Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

“Қызметтік бабымды пайдалануға ниетім жоқ“ әкім ұлының қатысуымен болған жол көлік оқиғасына қатысты

“Қызметтік бабымды пайдалануға ниетім жоқ“ әкім ұлының қатысуымен болған жол көлік оқиғасына қатысты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Арыс әкімі Қайсар Манқараев ұлының жол апатын жасағанын растады. Салдарынан 20 жастағы студент жарақат алып, екі аяғынан айырылды, деп хабарлайды тілші Tengrinews.kz.

Не болды

Жол апаты 29 мамыр күні кешкісін Астана – Павлодар тасжолында болды. 22 жастағы такси жүргізушісі тізгіндеген Hyundai Tucson темір қоршауға соғылған. Темір балка көлікті тесіп өтіп, алдыңғы жолаушылар отыратын орындық жағынан салонға кіріп кеткен. Оқиға орнынан түсірілген видео бұған дейін әлеуметтік желілерде тарады.

Үш адам зардап шекті. Ең ауыр жарақатты 20 жастағы студент Талғат Емел алды.

Сол күні ол Астанадан Павлодарға ата-анасына бара жатқан. Апат кезінде жас жігіттің бір аяғы жұлынып кетіп, екіншісі жаншылған, ауруханада дәрігерлерге оны да ампутациялауға тура келген.


Талғат Емел, фотоны туыстары ұсынған

"Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ аяғын сақтап қалу мүмкін болмады. Шұғыл ота кезінде екі аяғын да шап аймағына дейін кесуге мәжбүр болды. Ағамның айтуынша, соққыдан кейін есін жиғанда майдың иісін сезіп, көліктің өртенуі мүмкін екенін түсінген. Ол өздігінен көліктен шығуға күш тапқан. Оның сөзінше, сол сәтте жүргізуші оған көмектеспеген. Ол есеңгіреп қалғандай болып, шетте тұрған", - деді зардап шеккен студенттің әпкесі Гүлсім Абайілдинова Tengrinews.kz тілшісіне.

Олардың айтуынша, Талғат Емел клиникалық өлімді бастан кешіріп, көп қан жоғалтқан, бір айға жуық жансақтау бөлімінде жатқан, көптеген ота жасалған және әлі күнге дейін өмір үшін күресіп жатыр.

Жүргізуші үйқамақта

Кроссовер жүргізушісі ұсталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Павлодар облысының Полиция департаментінің ақпаратынша, сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соғуы" бойынша жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен жас жігіт үйқамаққа алынды.

"Біз тек әділдікті сұраймыз"

Зардап шеккен студенттің туыстары істі тергеу объективті болмауы мүмкін деп қауіптенеді. Олардың айтуынша, күдіктінің әкесі – Арыс қаласының қазіргі әкімі, бұл жағдай тергеу мен сот талқылауының барысына әсер етуі мүмкін деп есептейді.

"Біз Қайсар Манқараевтың (Арыс қаласының әкімі - ред. ескертуі) лауазымдық жағдайы ұлы жасаған жол апатын тергеу барысына әсер етті деп айтпаймыз. Дегенмен, дәл осындай істер ерекше қоғамдық бақылауда болуы тиіс деп санаймыз", - деді Гүлсім Абайілдинова.

Сондай-ақ ол жол апатына күдіктінің бұған дейін ЖҚЕ бұзғаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылғанын айтты.

"Тек кейінгі бір жыл ішінде бұл жүргізуші 29 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Адамның есебінде ондаған жол ережесін бұзу дерегі болса, бұл кездейсоқтық емес, қауіпті заңдылық. Егер жүйелі бұзушылықтарға уақтылы және қатаң реакция болғанда, бұл қасіреттің алдын алуға болар еді", - дейді зардап шеккен жігіттің әпкесі.

Зардап шеккеннің әпкесі екі отбасының кездесулері әзірге шығынды толық өтеу туралы талқылауға әкелмегенін айтады.

"Олар көптеген туысын ертіп келеді. Нақты көмекті талқылаудың орнына біз "жүргізушінің орнында кез келген адам болуы мүмкін еді" деген сөздерді естиміз. (...) Біздің Талғат бұдан былай ешқашан бұл қасіретке дейінгі өмірін сүре алмайды. Біз тек бір нәрсені сұраймыз: заң күдіктінің туыстарының лауазымына, байланыстарына, тегі мен мәртебесіне қарамастан бәріне ортақ болсын", - деп толықтырды зардап шеккеннің әпкесі.

Күдіктінің әкесі не деп жауап берді?

Tengrinews.kz тілшісіне күдікті такси жүргізушісінің әкесі – Арыс әкімі Қайсар Манқараевпен байланысудың сәті түсті. Ол жол апатын жасаған кроссовер рөлінде ұлы болғанын растады.

"Көлік тізгінінде ұлым болғанын растаймын. Ол кәмелетке толған азамат және өз іс-әрекеті үшін заңға сәйкес жеке жауап береді. Мен үшін және отбасым үшін бұл жағдай ауыр сынақ болды. Ең алдымен, ауыр жарақат алған жас жігітке, сондай-ақ оның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен жанашырлығымды білдіремін. Оған күш-қуат, тезірек сауығып кетуін тілеймін", - деді Қайсар Манқараев.

Ол болған оқиғаға байланысты өз өкілеттігін пайдалануы мүмкін деген болжамдармен келіспеді.

"Тергеу барысына немесе іс бойынша қабылданатын процесуалдық шешімдерге әсер етуге ешқандай әрекет жасамағанымды және жасамайтынымды жауапкершілікпен мәлімдеймін. Тергеуді уәкілетті мемлекеттік органдар тек заңнама талаптарына сәйкес жүргізуі тиіс және жүргізеді де. Заң бәріне ортақ. Бұл қағида менің отбасыма да бірдей дәрежеде қолданылады", - деді Арыс әкімі Қайсар Манқараев.

Зардап шеккен Талғат Емелдің туыстары Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінен істі тергеуді бақылауға алуды сұрайды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 15:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see136

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see135

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see132

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see127

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see121

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see120

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see118

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see116

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see115

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see113

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see112

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see112

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see109

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары