Қытайда референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды
Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де қазақстандық дипломаттар мен сайлау комиссияларының мүшелері Қытайдағы дауыс беру учаскелерінің ашылу салтанатын өткізіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады.
Фото: Берік Табынбаев / Kazinform
Қытайдың төрт қаласындағы учаскелерде дауыс беру Астана уақыты бойынша 04:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін) өтеді.
Фото: Берік Табынбаев / Kazinform
Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды толтыру учаскелік сайлау комиссиялары тарапынан жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады.
Фото: Берік Табынбаев / Kazinform
Дауыс беруге Қытай аумағында тұратын немесе уақытша жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады. Қытайдағы дауыс беру учаскелерінің мекенжайлары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған.
Еске сала кетсек, Оңтүстік Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар референдумда дауыс беруді бастады.
Сондай-ақ ең алғашқы дауыс беруші – Жапонияда оқитын студент Жібек Айдын болғанын жаздық.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Наурыз 2026 04:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















