Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Олжас Бектенов: Агробизнес ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруы тиіс

8 жылдан кейін Алматыда Сайын көшесінің жаңа учаскесінде қозғалыс ашылды

Дәрігердің қабылдауына жазылу: тәртіп сақшылары алаяқтықтың тағы бір түрі шыққанын ескертеді

Болған ана шапаны

Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі өсті: министрлік мәлімдеме жасады

Басқа басылымдардан: Қазақстан аймақтық серіктестер қатарына қосылды

Бір айда 45 адам жемқорлыққа күдікті деп танылды

Қазақтың тазысы Италияда топ жарды

Атырауда тұрғын үйлерді заңсыз беру ісі бойынша сот үкімі шықты

Қазақстан құрамасы Армениямен тең ойнады

ТМД елдері жаңа буын спутниктік интернетке арналған ережелерді талқылады

Балқаш ауруханасында қайтарылған активтер есебінен ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді

Еңбек министрлігі: Жеткіліктілік шектерін көтеру болашақ зейнетақыны қорғауға бағытталған

Астанада екінші әуежайдың орны анықталғаны рас па?

Түркістандық оқушы шетелдің 80 нен астам оқу орнынан шақырту алды

Өртеңге шыққан отты өлең

Сарапшы: Зейнетақы ақшасы пәтер алуға немесе жөндеу жасауға арналмаған

Петропавлда ақшадан шыққан жанжал кезінде қызы шешесін өлтіріп алды

Ресейге қысым әлі де жалғасып жатыр Путин

Қараудың өзі ауыр алматылықтар метроның қызметтік итінің жағдайына наразы болды

Әл Фараби бойындағы жол көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істердің бірі тоқтатылды

Әл Фараби бойындағы жол көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істердің бірі тоқтатылды

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

әл-Фараби даңғылындағы жол апатына байланысты қозғалған қылмыстық істердің бірі тоқтатылғаны белгілі болды. Мән-жайды Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

әл-Фараби даңғылындағы жол апатына байланысты қозғалған қылмыстық істердің бірі тоқтатылғаны белгілі болды. Мән-жайды Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

Бұл қандай іс?

Мейірман Шекеев айыпталушымен трагедия алдында бірге болғандарға қатысты жеке іс қозғалғанын айтты.

"Айыпталушының қасында болған төрт адамға қатысты көрінеу жалған айғақ бергені үшін Қылмыстық кодекстің 420-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол ішімдік ішкенде бірге болғандар туралы сөз болып отыр", - деді ол.

Заңгердің пікірінше, Zeekr жүргізушісінің таныстары тергеуді шатастырмақ болып, күдікті мас болғанын жоққа шығарған.

"Бастапқыда бұл төртеуі күдікті А.П. мүлдем ішімдік ішпегенін айтқан. Алайда кейін медициналық сараптама қорытындысы шығып, басқа да дәлелдер табылды. Осыдан кейін тергеуші бұл эпизодты жеке өндіріске бөліп, материалдарды тергеуге жолдады", – деді ол.

Анықтама. 420-баптың 1-бөлігі "Соталды тергеп-тексеру барысында куәнің көрінеу жалған айғақтар беруі" бойынша 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ескерту: Айта кетейік, заңгер Мейірман Шекеев қаза тапқан 22 жастағы К.-ның отбасының мүддесін бұдан былай қорғамайды. 1 маусымда сотта қыздың анасы айыпталушыны кешіргенін және өз өкілдерінің қызметінен бас тартатынын мәлімдеді.

Кейінірек қалалық прокуратура әл-Фарабидегі жол апатын тергеу аясында көрінеу жалған айғақ беру дерегі бойынша полицияның қылмыстық іс қозғағанын растады.

Анықтама: ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабы 1-бөлігі: "Куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары не сарапшының, маманның сотта не соталды тергеп-тексеру барысындағы көрінеу жалған қорытындысы, сол сияқты аудармашының дәл осындай жағдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде жасаған көрінеу қате аудармасы", жазасы – алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру.

Дегенмен, ведомство істің кімге қатысты қозғалғаны және оған қанша адамның қатысы бар екені туралы мәліметтерді қоса алғанда, өзге ақпаратты жарияламады.

Іс неге тоқтатылды?

5 маусым кешке қарай жалған айғақ берді деп күдікке ілінген куәгерлерге қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын анықтадық.

Ішкі істер министрлігі полиция олардың әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық құрамын таппағанын хабарлады.

"Сауалда көрсетілген дерек бойынша Алматы қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 420-бабы 1-бөлігімен тергеу жүргізді. Тергеу қорытындысы бойынша 2024 жылғы 28 мамырда қылмыстық іс бойынша өндіріс қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", – деп хабарлады ІІМ редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Бұл ретте министрлік қабылданған шешімнің заңдылығын прокуратура тексеретінін нақтылады.

Бұған дейін қандай жайттар белгілі болды?

Адам өліміне әкеп соқтырған соқтығысу туралы негізгі істен бөлек, тергеу тағы екі қылмыстық істі зерттеді:

Қызметтегі әрекетсіздік. Күдікке Алматы қалалық Полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісі – полиция қызметкері ілінді. Тергеу мәліметінше, оның әрекетсіздігі адам өліміне әкеп соққан жол апатына себеп болуы мүмкін (370-баптың 4-бөлігі, 1-тармағы – "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік"). Бұл іс бойынша тергеу амалдары аяқталды. Билікті асыра пайдалану және "ерекше" мемлекеттік нөмірлер беру. Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті тыйым салынған мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілуі мүмкін екендігін зерттеп жатыр. Іс 362-баптың 1-бөлігі ("Билікті асыра пайдалану") бойынша тергелуде. Сөз болып отырғаны Zeekr жүргізушісінің 100 QR 02 нөмірі.

Анықтама: Қазақстанда мемлекеттік нөмірлер үшін тыйым салынған 106 әріптік тіркесімнің тізімі бар (оның ішінде SEX, USA, KNB, MVD, OPG, SOS және басқалары). ІІМ бұл серияларға Тіл саясаты комитетінің тілдік сараптамасы негізінде тыйым салған.

Жүргізушіге қандай айып тағылып отыр және оған қандай жаза тағайындалуы мүмкін?

Күдікті А. П. Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі "Алкогольдік масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша айыпталып отыр.

Анықтама: Бап санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Айыптау актісі

Алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқыды. Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушы А. П. – Zeekr 001 автокөлігінің иесі әрі жүргізушісі – рөлге мас күйінде отырған.

Сондай-ақ айыптау мәліметтеріне сәйкес, көлікте тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін 100 QR 02 нөмірі болған.

"Жүргізушіге көлікті тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін мемлекеттік нөмірлермен басқаруға тыйым салынады. Алайда сотталушы әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта жалған 100 QR 02 мемлекеттік нөмірі тағылған Zeekr 001 көлігімен келе жатып, шамамен сағат 3:30-да белгіленген жылдамдық режимін сағатына 80 шақырымнан асырып жіберген және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолданбаған. Осылайша ол жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына үнемі қауіп төндірген. Меңдіқұлов көшесімен қиылыста сотталушы қарсы бетке шығып кетіп, әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан", – деді прокурор.

Соқтығысу салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты: 1996 жылы туған Mercedes жүргізушісі, сондай-ақ оның 2003 және 2005 жылы туған екі жолаушысы.

Айыптау актісін оқу кезінде қаза тапқандардың туыстары көз жасына ерік берді.

Сотталушы қандай жылдамдықпен жүрген?

Сондай-ақ прокурор сотқа айыптаудың негізі болған ресми сараптамалардың қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, сотталушы жеңіл дәрежелі мас күйінде болған, ал соқтығысу алдында оның көлігінің жылдамдығы сағатына 219 шақырым болған.

Сотталушы өзіне тағылған айыптың мәнін түсінетінін мәлімдеп, БАҚ-та суреті мен анкеталық мәліметтерін жарияламауды сұрады. Сондай-ақ ол істі алқабилердің қатысуымен қараудан бас тартты.

ҚР ІІМ видеосынан кадр "Өз іс-әрекетімді ақтамаймын" – Zeekr жүргізушісі

Төрағалық етуші судья тараптардың басты сот талқылауын өткізу форматы туралы пікірін тыңдағаннан кейін, сотталушы А. П. қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, кешірім сұрады.

"Ешқандай сөз де, ешқандай іс-әрекет те жақындарыңызды қайтара алмайтынын түсінемін. Әр отбасына қаншалықты қайғы әкелгенімді білемін. Өз іс-әрекетімді ақтамаймын. Ештеңеге үміт артпаймын, ештеңеден дәметпеймін. Заңға сәйкес жазамды толық өтеуге дайынмын. Тек бостандыққа шығып, қолдан келгенше отбасыларыңызға көмектескім келеді. Өзімді кешірмеймін және сіздерді ұмытып кетпеймін. Кешіріңіздер", – деді ол.

Отырыс аяқталғаннан кейін журналистер қаза тапқандардың туыстарымен сөйлеспек болды, бірақ олар пікір беруден бас тартты. Қаза болған қыздардың бірінің отбасының ұстанымы туралы олардың өкілі Мейірман Шекеев егжей-тегжейлі айтып берді.

"Біздің тарап материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап арыз беру ниетінде. Біз моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге талап етеміз, өйткені адам өмірі баға жетпес құндылық. Сондай-ақ марқұм автокөлік сатып алу үшін несие алған болатын – қазір ата-анасы оны әлі де төлеп жатыр", – деді Шекеев.

Сондай-ақ Мейірман Шекеев қаза тапқандардың бірінің отбасы сотталушымен татуласуға келіскенін қосып өтті.

Әл-Фарабидегі қайғылы оқиғаның хронологиясы

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда ірі жол апаты болды: әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.

Mercedes маркалы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде ол мас болған.

Оған қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сонымен қатар мемлекеттік нөмір белгілері заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғады, бірнеше лауазымды адам қызметінен босатылды.

12 мамырда істі тергеу аяқталды. 28 мамырда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті.

Әлеуметтік желілерде жол апатына полиция қызметкері қатысқан көше жарысы себеп болуы мүмкін деген нұсқалар пайда болды, содан кейін тексерулер мен қызметтік тергеулер басталды. ІІМ Алматы ПД-ның бірқатар басшысын қызметінен шеттетті, олардың бірінің жүргізушісі ұсталды.

Дау салдары

Осыдан кейін 26 наурызда ІІМ мәлімдеме жасады. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен Алматы Полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.

Сондай-ақ ІІМ тергеудің жаңа мән-жайын хабарлады.

"Полиция департаменті басшылары бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызметтік тексеру де, қылмыстық істер де аясында медиа кеңістікте таратылып жатқан ақпаратты қоса алғанда, барлық жағдай егжей-тегжейлі тексерілетін болады", - деп хабарлады бұған дейін департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Сондай-ақ ол мемлекеттік нөмірлік белгілердің заңсыз берілгені туралы уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғағанын атап өтті.

Анықтама: ІІМ деректері бойынша, 2026 жылдың наурызына сәйкес, Қазақстанда мемлекеттік нөмір үшін тыйым салынған 106 әріптік тіркесім тізімі бар. Тыйым салынған сериялар ішінде: SEX, USA, KNB, MVD, OPG, SOS және басқалары бар. Ішкі істер министрлігінің мләмітеінше, тыйым 2018 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту комитеті жүргізген тілдік сараптамаға негізделген.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:57
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Маусым 2026 15:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Олжас Бектенов: Агробизнес ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруы тиіс

05 Маусым 2026 17:31see120

8 жылдан кейін Алматыда Сайын көшесінің жаңа учаскесінде қозғалыс ашылды

05 Маусым 2026 18:31see112

Дәрігердің қабылдауына жазылу: тәртіп сақшылары алаяқтықтың тағы бір түрі шыққанын ескертеді

05 Маусым 2026 19:12see112

Болған ана шапаны

06 Маусым 2026 10:00see112

Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі өсті: министрлік мәлімдеме жасады

06 Маусым 2026 15:45see111

Басқа басылымдардан: Қазақстан аймақтық серіктестер қатарына қосылды

06 Маусым 2026 09:50see111

Бір айда 45 адам жемқорлыққа күдікті деп танылды

06 Маусым 2026 03:01see110

Қазақтың тазысы Италияда топ жарды

06 Маусым 2026 22:57see108

Атырауда тұрғын үйлерді заңсыз беру ісі бойынша сот үкімі шықты

05 Маусым 2026 20:42see107

Қазақстан құрамасы Армениямен тең ойнады

06 Маусым 2026 22:08see106

ТМД елдері жаңа буын спутниктік интернетке арналған ережелерді талқылады

06 Маусым 2026 21:37see106

Балқаш ауруханасында қайтарылған активтер есебінен ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді

07 Маусым 2026 13:08see104

Еңбек министрлігі: Жеткіліктілік шектерін көтеру болашақ зейнетақыны қорғауға бағытталған

06 Маусым 2026 14:17see104

Астанада екінші әуежайдың орны анықталғаны рас па?

06 Маусым 2026 17:08see103

Түркістандық оқушы шетелдің 80 нен астам оқу орнынан шақырту алды

06 Маусым 2026 19:59see103

Өртеңге шыққан отты өлең

06 Маусым 2026 10:01see102

Сарапшы: Зейнетақы ақшасы пәтер алуға немесе жөндеу жасауға арналмаған

06 Маусым 2026 18:00see102

Петропавлда ақшадан шыққан жанжал кезінде қызы шешесін өлтіріп алды

07 Маусым 2026 15:10see102

Ресейге қысым әлі де жалғасып жатыр Путин

05 Маусым 2026 21:02see101

Қараудың өзі ауыр алматылықтар метроның қызметтік итінің жағдайына наразы болды

05 Маусым 2026 19:16see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары