Қытай Африка елдеріне нөлдік кедендік баж режимін ұсынады
Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қытай билігі 2026 жылғы 1 мамырдан бастап Африка елдеріне қатысты нөлдік кедендік баж салығы режимін кеңейтетінін және оны ҚХР-мен дипломатиялық қатынасы бар барлық африкалық мемлекеттерге тарататынын хабарлады.
ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Кедендік баждар жөніндегі комитеттің хабарлауынша, 2026 жылғы 1 мамырдан 2028 жылғы 30 сәуірге дейін Қытай дипломатиялық қатынасы бар және ең аз дамыған елдер санатына жатпайтын 20 африкалық мемлекетке жеңілдікті тарифтік режим аясында нөлдік кедендік баж ставкасын ұсынады.
2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қытай бұған дейін дипломатиялық қатынасы бар 33 ең аз дамыған африкалық елдің барлық тауар позициялары бойынша нөлдік кедендік баж енгізген болатын.
Жаңа кеңейтілген саясат күшіне енгеннен кейін Қытай әлемдегі ірі экономикалардың ішінде Африка елдерінің барлығына және дипломатиялық қатынасы бар ең аз дамыған барлық мемлекетке біржақты және толық қамтитын нөлдік кедендік баж режимін ұсынатын алғашқы елдердің бірі болмақ.
Осыдан бұрын Қытай астанасында мамырдан бастап дрондарға толық тыйым салынатынын жазған болатынбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 00:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















