаңа желі саяжайларды айналып өтеді, сондықтан тұрғындардың меншігіне қол сұғылмайды, — деп нақтылады ол.

14 қазанда Фёдоров су қоймасы маңында су сынамалары алынды. Нәтижесінде аммоний иондарының концентрациясы рұқсат етілген 2 мг/дм³ нормадан айтарлықтай асып, 6,56 мг/дм³ деңгейінде тіркелген. Бұл — су сапасының нашарлағанын айқын көрсетеді.

Еске салсақ, осыған дейін Қарағанды әкімдігі техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі апаттың салдарынан емес, алдын алу мақсатында енгізілгенін мәлімдеген болатын. 

— Бұл шешім жөндеу материалдарын тез сатып алып, реконструкцияны тендерсіз бастауға мүмкіндік береді. Коллектор штаттық режимде жұмыс істеп тұр, барлық жағдай мамандардың бақылауында, — делінген әкімдік хабарламасында.

Қарағандыдағы кәріз жүйесінің мәселесі жылдар бойы шешімін таппай келеді. Тозу деңгейі кей учаскелерде 100 пайызға жеткен. Ал толық реконструкцияға миллиардтаған қаржы қажет. Экологтар мен тұрғындар биліктен нақты шаралар күтеді — өйткені су қауіпсіздігі мен экологияның тұрақтылығы бүгінде қала өмірінің басты мәселесіне айналды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:233
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 20:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары