Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

Камералар енді жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды алғашқы нәтижелер жарияланды

Атырауда үш күнге ыстық су тоқтатылады

Индер ауданында 1 млрд 445 млн теңгелік спорт кешені мерзімінде тапсырылмады

Балқаштан Алматы мен Астанаға жаңа әуе рейстерінің билеті қанша тұрады

Екі облыста көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

Нашақорларды жаңа талдау арқылы үйлерде, университеттерде және колледждерде анықтамақшы

Көл, бассейн, сауна. Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденцияның қазіргі жай күйі қандай?

Щучинскідегі жарылыс 11 адамның өмірін қиды: қаза тапқандардың отбасыларына қандай төлемдер берілді?

Қарызға белшесінен батқан адамдар не себепті банкрот болуға асықпайды

Лондонда медиа кеңсені өртемек болған күдікпен үш адам ұсталды

Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты

Түркиямен өзара сауданы арттыруға мүдделіміз Олжас Бектенов

Істі тоқтатамын : Ұлытау облысында адвокат алаяқтық жолмен 31 млн теңге пара алған

Кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы

Прогресс бар : қазақстандықтар үшін Еуропаға виза алу жеңілдейді

Бибисара Асаубаева әлем чемпионаты үшін ойнайтын матчқа бір қадам қалғанда тоқтады

Қазақстанда құрылыс арматурасының өндірісі екі есеге артады

Қытай Африка елдеріне баж салығын нөлге дейін төмендетеді: мұның астарында не бар

Қытай Африка елдеріне баж салығын нөлге дейін төмендетеді: мұның астарында не бар

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бейжің не себепті мұндай қадамдарға барып отыр. Осы мәселені Kazinform агенттігінің тілшісі талдап көрді. 

Сандармен өрілген ынтымақтастық

Қытай соңғы 16 жылдан бері Африка елдерінің ең ірі сауда әріптесі болып келеді. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы 4,8%-ға өсіп, 259,56 млрд долларға жетті. ҚХР-дың Африкаға экспорты 3,5%-ға артып, 178,76 млрд долларды құрады, ал африкалық мемлекеттерден импорт 6,9%-ға көбейіп, 116,8 млрд долларға жетті.
Қытайдың Африкаға экспортындағы негізгі үлесті дайын өнімдер алады. Олар машина және жабдықтар, электр техникасы мен электроника, автомобильдер мен қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары және кең ауқымды тұтыну тауарлары.

Ал Қытай, өз кезегінде, негізінен шикізат өнімдерін импорттайды. Атап айтқанда, мұнай мен газ, мыс және мыс катодтары, кобальт, темір және алюминий рудасы, алтын және басқа да түсті металдар. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің де орны ерекше. Бұл Қытайды африкалық агросектор үшін ең ірі нарықтардың біріне айналдырды. 2024 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты шамамен 5,3 млрд долларға жетті.

Осының аясында былтыр Қытай тарапының деректері бойынша Бейжіңнің Африкаға тікелей инвестициялары шамамен 3,37 млрд долларды құрады. Олар сауда ағындарын толықтыра отырып, өнеркәсіптік аймақтарды, логистикалық тораптарды және өңдеу қуаттарын құруға қолдау көрсетеді.

Қандай елдер жеңілдетілген режимге кіреді

Фото: Shutterstock

ҚХР-дың ресми мәлімдемелерінде кедендік баждың нөлдік мөлшерлемесі Қытаймен дипломатиялық қатынастар орнатқан мемлекеттерге қолданылатыны ерекше атап өтіледі. 

ҚХР Сыртқы істер министрлігінің деректеріне сәйкес, Бейжің Африкадағы 54 елдің 53-імен дипломатиялық байланыс орнатқан.

1956 жылы Мысыр Қытаймен дипломатиялық қатынас орнатқан алғашқы африкалық мемлекет. Ал 2011 жылы тәуелсіздігін алған Оңтүстік Судан серіктестер қатарына соңғы қосылған ел.

Бүгінде Тайваньмен дипломатиялық байланыс сақтап отырған Эсватини Корольдігі Бейжіңмен ресми қарым-қатынас орнатпаған жалғыз мемлекет.

Кезең-кезеңмен жүзеге асыру

Бейжің баж салығын жою экономикалық әріптестік туралы келісімдер аясында және африкалық мемлекеттердің стандарттау, өнім сапасы және санитарлық бақылау жөніндегі міндеттемелерді орындауға дайындығын ескере отырып іске асырылатынын атап өтеді.

ҚХР ең аз дамыған елдерден, оның ішінде бірқатар Африка мемлекеттерінен келетін тауарлардың басым бөлігіне жеңілдетілген режимді бұрыннан ұсынып келеді. Енді бұл тәжірибені бүкіл континентке кеңейту туралы сөз болып жатыр.

Қытай сондай-ақ Африка елдерінің сауда және ауыл шаруашылығы министрліктеріне техникалық көмек бағдарламаларын кеңейту ниетін білдірді. Бұл мемлекеттерге Азияның ең ірі тұтынушылық нарығының талаптарына бейімделуге көмектесу мақсатында жасалып отырған қадам.

Қытай-Африка институтының зерттеушісі Ян Баожун Африка ең аз дамыған елдер саны көп континент екенін, ал Қытайдың нөлдік тарифтер енгізу жөніндегі шарасы сауданы кеңейту арқылы өнеркәсіптік ынтымақтастықты арттыруға бағытталғанын айтады.

- Мұндай саясат Қытай мен Африка арасындағы өзара іс-қимылды күшейтеді және жаһандық оңтүстіктің мейлінше көп елін бірігіп, модернизация жолымен алға жылжуға ынталандырады, - деп атап өтеді сарапшы.

Чжэцзян педагогикалық университетінің Африка экономикасы зерттеу институтының директоры Лю Цинхайдың айтуынша, жалпы алғанда Қытайдың Африка елдерімен ынтымақтастық моделі анағұрлым теңгерімді, тиімді және прагматикалық сипатқа ие, бұл Бейжіңге африкалық мемлекеттердің сенімі мен қолдауын қамтамасыз еткен.

Фото: © Macauhub

- Еуропалық одақ өзінің «Global Gateway» бастамасын ілгерілетіп, әлемдік инфрақұрылымға ірі инвестициялар уәде етіп отыр. Ал Қытайдың темір жолдар, порттар және басқа да нысандар салуды қамтитын жобалары, әдетте, неғұрлым қысқа мерзімде аяқталып, африкалық елдердің экономикалық дамуына тікелей әсер етеді, - деді Лю Цинхай.

Сарапшының айтуынша, технологиялар трансфері саласында Қытай Африкаға шынымен қажет болатын практикалық шешімдерге ие және жергілікті кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөледі.

- Өз кезегінде ЕО-ның да жоғары технологиялар саласында белгілі бір артықшылықтары бар, алайда Африка елдерінің даму деңгейіне сәйкес келетін қолданбалы әрі қолжетімді шешімдер Еуропалық одақта жеткіліксіз, - деп атап өтеді ол.

Америкалық Atlantic Council сараптамалық орталығының баяндамасында авторлар Қытайдың экономикалық өрлеуі және оның Африкамен интеграциясы Африка құрлығында жаңа инфрақұрылымдық жобалардың және жаңа салалардың пайда болуына катализатор болғанын жазады. Алайда бұл африкалық мемлекеттерді Қытайдың ішкі экономикасындағы өзгерістердің теріс салдарына неғұрлым осал етеді.

- Инвестициялар мен өндіріске негізделген қытайлық модель бұрынғы қарқынын жоғалта бастағандықтан, африкалық шенеуніктер мен саясаткерлер болашақтағы өсім мен экономикалық трансформацияны жоспарлау кезінде өздерінің ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі алдағы жылдары өткен онжылдықтағыдай болмауы мүмкін екенін ескеруге тиіс, - делінген зерттеуде.

Африка мен Қытай үшін қандай пайда бар 

Қытайдың баж салығын нөлге дейін төмендету туралы шешімі Африка елдеріне әлемдегі ең ірі нарықтардың біріне еркін қол жеткізуге жол ашады. Ең аз дамыған елдер тобына кіретін мемлекеттер үшін бұл экспортты ұлғайтуға және экономиканың негізгі секторларын жедел модернизациялауға қосымша мүмкіндік береді. Бұл шара олардың жаһандық жеткізу тізбектеріне қатысу мүмкіндігін арттырып, тұрақты өсімге ықпал етеді.

Тарифтік кедергілердің төмендеуі Қытай мен Африка арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты күшейтеді. Бірлескен өндірістерді дамытуға, шикізатты өңдеуге және өнеркәсіптік аймақтар құруға көбірек жағдай жасалады. Бұл африкалық экономикалардың біртіндеп шикізатқа тәуелді модельден қосылған құны жоғары өнім өндіру моделіне ауысуына көмектеседі. Соның нәтижесінде серіктестердің экономикалық тұрақтылығы артып, сауда теңгерімді бола түседі.

Бастама маңызды геосаяси мәнге де ие. Ол Қытайдың Ғаламдық Оңтүстік елдерімен өзара іс-қимылды нығайтуға деген ұмтылысымен қабысады. Нөлдік тарифтер қолдау белгісі әрі тығыз ынтымақтастыққа дайындықтың көрінісі ретінде қабылданады. Африка үшін бұл сыртқы экономикалық мүмкіндіктердің кеңеюі, ал Қытай үшін құрлықтағы маңызды серіктестермен байланысын нығайту.

Бұл жағдай Орталық Азияға қалай әсер етуі мүмкін

Фото: Wikipedia

Қытай Орталық Азия елдері үшін негізгі сауда-экономикалық әріптестердің бірі болып қала береді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 66,2 млрд долларға жетті, ал орталықазиялық экспорттың негізгі бөлігін бұрынғыдай шикізат және аграрлық өнімдер құрайды.

Осы жағдайда Қытайдың бірқатар африкалық мемлекет үшін кедендік баждарды нөлге түсіру туралы шешімі Қытай нарығындағы бәсекелестіктің жаңа конфигурациясын қалыптастырады. Африкалық жеткізушілер Орталық Азия елдері дәстүрлі түрде ұсынатын тауар сегменттеріне тікелей шыға алады және ұқсас өнім топтарында жұмыс істейді. Осы жағдай Қытай сұранысының бір бөлігінің тарифтік шығынсыз келетін африкалық шикізатқа ауысу қаупін күшейтеді, ал бұл өз кезегінде Африка үшін баға бойынша артықшылық тудырады.

Қосымша фактор ол логистика. Африка порттар мен теңіз көлік бағыттарын дамытуға белсенді инвестиция салып жатыр, бұл жеткізу құнын біртіндеп төмендетеді. Егер африкалық өнімнің жиынтық өзіндік құны қысқара берсе және нөлдік тарифтер сақталса, Орталық Азия елдерінің жеткізілімдері Қытай нарығында бұрынғы баға артықшылықтарынан айырылуы мүмкін.

Ұзақ мерзімді перспективада Орталық Азия мемлекеттеріне экспорттық саясатты бейімдеу қажет болады. Қытай нарығындағы позицияны нығайту өнімді терең өңдеуге, шикізаттық үлесті азайтуға және көлік инфрақұрылымына инвестиция тартуға байланысты болмақ.

Мұндай тәсіл өңірге преференциялар кеңейіп жатқан жағдайда, оның ішінде жеңілдікті режим тек Африкаға ғана емес, Бейжіңнің басқа да серіктестеріне де қолданылады. Ол өз кезегінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Қытай мен АҚШ арасындағы саудаға салынған қосымша баж салығының мерзімі ұзарғанын жазғанбыз. 

Сонымен қатар АҚШ Қытай тауарларына 100% баж салығын енгізсе, Қазақстанға әсері қандай болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:250
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 20:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

15 Сәуір 2026 13:16see126

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

15 Сәуір 2026 13:01see118

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

15 Сәуір 2026 11:27see116

Камералар енді жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды алғашқы нәтижелер жарияланды

15 Сәуір 2026 17:20see115

Атырауда үш күнге ыстық су тоқтатылады

16 Сәуір 2026 00:52see113

Индер ауданында 1 млрд 445 млн теңгелік спорт кешені мерзімінде тапсырылмады

16 Сәуір 2026 12:18see113

Балқаштан Алматы мен Астанаға жаңа әуе рейстерінің билеті қанша тұрады

15 Сәуір 2026 17:18see112

Екі облыста көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

16 Сәуір 2026 05:52see112

Нашақорларды жаңа талдау арқылы үйлерде, университеттерде және колледждерде анықтамақшы

16 Сәуір 2026 18:18see112

Көл, бассейн, сауна. Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденцияның қазіргі жай күйі қандай?

16 Сәуір 2026 09:24see111

Щучинскідегі жарылыс 11 адамның өмірін қиды: қаза тапқандардың отбасыларына қандай төлемдер берілді?

15 Сәуір 2026 09:42see111

Қарызға белшесінен батқан адамдар не себепті банкрот болуға асықпайды

15 Сәуір 2026 19:58see111

Лондонда медиа кеңсені өртемек болған күдікпен үш адам ұсталды

16 Сәуір 2026 22:37see110

Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты

15 Сәуір 2026 17:50see110

Түркиямен өзара сауданы арттыруға мүдделіміз Олжас Бектенов

15 Сәуір 2026 14:45see110

Істі тоқтатамын : Ұлытау облысында адвокат алаяқтық жолмен 31 млн теңге пара алған

16 Сәуір 2026 19:48see110

Кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы

15 Сәуір 2026 08:43see109

Прогресс бар : қазақстандықтар үшін Еуропаға виза алу жеңілдейді

16 Сәуір 2026 12:40see109

Бибисара Асаубаева әлем чемпионаты үшін ойнайтын матчқа бір қадам қалғанда тоқтады

16 Сәуір 2026 02:46see109

Қазақстанда құрылыс арматурасының өндірісі екі есеге артады

16 Сәуір 2026 15:34see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары