Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қызылқұм арқары мен еуропалық құндыз азайып барады: Сирек кездесетін жануарлар қалай қорғалады?

Қызылқұм арқары мен еуропалық құндыз азайып барады: Сирек кездесетін жануарлар қалай қорғалады?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Соңғы 20 жылда еліміз биоалуантүрлілікті сақтауда айтарлықтай жетістіктерге жетті деп санайды ғалымдар. Сирек жануарлардың саны көбейіп, шамамен 1 млн гектар жаңа табиғи аумақтар құрылған. Қазіргі кезде құлан, Пржевальский жылқысы мен жолбарыс түрлерін қайта жерсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Бұл бағытқа Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы ауқымды үлес қосып отыр. Ұйым 200-ден астам табиғат қорғау және ғылыми жобаларды жүзеге асырып, мемлекет пен халықаралық ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың негізгі серіктестерінің біріне айналды.

Еліміздегі биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылым жөніндегі директоры Сергей Скляренконың сөзінше, соңғы 20 жылда аталған ұйым елімізде сирек түрлерді сақтау және табиғи экожүйелерді қалпына келтіру бойынша аймақтық көшбасшылардың біріне айналған.

«Ауқымды жобалар нәтижесінде киіктер саны соңғы елу жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетіп, шамамен 4 млн басқа дейін көбейсе, құлан (4,5 мыңға жуық дарақ), арқар, бұқар бұғысы, жейран, қар барысы және Тянь-Шань қоңыр аюының популяциясы қалпына келіп жатыр. Бұл жетістіктерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісінің кеңеюі де зор ықпал етті. 2018 жылдан бері «Бөкейорда» және «Іле-Балқаш» қорықтары, сондай-ақ «Ұлытау» және «Тарбағатай» ұлттық парктері құрылды. Жаңа табиғи аумақтардың жалпы көлемі 1 млн гектардан асты. «Барсакелмес» қорығының аумағы ұлғайтылып, жаңа қорғалатын аймақтардың жобалау жұмыстары жалғасып жатыр. Табиғатты қорғау ісіне мемлекеттік органдармен қатар 30-дан астам үкіметтік емес ұйым белсенді қатысады. Құрылғаннан бері 200-ден астам жобаны жүзеге асырған қауымдастық Қостанай облысындағы жалпы аумағы 423 мың гектар болатын екі аңшы шаруашылығына басшылық етеді. Мұнда тек ғылыми зерттеулер мен табиғатты қорғау шаралары жүргізіледі. Аң аулауға тыйым салынған», дейді ол.

Айтуынша, «Алтын Дала» резерваты аумағында тұяқтыларды – құлан мен Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіруге арналған орталық жұмыс істейді. Орталықтың жалпы аумағы 150 гектарға жуық төрт қора-жайдан тұрады. Бұл Алматы зообағының аумағынан 5 есе үлкен. 2018 жылдан бастап құландар әуелі әуе көлігімен, ал былтырдан бастап жер үсті көлігімен тасымалданып жатыр. Бұл бір мезетте 20-дан астам жануарды жеткізуге мүмкіндік береді.

Биыл кезекті топ табиғатқа жіберіліп, келесі топ дайын тұр. Алғашқы рет Пржевальский жылқылары былтыр әкелініп, биыл табиғи ортаға жіберілген. Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы әлемнің 127 ұйымын біріктіретін Birdlife International халықаралық құс қорғау альянсының мүшесі. Қауымдастық еліміздегі 127 маңызды орнитологиялық аумақта түгендеу жұмыстарын жүргізіп, «Алтын дала», «Ырғыз-Торғай» резерваттары, «Ұлытау» ұлттық паркі және бірқатар қорықтар мен экологиялық дәліздерді («Ырғыз-Торғай-Жыланшық», «Қапшағай-Балқаш») құрудың негіздемесін дайындады. Әлемде алғаш рет киіктерді жерсеріктік таратқыштармен таңбалау әдістемесі әзірленіп, олардың жыл бойғы қоныс аудару қозғалысы бақыланып отырды.

Мұндай зерттеулер сирек құстарға, соның ішінде тарғақтарға да жүргізіліп, олардың көші-қон жолдары алғаш рет анықталып отыр. Сонымен қатар елімізде көктемгі аңшылықты тоқтату бойынша ғылыми негіздеме әзірлеуге қатысып, оның нәтижесінде аңшылық төрт жылға тоқтатылды. 2021 жылы сирек кездесетін және қорғауға алынған түрлер тізіміне Пржевальский жылқысы мен қабылан енгізілді. Қауымдастық қазір халықаралық құстардың ұшу жолдары бойындағы түрлерді сақтау, инфрақұрылымның жабайы табиғатқа әсерін азайту, киіктерге арналған экологиялық өткелдер салу және қалалық табиғатты, соның ішінде Астанадағы Талдыкөл көлін қорғау жобаларын жүзеге асырып жатыр.

2008 жылдан бері Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен, Франкфурт зоологиялық қоғамымен, Fauna & Flora International және Ұлыбританияның Құстарды қорғау корольдік қоғамымен бірлесіп, «Алтын дала» табиғат қорғау бастамасын жүзеге асырып келеді. Оның мақсаты – еліміздің бірегей дала экожүйелерін сақтау және киік, құлан мен Пржевальский жылқысын қалпына келтіру. Алайда жетістіктерге қарамастан, кейбір түрлердің жойылып кету қаупі бар. Сүтқоректілер арасында Қызылқұм арқары мен еуропалық құндыз азайып барады. Құстардың ішінде сүйір тұмсықты шалшықшы жойылып кетуі мүмкін, ал балобан сұңқарының саны заңсыз аулау мен шетелге шығарылу салдарынан 80 жылдармен салыстырғанда 10 есе азайған. Амфибиялар арасында Жетісу бақатісінің жойылу қаупі бар.

«Соған қарамастан, қалпына келтіру жобалары қуантарлық нәтиже беріп отыр. ХХ ғасырдың ортасында жойылып кеткен құлан қайтадан Қазақстан даласына оралып, бүгінде оның саны 4,5 мыңнан асты. Пржевальский жылқысын және жолбарысты қайта жерсіндіру басталды. Іле өзенінің төменгі ағысында экожүйені қалпына келтіру үшін жағдай жасалып, алғашқы жолбарыстар мен олардың қорек болатын жануарлары әкелінді», деді өтті Сергей Скляренко.

Мемлекет, бизнес және ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастық осы бастамалардың табысты болуында шешуші рөлге ие. Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен, «ПО Охотзоопром» кәсіпорнымен, халықаралық ұйымдармен және жеке серіктестермен жүргізіп жатқан жұмысы нәтижесін беріп жатыр. Алдағы жылдары басты басымдық жол құрылысы кезінде жабайы жануарлардың көшу жолдарын сақтау, энергетика нысандарында құстар мен аңдардың қырылуын болдырмау, табиғи аумақтар желісін дамыту және заңнаманы күшейтуге беріледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 18:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары