Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

Шығыс жауһарлары жәрмеңкесі

Қытай бірыңғай ұлттық электр энергиясы нарығын қалай құрып жатыр

Қытай бірыңғай ұлттық электр энергиясы нарығын қалай құрып жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Көп жылдар бойы Қытайда электр энергиясын өндіру мен тұтыну біркелкі дамыған жоқ. Жел, күн және су энергетикасының негізгі қорлары елдің батысы мен солтүстігінде шоғырланған, ал ең ірі өнеркәсіптік және қалалық орталықтар орталық және шығыс аймақтарында. Қытайдың Мемлекеттік энергетика басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында электр энергиясының нарықтағы сауда көлемі 4,34 трлн кВт·сағатқа жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға артқан. Елдегі жалпы тұтынылған электр энергиясының 63,2 пайызын нарықтық мәмілелер үлесі құраған.

Сауданың басым бөлігі провинция ішіндегі операцияларға тиесілі болды. Олардың көлемі 3,31 трлн кВт·сағатты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға артқан. Ал провинциялар мен өңірлер арасындағы мәмілелер көлемі 1,03 трлн кВт·сағатқа жетіп, 9,4 пайызға өсті.

Фото: Canva

Қазіргі кезде «Жасыл» электр энергиясымен сауданың өсімі ерекше көзге түседі — оның көлемі 205 млрд кВт·сағаттан асып, 43 пайызға көбейді. Орта және ұзақ мерзімді келісімшарттардың үлесі 4,2 трлн кВт·сағатты құраса, спот-нарықтағы сауда көлемі 165,7 млрд кВт·сағатқа жетті. Бұл Қытайдың энергетика секторында нарықтық тетіктердің біртіндеп дамып, нығая түскенін көрсетеді.

Өңірлік саудадан бірыңғай нарыққа көшу

Бірыңғай ұлттық электр энергиясы нарығын құру — 2015 жылы басталған реформалардың негізгі бағыттарының бірі болды. Дамудың жаңа кезеңі 2022 жылы «Бірыңғай ұлттық электр энергиясы нарығын қалыптастыруды жеделдету жөніндегі нұсқаулық ережелер» құжатының жариялануымен басталды. Бұл құжатта өңірлік энергия жүйелерін біріктіру және электр энергиясымен сауданың тиімділігін арттыру мақсаты қойылған.

Соңғы жылдары Қытай жекелеген пилоттық жобалардан аймақаралық сауданы жүйелі түрде басқаруға көшті. Алғашқы нәтижелер Пекин–Тяньцзинь–Хэбэй, Янцзы өзенінің атырабы және Гуандун–Гонконг–Макао өңірі сияқты кластерлерде байқалды. Бұл аймақтарда әкімшілік кедергілер жойылып, үздіксіз есеп айырысу тетіктері енгізілді. Мұндай шаралар энергия жүйесінің икемділігін арттырып, өңірлер арасындағы электр энергиясымен алмасуды жеделдетті.

2022 жылы басталған спот-нарықтың белсенді дамуы энергетика саласында толыққанды нарықтық үлгі қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды. Мұндай сауда алаңдарында баға сұраныс пен ұсынысқа сәйкес нақты уақыт режимінде қалыптасады.
Бүгінде спот-нарық энергетикалық реформаның негізгі элементтерінің бірі саналады, сонымен қатар оның ең күрделі құрамдас бөлігі болып отыр. Қазіргі уақытта Қытайдың 25 провинциясында спот-сауда жүргізіледі, олардың ішінде жетеуі толық режимде жұмыс істейді. Тағы оннан астам өңір жыл соңына дейін үздіксіз есеп айырысу жүйесіне көшуді жоспарлап отыр.

Фото: Canva

Негізгі операторлар — Мемлекеттік және Оңтүстік электр желілер компаниялары тұрақты нарықтық сауда жүйесін іске қосты. Бұл өңірлер арасындағы үйлесімділікті күшейтті. Қытай электр энергиясы қауымдастығының деректеріне сәйкес, бірыңғай нарықтың архитектурасы қазірдің өзінде қалыптасқан және оны жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Он жылдық жоспар

2024 жылдың қараша айында Қытайда «Бірыңғай ұлттық электр энергиясы нарығын дамыту жөніндегі Көк кітап» таныстырылды. Бұл құжат алғаш рет жобаны іске асырудың егжей-тегжейлі жол картасы мен кезең-кезеңімен жүзеге асыру кестесін айқындап, алдағы он жылда саланың басты бағыт-бағдарына айналды.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылы дайындық кезеңін аяқтау жоспарланған. Бұл кезеңге нарықтың жалпы архитектурасын қалыптастыру, негізгі сауда ережелерін келісу және барлық өңірлер үшін біртұтас техникалық стандарттарды енгізу кіреді.

2029 жылға дейін бірыңғай ұлттық электр энергиясы нарығын толық қалыптастыру мақсат етілген. Ол үшін біріздендірілген институционалдық ережелер мен біртұтас реттеу нормалары енгізіліп, өзара байланысты нарықтық инфрақұрылым жасалады. Ал 2035 жылға қарай жүйені одан әрі дамыту, оның ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ жетілген және тұрақты ұлттық энергия нарығын қалыптастыру жоспарланған. .

Маман пікірі

ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетінің Кешенді реформалар департаментінің директоры Ван Жэньфэй бірыңғай ұлттық электр энергиясы нарығы үшін нормативтік базаның негізінен қалыптасқанын атап өтті. Бұл база орта және ұзақ мерзімді, сондай-ақ спот-келісімшарттар бойынша сауда ережелерін, қатысушыларды тіркеуді, есеп айырысу тәртібін және ақпаратты ашуды қамтиды.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта елдің ең ірі екі энергия жүйесі — Мемлекеттік және Оңтүстік жүйелер арасында «икемді байланыс» қамтамасыз етілгенін айтты. Оңтүстік өңірлік нарық үздіксіз есеп айырысу режиміне көшіп, онда өндірушілер мен тұтынушылар бірлескен сауда жүргізіп, бағаны бірлесе қалыптастыра бастаған.

— Мемлекеттік электр желісі басқару аймағында 26 провинция мен өңір электр энергиясының артықшылықтары мен тапшылығын өзара теңестірудің тұрақты жүйесіне көшті. Жыл соңына дейін нарық ережелері, сауда түрлері мен уақыттық кестелерді одан әрі біріздендіру жоспарлануда, бұл желілер арасындағы сауданы тұрақты негізде жүргізуге мүмкіндік береді, — деді спикер.

Дегенмен, мамандар әкімшілік басқарудан нарықтық жүйеге өту әлі толық аяқталмағанын ерекше атап өтеді. Сарапшылардың пікірінше, электр энергиясы нарығы қазіргі нарықтық жүйенің ең күрделі формаларының бірі болып табылады. Жоспарларда бұл модель мінсіз көрінгенімен, іс жүзінде ол көптеген қиындықтарға тап болады.

Фото: Canva

Қытай электротехникалық қауымдастығының Жоспарлау және даму бөлімінің орынбасары Хань Фан қазіргі кезеңді үй құрылысына ұқсатуға болады: іргетасы дайын, алайда ішкі әрлеу және жүйелік интеграция әлі де жетілдіруді қажет етеді деп сипаттайды.

Қоғамдық ғылымдар академиясының Энергетикалық экономика орталығының орынбасары Фэн Юншэн өңірлік нарықтардың даму қарқынының біркелкі еместігі аймақаралық үйлестіруді қиындататынын атап көрсетті.

— Энергетикалық компаниялар бір уақытта екі сауда жүйесіне провинция ішіндегі және провинциялар аралық саудаға қатысуға мәжбүр, бұл операциялық шығындарды арттырып, белгісіздік туғызады. Сонымен қатар орта мерзімді, ұзақ мерзімді және спот-сауда арасындағы өзара әрекеттесу, сондай-ақ электр энергиясы нарығы мен қосалқы қызметтер нарығы арасындағы үйлестіру әлі толық шешілмеген, — деп атап өтті ол.

Цинхуа университетінің электр энергетикасы кафедрасының доценті Го Хуне электр энергиясының провинциялар арасындағы қозғалысын институционалдық кедергілер шектейтінін айтады. Әкімшілік құрылымдағы, нарықтық модельдердегі және сауда ережелеріндегі айырмашылықтар ресурстарды оңтайлы бөлу тиімділігін төмендетеді.

— Жоспарлы жүйеден нарықтық жүйеге көшу барысында олардың арасындағы шекаралар айқын емес күйінде қалады, бұл баға механизмін баяулататыны және энергия жүйесінің толық икемділігін іске асыруға кедергі келтіреді, — деп атап өтті ол.

Мамандар ортақ пікірге келіп, ережелерді жедел стандарттау, бірыңғай сауда платформасын құру және техникалық стандарттарды біріздендіру ел бойынша энергия ресурстарын еркін әрі тиімді айналымға енгізудің маңызды қадамы болатынын айтады.

Жаңа қатысушылар

2024 жылдың соңына қарай Қытай электр энергиясы нарығының қатысушыларының саны 816 мыңға жетті. Бұл он жыл бұрынғы көрсеткіштен шамамен 20 есе көп. Дәстүрлі өндіріс және сату компанияларынан бөлек, нарыққа белсенді түрде жаңа ойыншылар кіріп жатыр, олардың қатарында энергия сақтау жүйелерінің операторлары, виртуалды электр станциялары және жүктемені агрегаттау қызметтері бар.

Фото: Canva

Бұл жаңа қатысушылар энергия жүйесінің икемділігін қамтамасыз етіп, жүктемені теңестіруге белсенді қатысады. Бұл әсіресе жаңартылатын энергия көздерінің үлесі өсіп келе жатқан жағдайда маңызды. Сонымен қатар мамандар шағын тұтынушылар мен таралған көздерді толық тарту үшін сауда платформаларын жаңарту, инфрақұрылымға инвестиция салу және қатысу стандарттарын нақтылау қажет екенін атап көрсетеді.

Біртұтас ережелер мен мүдделерді теңестіру

Бірыңғай электр энергиясы нарығын қалыптастыру тек технологиялық емес, сонымен қатар институционалдық сынақ болып табылады. Қытай әкімшілік орталықтандырылудан басқарылатын бәсекелестік үлгісіне біртіндеп көшіп, «нарықтың көрінбейтін қолы» мен «мемлекеттің көрінетін қолын» үйлестіреді.
Мамандар реформалардың сәттілігі көбіне барлық деңгейдегі билік органдарының үйлестірілген әрекетіне, стандарттарды біріздендіруге және тиімді бақылауға байланысты екенін атап өтеді. Алдағы жылдары спот-нарық пен «жасыл» сегменттердің дамуы, цифрландыру және жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау негізгі бағыттар болып қала береді.

— Алдағы уақытта негізгі міндеттерге нарық ережелері мен баға қалыптастыру механизмдерін біріздендіру, спот-нарық пен қосалқы нарықтар арасындағы өзара байланысты дамыту, саудаға көбірек қатысушыларды тарту, сондай-ақ қауіпсіздік, экологиялық тазалық пен экономикалық тиімділікті үйлестіретін теңгерімді жүйе құру кіреді. Мұнда нарықтық құралдар ресурстарды оңтайлы бөлуге және энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деді Солтүстік Қытай электр энергетикасы университетінің профессоры Лю Дуньнан.

Мамандардың айтуынша, нарық қатысушыларының мүдделері мен қажеттіліктері әртүрлі, әсіресе спот-сауда аясында. Сол себепті мемлекеттік органдардың рөлі баға қалыптастыруға немесе мәмілелер көлеміне тікелей араласу емес, нарық қатысушыларының әрекеттерінің ашықтығын және жауапкершілігін қамтамасыз етуде болуы тиіс.

Алдағы жылдары Қытай энергетикалық нарықты экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналдыруды жоспарлап отыр. Нарықтық механизмдер, цифрландыру және экологиялық басымдықтарды үйлестіру ресурстарды тиімді бөлуге ғана емес, сонымен қатар төмен көміртекті энергетикаға көшу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Қытайда толығымен жел энергиясымен жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы суасты деректер орталығының құрылысы аяқталғанын жазғанбыз.

Еске салсақ, ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов еліміздегі электр энергиясы бойынша тапшылық мәселесі 2 жылда толық шешілетінін айтқан.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2025 16:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see149

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see146

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see137

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see133

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see130

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see124

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see120

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see120

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see120

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see118

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see117

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see116

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

28 Шілде 2026 17:20see115

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see114

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

30 Шілде 2026 11:23see112

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

29 Шілде 2026 20:15see110

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

29 Шілде 2026 19:32see110

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

30 Шілде 2026 09:42see110

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

29 Шілде 2026 20:13see107

Шығыс жауһарлары жәрмеңкесі

30 Шілде 2026 09:06see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары