Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Петропавлда хабар ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

Қазақстан қаңтарда Ресей порттарын айналып өтіп, шамамен 0,5 млн тонна мұнай экспорттады

Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі

Гүлмираның yoonee.ai платформасы

Қызылорда облысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды

Таза Қазақстан жауапты патриотизмнің негізі: Экологиялық қағидаттар жаңа Конституция жобасына енеді

Боран, жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды

Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?

Пәкістанда Президент Қасым Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

5 облыста су тасқынына қарсы күрес шараларын күшейту қажет болып тұр

Финляндияда әлемдегі ең үлкен Рунеберг торты пісірілді

Атыраудан Google ға дейін. Қазақстандық қыз әлемдегі ең жабық IT компаниялардың біріне қалай жол салды

Уақыт жаңғырығындағы үнсіздік

Әбу Дабиде Украина бойынша өткен кеңестің бірінші күнінде тараптар мәлімдеме жасамады

Театр ұжымы Конституцияда бекітілген нормаларды талқылады

Бозымбаев су тасқынына қарсы жұмыстарды 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды

Қазақстанда +17 градустан кейін күн күрт суытады

Ақтөбе облысында келінін зорлаған 53 жастағы ер адам сотталды

Сыртымнан ғайбат айта беріңіздер… : Жігер Ауыпбаев өзін сынағандарға жауап берді

Қазақстан неге Еуразияда үздік авиациялық хаб құра алмай отыр

Қызылорда облысы инфрақұрылым, инвестиция, спорт саласында қандай жетістікке қол жеткізді?

Қызылорда облысы инфрақұрылым, инвестиция, спорт саласында қандай жетістікке қол жеткізді?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қызылорда облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, ірі инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндады.

«2022-2024 жылдары облыс экономикасына 1 триллион 600 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. Биылға 631 миллиард 400 миллион теңге жоспарланған. Бүгінде жаңа жобаларды іске қосу арқылы инвестиция 750 миллиард теңгеден асып, жоспар артығымен орындалды.

2021 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 233 пайыз артса, жеке инвестиция үлесі – 70 пайыз.

Экономиканы әртараптандыруда алдағы жылдары 2,8 триллион теңгенің 98 инвестициялық жобасы жоспарланған.  Бұл 12 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Биыл 300 млрд  теңгеден астам қаржыға 27 инвестициялық жоба іске қосылды.

Шілде айында 5 миллиард теңгеге «Қызылорда Саз-М» серіктестігінің  толық автоматтандырылған кірпіш зауыты ашылды. Зауыт жылына 90 миллион кірпіш шығарып, жергілікті құрылысқа қажетті сұраныстың 90 пайызын қамтамасыз етеді.

«Қызылорда нан» серіктестігінің нан өндіру кешені іске қосылды. Кешеннің жалпы құны 5 миллиард 600 миллион теңге болатын нан-тоқаш, кондитерлік-макарон өнімдерін (жалпы қуаттылығы 7,8 мың тонна) шығаратын 4 цехы жұмыс істеуде.

Бұдан бөлек, 753 миллиард 300 миллион теңгеге  14 ірі жобаның құрылысы басталуда. Оларды атап өтсек, 414 миллиард 700 миллион теңгеге «Шалқия» кен-байыту фабрикасы, 161 миллиард 400 миллион теңгеге кальцийленген сода зауыты, 60 млрд  теңгеге «Севен Риверс» компаниясының бөтелке шығаратын зауыты, 37 миллиард  800 миллион теңгеге оңтүстіккореялық «Уиз Ю» компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтар өңдеу зауыты.

«Табиғи тас Қызылорда» серіктестігінің 17 миллиард 300 миллион теңге қаржы салынған, қуаттылығы жылына 1 миллион 100 мың тонна әк шығаратын зауыты келесі жылы іске қосылады (92 жұмыс орны құрылады).

Өткен аптада ғана испандық «Рока групп» компаниясымен жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын жоғары технологиялық зауыт салу жөнінде инвестициялық келісімге қол қойылды. Елімізде салынатын алғашқы зауыттың құны 44 миллиард  теңге, 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

«Ориент Керамик» компаниясы 27 миллиард теңгеге керамикалық тақтайша шығару жобасын іске асырса, «Фабе-Агро» компаниясы 134 миллиард 500 миллион теңгеге  жылыжай салады.

Өңірде аграрлық-индустриялық кластер құру мақсатында 51 миллиард теңгеге швейцариялық «Харвест Агро» компаниясының  техникалық қарасора, жүгері мен соя өсіретін, қайта өңдейтін зауытының және 40 млрд  теңгеге  жүгері дақылын терең өңдейтін крахмал-сірне зауытының құрылысы басталды.

Үкімет қаулысымен мамыр айында Қызылорда қаласында аумағы 550 гектар «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылды.

Аймаққа өндірістік нысандарды орналастыру мақсатында отандық, шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Бұл жерде өңіріміздің өнеркәсіптік- логистикалық әлеуетіне сәйкес келетін экономикалық қызметтің 18 түрі іске асады. Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары басталуда.

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНДЫ

Мемлекет басшысының қолдауымен  AKSA Energy түрік компаниясы Қызылорда қаласында 215 млрд  теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығын салды. Орталыққа бюджет есебінен 15 млрд теңгеге 45 шақырым газ құбыры жүргізілді. Ауқымды жоба жайында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтегі баяндамасында айтылды.

«Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған теңдессіз жоба.  Жаңа орталық 240 мегаватт электр қуатын, 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Электр энергиясымен өңірімізді ғана қамтамасыз етіп қоймай, бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік туады, – деді Н.Нәлібаев.

Еске салсақ, жаңа жылу-электр орталығының жобалау құжаттары 2023 жылы әзірленіп, 2024 жылы құрылысы басталды.

Инвестициялық шартқа сәйкес стансаның іске қосылуы 2026 жылдың тамыз айына белгіленген. Мемлекет басшысының тікелей бақылауында болғандықтан, станса уақытынан бұрын пайдалануға берілді.

Бүгінде 176 мегаватт электр энергиясын шығаратын газ турбинасы қосылды. Келесі жылдың басында бу турбинасы іске қосылып, қосымша 95 МВт электр энергиясы өндірілмек.

Кейінгі жылдары тұрғындарды электр энергиясымен тұрақты қамту бағытында 24 миллиард 200 миллион теңгеге 71 жоба жүзеге асып, тозған желілер 60,8 пайыз төмендеді.

Мемлекет басшысының Қатар сапарында жасалған келісімнің  нәтижесінде қуаттылығы 1 100 МВт-тық бу-газ қондырғысын жобалау жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 250 гектар жер телімі бөлінді. Жобаның техника-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.

Жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған», «Қызылорда-Шымкент» жоғары қуатты 500 кВт электр желілері салынады. Оған қоса, 1,5 мың шақырымдық «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының екінші желісі жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 3 триллион теңге, оның 1,7 триллион теңге болатын 846 шақырым газ құбыры облыс аумағынан өтеді.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ  48,6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ 43 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірдің барлық ауданында 10 миллиард 763 миллион теңгеге 28 медициналық нысан салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев айтты.

«Қызылорда қаласында 36 миллиард 400 миллион теңгеге 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы қарқын алды, 5 миллиард 400 миллион теңгеге 4 аудандағы орталық ауруханалар жанынан қосымша ғимараттар салынды. Шиелі ауданында 2 миллиард 300 миллион теңгеге бой көтерген жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараты ел игілігіне табысталды. Құрылысына 2 миллиард 200 миллион теңге бөлінген дәл осындай жаңа нысан жақын күндері Арал ауданында ашылады. Бұрын-соңды өз ғимараты болмаған Қан орталығы бүгінде жаңадан салынған нысанда халыққа қызмет көрсетуде.

Оған қоса, Үкімет облыс орталығында 48 миллиард 500 миллион теңгеге 200 орындық перинаталдық орталық, 14 миллиард 780 миллион теңгеге 500 орындық емхана салуға тиісті қаулы қабылдады. Құрылыс жұмыстары жақын күндері басталады. Тағы бір 400 орындық  емхана салу жоспарлануда.

Халық сұранысына сәйкес, соңғы 2 жылда жергілікті бюджеттен бөлінген 5 миллиард 400 миллион теңгеге 225 жаңа санитарлық автокөлік, 45 жедел жәрдем көлігі алынып, барлық елді мекендегі денсаулық сақтау ұйымдарына табысталды», – деді Н.Нәлібаев.

Кейінгі жылдары 24 медициналық нысан 6 миллиард теңге қаржыға күрделі жөндеуден өткізілді, 15 миллиард теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Жабдықталу деңгейі 2022 жылғы 83,2 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 87,4 пайызға артты (республикада 85,6 пайыз).

Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін мамандар біліктілігін арттыру мәселесі ұдайы назарда. Халықаралық байланыстың артуы мамандардың тәжірибе алмасуына жол ашты. Өткен жылы 15 дәрігер Түркияның жетекші медициналық клиникасында білім жетілдірді. Биыл 41 медицина қызметкері Германия, Ресей, Литва, Беларусь елдеріндегі үздік клиникаларда біліктілік арттырды.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 21 СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРДІ

Мемлекет басшысының аймақтарда спорт инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде стадиондар мен спорт кешендерінің санын көбейту тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында жаңа стадион салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев айтты.

«УЕФА-ның ІV санатты сертификатын алған 11 мың орындық заманауи нысанда  ауқымды спорттық шараларды өткізуге барлық мүмкіндік бар. Жаңа стадион 4 қазан күні футболдан Қазақстан кубогының финалдық ойынымен ашылды.

Аймағымызда халықтың барлық санатының бұқаралық және кәсіби спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Соңғы 3 жылда 21 спорт кешені бой көтеріп, ел игілігіне табысталды.

Облыс орталығындағы ірі жобалардың бірі –  аумағы 25 мың шаршы метр,  құны 20 миллиард 500 миллион теңге болатын көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешені. Бүгінде кешеннің құрылыс алаңындағы жұмыс қарқынды.

«Самұрық Қазына Траст» қорымен бірлесіп салынған «Теннис орталығы», «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері ел игілігіне табысталды. Қордың демеушілігімен тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Нысан жақын күндері пайдалануға беріледі», – деді Н.Нәлібаев.

Айта кетейік, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен орнатылған 80 спорт-ойын алаңы ел игілігіне айналды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 5 спорт кешені бой көтеріп келеді.

Бүгінде облыста 1 538 спорт ғимараты бар, саланы қарқынды дамытуға ұлттық компаниялар, қорлар және жергілікті кәсіпкерлер де белсенді атсалысуда.

Соның бірі –  Samruk Kazyna Trust  әлеуметтік жобаларды қолдау қорымен бірлескен, Қызылорда қаласының сол жағалауына 3 миллиард 400 миллион теңгеге салынған «Теннис орталығы».

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының демеушілігімен 2 миллиард 900 миллион теңгеге ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Аталған қордың көмегімен осы жылы Шиелі және Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері салынып, ауыл тұрғындарына табысталды.

Қазақстан футбол федерациясының «Алаң» бағдарламасымен 2024 жылы Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы алаңы қайта жаңғыртудан өткен болатын. Осы жылы да федерация қолдауымен Жалағаш ауданының орталық стадионы күрделі жөндеуден өтіп, аудан жұртшылығы мен спортшыларына пайдалануға берілді.

Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы – облыс әкімінің қолдауымен жеке теңгерімдегі «Тарлан» спорт кешені басқарма меншігіне беріліп, «Қызылорда ерлер және әйелдер бокс клубы» болып ресми түрде ашылды. Ғимарат демеушілер есебінен күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай толық жаңғыртылды. 

Осылайша, халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтылу көрсеткіші 56,5 пайызға жетті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:31
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Желтоқсан 2025 15:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Петропавлда хабар ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

03 Ақпан 2026 22:53see115

Қазақстан қаңтарда Ресей порттарын айналып өтіп, шамамен 0,5 млн тонна мұнай экспорттады

04 Ақпан 2026 12:08see113

Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі

04 Ақпан 2026 08:50see113

Гүлмираның yoonee.ai платформасы

04 Ақпан 2026 08:23see113

Қызылорда облысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды

03 Ақпан 2026 19:56see112

Таза Қазақстан жауапты патриотизмнің негізі: Экологиялық қағидаттар жаңа Конституция жобасына енеді

04 Ақпан 2026 14:32see112

Боран, жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды

04 Ақпан 2026 00:06see112

Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?

04 Ақпан 2026 15:30see110

Пәкістанда Президент Қасым Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

04 Ақпан 2026 13:45see107

5 облыста су тасқынына қарсы күрес шараларын күшейту қажет болып тұр

04 Ақпан 2026 17:42see107

Финляндияда әлемдегі ең үлкен Рунеберг торты пісірілді

04 Ақпан 2026 23:15see106

Атыраудан Google ға дейін. Қазақстандық қыз әлемдегі ең жабық IT компаниялардың біріне қалай жол салды

04 Ақпан 2026 15:03see105

Уақыт жаңғырығындағы үнсіздік

05 Ақпан 2026 08:50see105

Әбу Дабиде Украина бойынша өткен кеңестің бірінші күнінде тараптар мәлімдеме жасамады

04 Ақпан 2026 23:15see105

Театр ұжымы Конституцияда бекітілген нормаларды талқылады

05 Ақпан 2026 13:29see104

Бозымбаев су тасқынына қарсы жұмыстарды 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды

04 Ақпан 2026 20:48see104

Қазақстанда +17 градустан кейін күн күрт суытады

04 Ақпан 2026 12:05see104

Ақтөбе облысында келінін зорлаған 53 жастағы ер адам сотталды

05 Ақпан 2026 13:04see104

Сыртымнан ғайбат айта беріңіздер… : Жігер Ауыпбаев өзін сынағандарға жауап берді

04 Ақпан 2026 00:27see103

Қазақстан неге Еуразияда үздік авиациялық хаб құра алмай отыр

05 Ақпан 2026 09:02see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары